Жаңа сабақтар

Ұстазым — Гүлзада Ғайнеденқызы

Әлемдегі мамандық атаулының төресі — ұстаздық. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді.
”Ұстаз болу — өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау” — деп айтылғандай, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару — әрбір адамның қолынан келе бермейді. Ұстаз болу — жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.

Сұлтанбекова Гүлзада Ғайнеденқызы Атырау қаласындағы № 24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 38 жыл.

Жақсылық қасиеттердің барлығын Гүлзада Ғайнеденқызының бойынан байқап келемін. Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан” — деп айтқандай Гүлзада Ғайнеденқызынан білім алып шыққан шәкірттерінен де байқауға болады.

Гүлзада Ғайнеденқызынан сабақ алғалы қызымда мектепке, білімге, әрбір пәнге, ұстазға деген махаббаты ашылды. Сабақтан келе сала, үй жұмысын орындап, кітап оқып, сурет салып, ұстазын мақтайды.

Қызым бірінші сыныпты өзге мектептен онлайн білім алып, биыл қыркүйектен бастап екінші сыныбын осы аталған мектепте ауысып келгенбіз. Көп уақыт өтпесе де, 20-25 күн ішінде, үйдің кенжесі ерке қызымның бойынан үлкен бір өзгерістерді байқадым.

Қызымның білімге деген қызуғышылығын оятқан Гүлзада ұстазымызға алғыс білдіргіміз келеді. Ұстазымыздың көз жанарынан мейірім, адалдық, білімге құштарлық, ізденіс, сабырлық, шеберлік сезіліп тұрады. Әрбір халықтын баласын өзімнің балам деп қабылдап, тәрбиелеп, білім беріп жатқан ұстазымызға рахмет айтамыз!

Гүлзада Ғайнеденқызын келе жатқан “Ұстаздар мерекесімен“ құттықтаймыз! Жанарыңыз әрдайым нұр шашып, жүзіңіз күндей күлімдеп жүрсін! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Әр күніңіз мейірімді, табысты, жемісті, қызықты болсын және әр оқушы сіздің арқаңызда әлемді жаңаша көрсін.

Мұғалім — бұл өмірде ең құрметті және лайықты адамдар ие болатын мақтан тұтатын атақ. Ендеше атағыңыз мәңгілік болсын!

Ізгі тілекпен: оқушыңыз Мереке Саянаның ата-анасы Мусиева Ақмарал Койшекенқызы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.