Жаңа сабақтар

Шындалиева Гулнара Аманкельдиевна

Түркістан облысы. Жетісай ауданы №55 «Жеңістің 50 жылдығы»жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шындалиева Гулнара Аманкельдиевна

Тәуелсіздік алғаннан бастап білім беру жүйесіндегі өзгерістер.

Аннотация/ Аңдатпа

Бұл мақалада заманауи оқу жүйесі жайлы айтылған. Заманауи білім берудегі тенденциялар мен инновациялары жайлы мәліметтер қамтылған.

Кілттік сөздер: Заманауи, тенденциялар, инновациялар.

Аннотация

В этой статье рассказывается о современной системе обучения. Содержит информацию о тенденциях и инновациях в современном образовании.

Ключевые слова: современность, тенденции, инновации.

Annotation

In this article, we will talk about the modern educational system. It contains information about trends and innovations in modern education.

Key words: modernity, trends, innovations.

Елбасымыздың Жолдауында : «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» — деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын оқытушы жауапкершілігінің өсуі, танымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.

«Бaлa oқытудың жұмыcы шиpaқ, жiгepлi, қызу бoлғaны дұpыc» Ж.Aймaуытoв

Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе білім беру, ғылымды дамыту. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін қарқынды түрде технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Ол үшін ең бірінші мұғалімнің ұстанымы мықты болу керек, оқыту үдерісінде қалыптасқан дағды мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалім өз жұмысында арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, тәрбие салаларының қазіргі заманғы жаңашылдықтарын да қамтуы тиіс болғандықтан онан үлкен дайындық (педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық) талап етіледі.

Инновация – ол құрал және үдеріс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация өздігінен пайда болмайды, ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан, ол басқаруды қажет етеді, ал процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар − озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады. Озық педагогикалық тәжірбиенің негізі болып есептелетін жаңашылдықты зерделеу − педагогикалық тәжірибелерді теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты.

Инновациялық үдеріске жаңалықты жинақтау мен тарату ғана емес, ойлау және осы жаңалыққа қатысты өзгерістер мен қайта құру да жатады. Демек, бұл прогрессивті, озық, заманауи, оң үдеріс. Алайда, білім беру ісіне жаңалықты ендіру үдерісі – мұғалімнің әлеуетіне тікелей байланысты.

Қазіргі білім беру, қоғамдық даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығына қажеттілік бірқатар жағдайлармен айқындалады. Біріншіден, білім беру мазмұнына талаптың күшеюі, қоғамда жүріп жатқан өзгерістер білім беру жүйесін, оның әдістемесін, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Бұл жерде педагогикалық білімнің рөлі мен белсенділігі басымдықта болып отыр.

Екіншіден, ұстаздардың өз қызметінде жаңалықты игеру және қолдануға деген көзқарасының өзгеруі. Егер бұрынғы уақытта жоғарыдан ұсынылған жаңалықтарды қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта барынша зерттеушілік, ізденгіштік сипат ала бастады. Сондықтан да білім беру ұйымы басшыларының маңызды шараларының бірі – мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.

Үшіншіден, білім беру ұйымдарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.

Педагогтың инновациялық қызметке дайындығын қалай анықтауға болады? Бұл жағдайда педагог әлеуеті мына парметрлермен байланысты:

  • жаңа көзқарастар мен идеяларды елестете алу және генерациялау, оларды іс жүзінде жобалау және моделдеуге шығармашылық қабілеттілігінің болуы;
  • ойлаудың понарамалық және икемді болуы, сондай-ақ қолжетімді білігінен межеленген жаңалыққа жетуге дайын болу;
  • өз қызметін жетілдіруге деген ниеттің болуы мен оны қамтамасыз ететін ішкі әдістер мен құралдардың болуы.

Оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу 4 кезеңнен тұрады: жаңа идеяны, жаңалықтарды іздестіру, зерделеу; жаңалықтарды ұйымдастыру; жаңалықтарды енгізу (оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану); қорытындылау.

Педагогикадағы тәжірибелерге сүйене отырып, инновацияның келесі критерийлер жиынтығын анықтауға болады: жаңашылдық, жоғары нәтижелік, оптималдық, жалпы тәжірибеде тиімді қолдану мүмкіндігі.

Бұл орайда басты критерий – жаңашылдық, сондықтан инновациялық үдерісті қолға алған мұғалім бұл жаңалықтың мәнін, жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. Инновациялық жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, шартты, локальды-абсалютті, субьективті, танымалдық деңгейі және қолдану аймағы бойынша.

Ал, критерийлер жүйесіндегі оптималдық − нәтижеге қол жеткізуге мұғалім мен оқушының жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тәсілінің тиімділігін айқындайды. Мұғалімдер әртүрлі еңбек жағдайында түрлі оқушылар арасында бірдей жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оқу процесіне педагогикалық инновацияны енгізе отырып, барынша аз ой-еңбек пен аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оптималдығын білдіреді. Инновацияны бұқаралық тәжірибеде қолданудың бастапқы кезеңі жекелеген мұғалімдер мен тәрбиешілердің жұмысына негізделгенімен, олар сыннан өтіп, обьективті баға алған соң ғана жалпыға бірдей қолдануға енгізіледі. Жоғарыда аталған критерийлерді білу және педагогикалық инновацияны бағалауда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа негіз болады.

Білім беру үдерістерін жаңарту тұжырымдамасы мен мазмұнын ескере отырып, педагогтің инновациялық қызметі әдістемелік-бағытталған және проблемалық-бағытталған болып бөлінеді.

Әдістемелік-бағдарланған қызметті қолдану кезінде қандай да бір технологияны (жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және білім беру мазмұнына ықпалдасу принципін қолдану, т.б.) іске асыру болжанады. Әдістемелік-бағдарлық шеңберінде педагогтың инновациялық іс-әрекетінің тәжірибесіне сүйене отырып, бірнеше оқыту түрлерін (дамытушы, сараланған, жобалық, проблемалық, бағдарламаланған, модульдік) пайдалана алады. Бұл технологияларды қолдануда міндетті шарт – осы тәсілдерді қолдана алатын мұғалімнің дайындығы мен құзыреттілігі.

Проблемалы-бағдарланған қызмет жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің жоғары дәрежесін қалыптастыруды көздейді. Бұл жерде педагогтың қызметі − оқушылардың бойында өзіндік жеке және әлеуметтік маңыздылығын ұғыну және мәселелер мен міндеттерді өз бетінше шешу, мақсат қою, сондай-ақ бәсекеге қабілетті тұлғаның шығармашылық дамуының міндетті шарты болып табылатын − өзін-өзі белсендіруді қалыптастыруға бағытталған.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі − әлеуметтік бәсекеге қабілетті адамды тәрбиелеу. Осындай ұғымға кәсіби тұрақтылық, тұлғаның әлеуметтік ұтқырлығы және біліктілігін өздігінен арттыруды жүзеге асыру қабілеті кіреді. Бұл ретте инновацияға бейімділік болашақта қызмет саласын, кәсіби ортасын оңай өзгертуге және анағұрлым беделді болып табылатын жаңа еңбек саласына көшуге әрқашан дайын болуға мүмкіндік береді. Қоғамның осы даму кезеңінде бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға әдістемелік және проблемалық-бағдарланған инновацияларды оқыту процесіне енгізу арқылы қол жеткізуге болады.

Сонымен, белгілі дидакт ғалымдарымыздың ұсынған анықтамаларын зерделей келе, инновацияны педагогикалық мақсаттарға жетуге кепілдік беретін, алдын-ала жобаланған, бірізді жүзеге асатын оқу-тәрбие үдерісінің жүйесі деп түсінгеніміз жөн, демек «инновация» − педагогикалық жаңашыл әрекетке жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді зерделеу және оқу-тәрбие үдерісіне енгізу құралы болып табылады.

Білім — әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл болашаққа апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да мектеп және оның ұстаздар ұжымы. А. Байтұрсынұлының «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген:

«…Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

Ендеше, мектептегі білім мен тәрбие берудегі басты тұлға — ұстаз..

Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.

Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздейді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Саралап оқыту – оқушының туа біткен ақыл –ой қабілетінің жеке дамуының жан – жақтылығына негізделінген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация (жаңашылдық) үрдісі іске асу үшін төмендегідей жұмыстар істелінуі тиіс. Біріншіден, оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану. Екіншіден, оқушылардың ойлау қабілетін, жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру мен жаңалықтарды өмірде қолдана білуді үйрету.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, инновациялық әдіс-тәсілдер жаңа білім берудің бірден – бір шарты. Жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі ретінде мен күнделікті жұмысым үшін алдыма келесідей міндеттерді қоямын:

Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды мүмкіндігінше қолдану;

Оқушылардың резервтік мүмкіндіктерін диагностикалау;

Пәннің түсіндірілуі мен ақпараттың жеткізілуінің жоғары сапасын қамтамасыз ету;

Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А.А.Вербицкий бойынша)

Бірінші тенденция – білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны; ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі);

Екінші тенденция – «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру.

Үшінші тенденция — басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.

Төртінші тенденция – оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру.

Бесінші және алтыншы тенденция — оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».

Білім берудің психологиялық принциптері

Қоғамның барлық тәрбиелеуші күштерінің, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатында мектеп пен басқа арнайы институттардың бірлігі;

Ізгілендіру — қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретіндегі әр балаға көңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттері және дене қуаты жетілген азаматты қалыптастыруға бағдар беру;

Жіктеу (дифференциация) жәнедаралау (индивидуализация), әрбір оқушының қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау;

Демократияландыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігін, шығармашылығын дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің мүдделерінен туған өзара әрекеттесу, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы.

Қолданылған әдебиеттер.

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
  1. Коростылева Л.А., «Инновационные технологии в обучении школьников» СПб., 2008,
  1. Безруких М. М., Ефимова С.П., «Технологии обучения» М., 2006.
  1. А.А.Нұрғазинова «Инновациялық технологияларды тиімді пайдалану – сапалы білім кепілі» Талдықорған., 2017.

Начало формы


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.