Жаңа сабақтар

КОНКУРС

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Үстірт» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны дефектолог маманы лауазымына

орналасуға КОНКУРС жариялайды:

Дефектолог маманы – 1 орынтұрақты

ЛАУАЗЫМҒАОРНАЛАСУҮШІНҚОЙЫЛАТЫНБІЛІКТІЛІКТАЛАПТАР:

  • жоғары немесе арнаулы орта;

ЛАУАЗЫМДЫҚМІНДЕТТЕРІ: Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейді. Тәрбиеленушілерге психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларын анықтау үшін зерттеу жүргізеді және олардың құрылымы мен байқалу деңгейін анықтайды. Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, тәрбиеленушілермен топта және жеке жұмыс істеп, бұзылған функцияларын қалпына келтіріп, баланың әлеуметтік ортаға қалыптасуына көмек береді.
Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагог мамандарға, ата-аналарға немесе олардың орнына қараушы адамдарға арнайы әдістерді қолдануда кеңес беріп, көмек берудің жолдарын қарастырады.
Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай алуан түрлі әдістерді, формаларды пайдалана отырып тұлғаның жалпы мәдениетінің дамуына әсер етеді. Арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады.
Жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырады. Әртүрлі әдістемелік шараларға қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Компьютерді, ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікті меңгеруі тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның дұрыс толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша ағарту қызметін жүргізеді.
Техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қорғану және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін орындайды. Білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Білім туралы» ҚР заңы, «Бала құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасы Жемқорлыққа қарсы күрес», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңдарын және білім берудің болашағы мен бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, балалар үшін өмірінің қиын жағдайларында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын, жас ерекшеліктерін және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және емдік негіздерін, кәсіби және тәжірибелік қызметтер мәселелері бойынша құжаттамалық-әдістемелік әдебиеттерді, дамуында кемшілігі бар тәрбиеленушілермен жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиеттерді, дефектологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін, еңбекті қорғау, техникалық қәуіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормаларын мен ережелері және санитариялық қағидаларды.

КОНКУРСҚАҚАТЫСУШЫЛАРКОНКУРСТЫҚКОМИССИЯҒАМЫНАДАЙҚҰЖАТТАРҰСЫНУЫТИІС:

  • Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсету.
  • Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Білім туралы құжат көшірмесі.
  • Еңбек кітапшасының көшірмесі.
  • Фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ.
  • Бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, мінездеме.
  • Медициналық куәландырудан өтуі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбеліккүнішіндетапсыраалады.

КОНКУРСҚАҚАТЫСУҮШІНМЫНАМЕКЕН-ЖАЙҒАХАБАРЛАСУҒАБОЛАДЫ:
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, БЕЙНЕУ АУДАНЫ, БЕЙНЕУ СЕЛОСЫ, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Үстірт» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Ж.Аймауытов көшесі — 39 Б Тел/факс: 8(72932) 2-63-88

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.