Жаңа сабақтар

Құттықтау

Алматы қаласы «№ 61 ЖББМ» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ДОСАЕВА САУЛЕ КАДЕНОВНА

БАРША ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫН ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН
ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті Сауле Каденовна !

Ұстаздарды жылына бір болатын мерекемен құттықтау әр бір адамның маңызды міндеті. Бұл күні оқушылар, ата-аналар, түлектер мұғалімдерге құттықтау арнайды.

Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз оқушыны болашақ үлкен өмірге әзірлеп, қажетті кеңестермен сусындатады. Мұғалім мамандығы даналық пен кемеңгерлікті, шығармашылық пен зор энергияны, мейірімділік пен қаталдықты біріктіреді!

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі — өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті — жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

Ата-аналар және оқушыларыңыз атынан ең ізгі тілектеріңіздің орындалуын тілейміз, отбасыңызда әрқашан бейбітшілік, қуаныш болсын !

МАХАББАТ, БАҚЫТ ЖӘНЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

БІЗДІҢ ҰСТАЗЫМЫЗ БОЛҒАНЫҢЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС!

Құрметпен:
Ата- аналар және 9 «А» сынып оқушылары

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.