Шын дос болу бақыт

Жамбыл облысы Талас ауданы

Қаратау қаласы «Үміт» мектеп – интернаты

7 сынып оқушысы Исмағұл Әсем

Жетекшісі: Елеусіз Гүлназ Орынбасарқызы

Дос – адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын дос іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

Шынайы достық, шынайы махаббат сияқты, сирек кездеседі. Мен үшін достық дегеніміз – бұл адалдық пен сенімділік. Нағыз дос, жолдасына ешқашан опасыздық жасамайды, ол әрқашан оған жанқияр болады. Барлық адам сізден бас тартқанның өзінде, ол сізді ешқашан тастамайды және әрқашан қасыңыздан табылады. Шынайы достар шыншыл болады, шындық ащы болса да, оны жасырмай бетке айтады.

Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен де болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда да зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды танитынын ескерсек, адам өзі қандай болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше