Жаңа сабақтар

Құттықтау

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы «№ 61 ЖББМ» КММ
Мектеп директоры Мырзахметова Гульмира Молдахметовна

Құрметті Гульмира Молдахметовна !

Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен Сізді құттықтаймыз!

Сіз көптеген жылдар бойы мектеп директоры қызметінде күн сайын өзіңізді мінсіз маман ретінде көрсетіп келесіз, бас әріппен жазылатын, нағыз ерліктерге қабілетті тұлғасыз. Бұл кез келген адамның қолынан келе бермейтін талант. Сіздің басшылығыңызбен жұмыс жасау біз үшін үлкен бақыт.

Ұстаздар сіздің қолдауыңызбен бірге дамып, үйренуде. Сонымен қатар, Сізді әріптестеріңіз «іскер басшы», «кәсіби маман», «шебер ұйымдастырушы», «ұлтжанды азамат» ретінде бағалап, құрмет тұтады.

Сіз адами, асыл қасиеттеріңізбен айналаңызға үнемі нұр шашып, мейірім нұрын төгіп келесіз. Бүгінгі ортаңыз Сіздің мол адамгершілік қасиеттеріңізді жоғары бағалайды.

Адал еңбекпен ұштасқан әр сәтіңіз қуаныш сыйлап, жемісті нәтижелерге қол жеткізетін әр жылыңыз жақсылыққа толсын! Осынау игілікті істе қанатыңыз талмай, қажыр-қайратыңыз қашан да арта бергей! Кішіге ілтипат, үлкенге ізеттік көрсете білетін қасиетіңіз кейінгі жас толқынға үлгі өнеге! Еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңыздың тірегі, әріптестеріңіздің сенімі, шәкірттеріңіздің ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей берсін!

Осы құттықтау тілегімізді барлық педагогикалық ұжымның шынайы тілектері атынан қабыл алыңыз. Сіздің басшылығыңызбен мектебімізді қала мен облыстың ғана емес, сонымен қатар елдің көшбасшыларына жеткізуге дайынбыз!

Құрметпен:
Досаева Сауле Каденовна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.