Жаңа сабақтар

Әнет баба «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешенд ік сөзі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылы

№ 193 ЖОМ. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Дүйсенова Турсуной Утебаевна

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ Қазақ әдебиеті
Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Әнет баба «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөзі
Күні: 19.09. 2021 жыл.
Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсенова Турсуной Утебаевна
Мектеп: №193 ЖОМ
Бөлім атауы Атадан қалған асыл сөз
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Т/Ж: 9.1.2.1- әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;

А/И: 9.2.4.1- автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Әнет бабаның «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөзінің мазмұнын біледі, шешеннің мұраларынан деректер айта алады, сұрақтарға жауап беріп, мысалдар келтіре алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шешендік сөздегі психологизмді анықтап, мәтінде айтылған шешендік сөздерге сипаттама бере алады, ойларын талдап түсіндіреді, өз дәлелдерін ұсынады, шешендік сөздің идеясын аша алады.

Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: автор стиліне сүйене отырып, шешендік сөздегі ең өзекті мәселені бүгінгі күнмен байланыстырып, шығармашылық жұмыс орындай алады, өз болжамдарын ұсына алады.

Бағалау критерийлері әдеби шығармадағы психологизмді анықтай алады, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жаза алады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:

Әнет бабаның «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөзінің мазмұнын біледі, шешеннің мұраларынан деректер айта алады, сұрақтарға жауап беріп, мысалдар келтіре алады, шешендік сөздегі психологизмді анықтап, мәтінде айтылған шешендік сөздерге сипаттама бере алады, ойларын талдап түсіндіреді, өз дәлелдерін ұсынады, шешендік сөздің идеясын аша алады, автор стиліне сүйене отырып, шешендік сөздегі ең өзекті мәселені бүгінгі күнмен байланыстырып шығармашылық жұмыс орындай алады, өз болжамдарын ұсына алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ғайып- әдеби тілде жоқ болды, ұшты- күйлі жоғалды деген ұғымды білдіреді. Бұл жерде: кенет, аяқ астынан, жоқ жерден деген мағынада.

Нақақ — сын есім. Бұл жерде: таза, бостан-бос, жазықсыз.

Несібе – зат есім. Бұл сыбаға, ризық, үлес, нәсіп, ырыс.

Даусыз- талассыз, шүбәсіз, күмәнсіз.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Арсыз, қадірсіз бала; Ата- бабадан қалған ескі жұртты бұзу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Әнет баба Кішікұлының өмірі мен шешендігі жайлы не білесіңдер?

2. Неліктен Әнет бабаны бидің биі атаған?

3. Әнет бабаның есімін тағы қандай шығармадан кездестірдіңдер?

4. Күлтөбеге жиналған ел Әнет бабаға қандай сауал қойды?

5. Әнет бабаның айтқан мәселелерінің қайсысы бүгінгі күнде ең өзекті деп ойлайсыңдар?

6. Егер Әнет баба ХХІ ғасырда өмір сүрсе, үш жаман дегенге не айтар еді деп ойлайсыңдар?

Ишара: мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту.
Алдыңғы оқу: Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері
Құндылықтарға баулу: «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Құрмет. Тілге құрмет.
Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы, қазақ тілі
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

( 7 мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу. Түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық ахуал орнату.

«Жүрек лебізі» әдісі арқылы орындалады.

Орындалу шарты: шаттық шеңберінде тұрған әр оқушы қоржынның ішінентілек жазылған қағазды алып оқиды да жанында тұрған оқушыға сыйлайды.

ІІІ.Топқа бөлу.

Орындалу шарты: оқушылар алған тілек қағаздарының түсіне қарай топқа бөлініп отырады.

І топ «Ақыл» (қызыл түс)

ІІ топ «Жүрек» (сары түс)

ІІІ топ «Тіл» (жасыл түс)

ІV. Үй тапсырмасы.

Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздерін оқу, «Мөңке бидің болашақты болжауы» толғауын жатқа айту, сұрақтарға жауап беру.

«Ашық микрофон» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқушыларға ұсынылатын сұрақтар:

  1. Мөңке кім?
  2. Құн алу, бітімге келу, билік айту деген ұғымдардың мағынасын ашып бер.
  3. Мөңке бидің болашақты болжауы бүгінгі күнмен үндеседі ме?
  4. Майқы бидің шешендік өнерін қалай бағалар едің?
  5. Майқы би мен Шыңғыс ханның арасындағы әңгіме не туралы болды?
  6. Майқы бидің нақыл сөздері бүгінгі күнге керек пе?

Дескриптор:

  • Шешендердің өмірі мен шығармашылығын біледі.
  • Толғауды мәнерлеп жатқа айта алады.
  • Сұрақтарға жауап бере алады.

ҚБ «Геометриялық фигуралар» әдісі арқылы бағалау.

Орындалу шарты: жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш қиындыларын сабаққа қатысу деңгейіне қарай тарату.

Интербелсенді тақта

Қазақ әдебиеті оқулығы

9- сынып Алматы.

«Мектеп» баспасы, 2019 жыл

29-33-бет

  • тамаша

жақсы

талпын

Сабақтың ортасы

( 28 мин)

«Суреттер сөйлейді» әдісі

Орындалу шарты : суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.

Әнет баба «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..»

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқушыларға Әнет бабаның «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөзі туралы қысқаша таныстырып кетемін.

Тыңдалым.

Әнет баба туралы деректі бейне жазба арқылы өмірі мен шығармашылығын тыңдату.

Тыңдалымнан кейін жүзеге асатын жұмыс.

Оқылым.

Оқулықтағы Әнет бабаның «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөзін оқыту.

Айтылым.

1- тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, сұрақтарға жауап беру.

«Блум түймедағы» әдісі арқылы жүзеге асады.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнына сай сұрақтар құрастыра алады.
  • Сұрақтарға нақты жауап бере алады.

ҚБ Асық арқылы бағалау.

Жазылым.

2 – тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Кесте

толтыру.

Орындалу шарты: әр топ кестедегі ажал, қонақ, несібе сөздерінің біріне сипаттама беру, Әнет бабаның неліктен ғайып деп атағандығын талдау.

Дескриптор:

  • Кестеде берілген сөздерге сипаттама бере алады.
  • Ғайып сөзіне талдау жасай алады.

ҚБ Асық ұсыну арқылы бағалау.

Жұптық жұмыс

3 – тапсырма. Мәтіннен кейіпкерлердің образын табу, образға ене отырып оқу.

Дескриптор:

  • Мәтіннен кейіпкерлердің образын таба алады.
  • Образға ене отырып оқи алады.

ҚБ Күлегештер бейнесі арқылы бағалау.

Сергіту сәті.

«Қазақстанға қош келдіңіз!»

Қазақстанның таулары биік.

Көлдері терең.

Гүлдері жайқалған

Қазақстанға қош келдіңіз!

Орындалу шарты: қол қимылы арқылы биіктікті, тереңдікті, жайқалғандығын көрсетіп, жанында тұрған оқушымен құшақтасып, амандасады.

4 – тапсырма. Жеке жұмыс.

Мәтіндегі астарлы сөздердің мәнін түсіну, астарлы сөздермен мәндес мақал- мәтелдер, тұрақты тіркестер жазу. Тапсырма «Күннің шуағы» әдісі арқылы орыңдалады.

Дескриптор:

  • Сөздің астарын түсінеді.
  • Астарлы сөздермен мәндес мақал- мәтелдер, тұрақты тіркестерді жаза алады.

ҚБ Асық ұсыну арқылы бағалау.

5- тапсырма. Жеке тапсырма.

Эссе жазу.

Тақырыптан ауытқымай көркем тілмен жазу, ойын нақты дәлелдермен жеткізу.

Тақырыбы «Арсыз, қадірсіз бала»

Дескриптор:

  • Тақырыптан ауытқымай, ойын дәлелмен жеткізе алады.
  • Эссе құрылымын сақтап жаза алады.

ҚБ Бағалау парағы арқылы бағалату

Оқушының аты- жөні Тақырыпашылған, дәлел бар Сауат-ты жаза алған. Бағалау

10 балл,

9 балл

«5»

8 балл,

7 балл

«4»

6 балл,

5 балл

«3»

4балл

«2»

Youtube.com

Қазақ әдебиеті оқулығы

9- сынып Алматы.

«Мектеп» баспасы, 2019 жыл

32-бет

Қазақ әдебиеті оқулығы

9- сынып Алматы.

«Мектеп» баспасы, 2019 жыл

32-бет

Сабақтың соңы

( 5 мин)

Кері байланыс

«Сабақтағы проблемалар» кестесі

Қиындықтар Себебі Ұсыныс, пікір, тілек

Үйге тапсырма: «Ата- бабадан қалған ескі жұртты бұзу» эссе жазу, үш санмен байланысты қасиетті ұғымдарға зерттеу жүргізу.

Рефлексия

«Табыс ағашы»

Орындалу шарты: әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазу.

Қазақ әдебиеті оқулғы

9- сынып,

33-бет

Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? 1.Пәнаралық байланыс

2.Денсаулық және қауіпсіздік

3. АКТ-мен байланыс

4.Құндылықтармен байланыс.

Тақырып бойынша саралау шараларын қолдандым. Қолдауды көп қажет ететін «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тақырыпты өз бетінше ашуына, өмірі жайлы білуіне, Әнет бабаның «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөзін оқуға, мазмұнын айтуға, сұрақтарға жауап бере алуына қолдау жасаймын.

Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға шешендік сөздегі психологизмді анықтап, «Блум түймедақ» әдісі арқылы сұрақтар құрастыру, сұрақтарға жауап беру арқылы шешендік сөздің идеясын аша алуға мүмкіндік жасаймын.

Қолдауды қажет етпейтін шешендік сөздегі өзекті мәселені бүгінгі күнмен байланыстырып, эссе жазуына, өз болжамдарын ұсына алуына ықпал етемін.

Сабақ барысында әдеби шығармадағы психологизмді анықтай алған, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жаза алған оқушыларды бағалауды жоспарлаймын. Әр тапсырмаларды орындап болған соң оқушылардың жетістіктерін мадақтау, қошеметтеу, «Геометриялық фигуралар»,«Күлегештер бейнесі», «Асық ұсыну», «Бағалау парақшасы» сияқты қалыптастырушы бағалау түрлерімен бағалаймын. 1. Сабақта Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндерімен пәнаралық байланыс болды.

2. Оқушылардың денсаулығына кері әсер ететін тапсырмалар болмады, денсаулық және қауіпсіздік шаралары сақталды.

3.Сабақ барысында интербелсенді тақтамен жұмыс болды.

4.Сабақтың тәрбиелік мәні ретінде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарының бірі – «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» басшылыққа алынды.

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар нені білді?

Сыныптағы ахуал қандай

болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Сабақ барысында оқу мақсаты мен оқу міндеті орындалып, мақсатыма жеттім.

Әнет бабаның өмірі мен шығармашылығы туралы білді, «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?..» шешендік сөзінің мазмұнын түсінді, шешендік сөздің идеясын ашты, бүгінгі күнмен байланыстырып, шығармашылық жұмыс орындай алды.

Оқушылар белсенділік танытып, ұйымшыл болды, бір- біріне көмек бере алды, тапсырмаларды тиянақты орындады.

Тапсырмаларды оқушылардың деңгейлері мен мүмкіндіктеріне қарай түрлендіріп беру олардың белсенділіктерін арттырып, тиімді болды.

Уақытты тиімді пайдалана алдым, себебі тиімді әдістер арқылы тапсырмаларды кедергісіз орындай алуына мүмкіндік бердім.

Сабақ жоспарына өзгерістер енгізбедім, өйткені мақсаттар мен бағалау критерийлері тақырыпқа сай құрылған, мен сабақ мақсатына жеттім.

Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

«Блум түймедағы» мен «Ашық микрофон» әдістері нәтижелі болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
«Күннің шуағы» мен эссе жазу оқушылардың көркемдік тілі мен ойын шыңдады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.