«Биікке самға- жас қанат»
Асылханова Гульнар Асылхановна
Ақтөбе қаласы, МҚКҚ «Қалалық оқушылар сарайының» қосымша білім беру педагогы және қобыз класының жетекшісі
Студия тулектерімен қоштасу кешіне арналған концерттің сценарииі.
Ақтөбе қаласындағы домбыра және қобыз класын бітіруші оқушыларға арналған салтанатты кештің сценарийін жазған, қобыз класының жетекшісі
Асылханова Гульнар Асылхановна
Жүргізушілер: домбыра класының оқушысы Сапаров А
Қобыз класының оқушысы Теміртасова Адэль
Ортаға жүргізушілер шығады:
Алихан: Қымбатты көрермендер!
2020 – 2021 оқу жылының студия бітірушілері кешіне хош
келдіңіздер!
Адэль: Сәлеметсіздер ме құрметті ата- аналар және ұстаздар !
Студияға кеше ғана кішкентай боп қадам аттаған
балалар ,бүгінде қанаттары қатайып , болашақ өмірге жолдама
алып ,ұстаздарымен қоштасатын уақытқа да жетті.
Алихан : Мейірімді жүрегінде күн нұры,
нағыз мықты қстаздардың шын бірі.
Сөзімен де ісімен де өнеге
Білім беру саласының үздігі – деп,
Кешімізді ашу үшін студия жетекшісі Мұханбет Сағын Қалжанұлын
шақырамыз.
( Сағын Қалжанұлына сөз беру)
Адэль: Ал енді ортамызды түлектерімізбен толықтырайық.
( Түлектерді ортаға шығару)
Талғат: Ұстаздар жан анамдай,
Нұрланған шуағымдай саялаған.
Айналдым мейірімді журегіңнен ,
Біздерге маңдай терін аямаған.
Фарида: Үйретуден балаға жалықпаған,
Ұстаздардың еңбегі анық маған.
Ұстаздар қауымы сіздерге арналады
ән ,жырымыз бүгінгі қалықтаған.
Қарлығаш: Өнер таңдап бәріміз келген кезде,
Алғаш нота үйрендік бәрімізде
Гаухар мененАмангул апайларды,
әдейілеп шақырдық кешімізге.
Бернара: Ертең мен ұлы өнерпаз болсам егер,
өзіңіз елден бұрын қол соғатын.
Ұрпағына арнаса ғой елдің бәрі,
дәл сіздей бар өмірін ,бар уақытын.
Айда: Үйретіп өмір ұстазым,
Үлгілі іске нұсқадың,
Ақ көңіл адам қашанда
Жанат апай менің ұстазым.
Кенже: Біздермен ойнап, куледі.
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді,
Гүлнар Асылханқызына
Алғыс айтар түлегі.
Дәулет: Жанар апай сізді айтып ,мақтанамын.
Бейнеңіз журегімде жатталады.
Мен әлі биіктерден көрінемін,
Үміт пен сеніміңіз ақталады
( Слайд арқылы оқушылардың кішкентай кезін көрсету)
( Бес жылға саяхат көрінісі)
- Оқушылар барлық бес жылға тоқталып, мұғалімдерге породия жасап,бірінші класта таныс емес жерге келіп ,мұғалімдермен танысып, нота үйренген шақтарын көрсетеді.
- Екінші класта сабақты бітіре сала,каникулға шыққан ,көңілді балалардың көрінісі.
- Үшінші класта оқушының жетістікке жетіп,байқауға барып келгеннен кейінгі муғалім мен , ата-анасының қуантып жатқан көрінісі.
- Төртінші класта әр түрлі шығармаларды өз бетінше талдап, сахнада еркін өнер көрсетіп, көрерменін қуантып жатқан көрінісі.
- Бесінші класта дипломын қолына алып, курбыларымен қоштасып жатқан көрінісі.
Алихан: Рахмет балалар, бес жыл уақыт көз алдымыздан өте шыққандай
болды.
Келешек қой осылар барға шукір.
Алдарында ақ қанат арманы тұр.
Қолдарына аттестат алғалы тұр.
Адэль : Ата-аналар мен оқушылардың тағатсыздана күтіп отырған , бес
жылдық үйірмені бітіргендігі туралы куәлікті табыстауға , мекеме
басшысы Мусабекова Нұргүл Биласаровнаны ортаға шақырайық.
Алихан: Балаларға айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
( Ата-аналар оқушылар мен ұстаздарға тілегін айтады.
Түлектер қоштасу әнін орындайды.)
Адэль : Қымбатты кеш қонақтары !
Осымен бүгінгі түлектер кешін аяқтап ,өздеріңізбен қоштасамыз !
Олар үшін, білім алған алтын орданың есігі әрқашанда ашық!
Алихан: Құрметті түлектер ,өнер- өмірлеріңізге серік болсын!
Ақ жол,сәт сапар тілейміз!
Жүргізушілер бірге: сау болыңыздар.
