Жаңа сабақтар

КОНКУРС

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Үстірт» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны орыс тілі маманына уақытша орналасуға КОНКУРС жариялайды:

Орыс тілі маманы – 1 орын уақытша

ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР:

  • жоғары немесе арнаулы орта;

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Конкурсқа қатысушылар білуге міндетті: Орыс тілі маманы — балалардың оқуын Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сай, оқытылатын тіл ерекшелігін ескере отырып жоспарлайды және ұйымдастырады. Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, олардың мемлекеттік орыс тілді меңгеруіне барлық жағдайды жасайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында тіл мәдениетін қалыптастырып, тілге деген қызығушылығын оятып, жеке қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Оқытудың түрлі тәсілдері мен нысандарын, әдістерін жүйелі түрде қолданады, инновациялық технологияларды пайдалана біледі. Жоспарлау барысында ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарап, бағдарламалық материалдарды жас ерекшелігіне қарай қолайлы етіп өзгерте біледі. Авторлық және баламалы бағдарламаларды, әдістемелік нұсқаулықтарды өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып өңдей біледі. Компьютерді жақсы біледі және ақпараттық коммуникацияны меңгерген. Балалардың ұйымда білім алуына және түрлі іс-шараларда белсенділігін танытады, өзінің кәсіби құзыретін жүйелі түрде жоғарылатады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым-қатынаста болады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың денсаулығы мен өміріне жауапкершілік танытады. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы», Қазақстан Республикасының «Неке (ерлізайыптылық) және отбасы» Кодексін, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім берудің дамуы мен бағыттарын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік білім берудің стандартын, педагогика және психология негіздерін, балаларды қорғау және денсаулығын сақтаудың нұсқаулық талаптарын, өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормалары және қауіпсіздік техникасын, санитариялық ережелер, дәрігерге дейінгі медициналық көмек берудің негіздерін білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық, техникалық және кәсіптік «орыс тілі және әдебиеті»мамандығы бойынша білімі.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯҒА МЫНАДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНУЫ ТИІС:

  1. Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсету.
  2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  3. Білім туралы құжат көшірмесі.
  4. Еңбек кітапшасының көшірмесі.
  5. Фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ.
  6. Бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, мінездеме.
  7. Медициналық куәландырудан өтуі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсыра алады.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН МЫНА МЕКЕН-ЖАЙҒА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, БЕЙНЕУ АУДАНЫ, БЕЙНЕУ СЕЛОСЫ, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Үстірт» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Ж.Аймауытов көшесі — 39 Б Тел/факс: 8(72932) 2-63-88

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.