Жаңа сабақтар

Құттықтау

«Алғашқы ұстаз — әр адамның санасында мәңгілік сақталатын, өмірінің соңына дейін бас иіп өтетін ардақты да, қасиетті ұлы тұлға»
Бастауыш сынып мұғалімінің тұлғасы шәкірттері үшін өнегенің қайнар көзі болып табылады. Оның айтқан әр сөзі, жасаған әр қимылы, мінезі, тіпті киген киімінің өзі бастауыш сынып жасындағы балалар үшін берік қалыптасқан мінсіз қағида болып есептеледі.
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер — жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

Аяулы ұстаздың бірі, Республикалық «BILIMNUR» баспасының тілшісі — Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы № 48 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Калманова Жадыра Елубаевнаны шын жүректен кәсіби мерекемен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.