Жан қазынам – адамгершілік
Жамбыл облысы Талас ауданы
Қаратау қаласы «Үміт» мектеп – интернаты
Тәрбиеші Елеусіз Гүлназ Орынбасарқызы
Сабақтың тақырыбы: Жан қазынам – адамгершілік.
Сабақтың мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу
Сабақтың әдісі: тренинг
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар,суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
а.Оқушылармен сәлемдесу
ә.Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару
ІІ.Негізгі бөлім:
Ой – қозғау.
Қымбатты оқушылар,кәне барлығымыз, адамгершілік сөзіне ой жүгіртейікші. Адамгершілік деген не? Адамгершілік туралы біздің көзқарасымыз қандай? Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады? Алдымыздағы параққа өз ойымызбен адамгершілік ұғымына жататын қасиеттерді толтырайық.
– Иә, дұрыс айтасыңдар балалар. Татулық, Кішіпейілділік ,Шыншылдық, Мейірімділік, Аяушылық, Сенімділік, Сыйластық,Адалдық бұлардың барлығы адамгершілік қасиеттер екен . Мейірімді,қайырымды,сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын,жан сұлулығын,парасаттылығын көрсетеді. Бүгінгі сабағымызда адамгершілік жайлы айтатын боламыз. Олай болса сабағымыздың тақырыбы: «Жан қазынам -адамгершілік» – деп аталады.
Кіріспе
«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.
Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )
Ізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі.
«Адамның адамшылығы – ақыл,ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, ұстаздан болады.» деген екен Абай атамыз.
-Балалар біз Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба »
деген өлеңін білеміз ғой. Осы өлеңді кім маған мәнерлеп, нақышына келтіріп айтып береді?
-Өте жақсы, рахмет!
-Абай атамыз қандай қасиеттерге жақын бол , қандай қасиеттерден аулақ бол дейді?
-Жақсы қасиетке ие адам мен жаман қасиетке ие адамды қалай айырасыңдар?
-Ендеше «Жақсы бала », «Жаман бала » туралы ой қозғайық. Жақсы баланы бір бөлек, жаман баланы бір бөлек топтастырайық.
Топтастыру:
Жігерлі білімді сыпайы тәртіпті
ынтымақты Жақсы балаұқыпты
шыншыл әдепті қайырымды адал мейірімді
тілазар жалқау өтірікші әдепсіз
нашар оқитын жаман балалас жүретін
мейірімсіз арсыз надан арам
Адам бойында қандай асыл қасиеттер болады?
Сенімділік,мейірімділік, сүйіспеншілік, білімді, ақылды,инабаттылық
жомарттық, әдептілік, адалдық, сабырлылық, қамқорлық.
Дәптермен жұмыс.
Адам бойындағы асыыл қасиеттерді жаздыру.
Тыйым сөздер:
-Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаңа салып тұрма.
-Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап , тақалып тұрма, ыржалаңдап күле берме немесе мөлейіп тұрма.
-Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, қадала қарама.
-Үйде отырып ысқырма.
-Тамақ ішкенде ашкөзденіп, қомағайланып кетпе.
-Бас каиімді теппе, айналдырма, аяқ астына тастама.
-Малды бастан ұрма.
-Жасы үлкеннің алдын кеспе.
Сергіту сәті.
Суреттер бойынша әңгімелету.
- Балалар енді мына суретке назар аударайық. Жаңа аталған адамгершілік қасиеттерінің қайсысын көруге болады?
Жағдаяттардан шығу.
1.Сен өте асығыссың. Себебі, сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әректің?
2. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп өзі үйді жинап, сыпырып қойды.Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?
3. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, алыстан келген туысың екен. Сенің анаң есікті ашпауды ескерткен.Сенің әрекетің ?
Жалғастыр ойыны: «Не істеуге болмайды ?»
Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастыруы керек.
-Сабаққа кешігуге …………………
-Сыныпта айқайлауға………………, ысқыруға ……………….
-Үлкендердің жолын кесуге ………………..
-Құстарды атуға ………………………………
-Құстың ұясын бұзуға ………………………..
«Не істеу керек? »
-Үлкендерді сыйлау ………………………
-Ата-аналарыңның тілін алу …………….
-Тәртіпті болу……………………………………..
-Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау ……………………….
-Сабақты жақсы оқу ……………………………………….
Шығармашылық тапсырма.
Жүрекше жасап жүрекшеге жазады
-« Мен мейірімді адаммын, өйткені………..»
– Сабақтан алған әсерім………… – Бір-біріне жылы тілектерін арнайды
Қорытынды:
-Балалар сендердің бойларыңда жақсы қасиеттер көп екен. Әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін алдына мақсат қоюы керек. Адамды көздеген мақсатына жеткізетін де, алысты жақын ететін, тікенді гүл ететін де -ақылы. Ақылсыз өмірдің ешбір мәні жоқ. Ақыл адамды әдептілікке бастайды. Тәкәппар болма. Сыйлағанды сыйлай біл. Айтқан сөзді тыңдай біл.
Бүгінгі сабақтан көп жағдайды аңғардыңдар деген ойдамын. Ең негізгісі әркім тәрбиеленуге саналылықпен ,төзімділікпен кіріссе екен деймін.Сонда адамгершілік қасиеттер біздің жан қазығымыз болады.
