Жаңа сабақтар

«Киіз басу»

БҚО, Орал қаласы, №27 «Жігер» бөбекжайы МКҚК

бірінші санатты тәрбиеші Л.Қ. Хайдарова

«Таңшолпан» ересектер тобы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Киіз басу»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Мақсаты:

тәрбиелік: халқымыздың қолөнерін сүйе білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулып, жүннен киіз бау арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

білімділік: Халқымыздың мәени мұрасын жаңғырту, ата- бабаларымыздың асыл қазынасының бірі жүннен жасалатын бұйымдар туралы, жүннді қалай пайдаланатыны туралы мағлұмат беру. Жүннен киіз басуды үйрету.

дамытушылық: жұмыс барысында балалардың шеберлігін, ой- өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, көрсету үлгісі бойынша жұмыс жасай білуге баулу.

Әдіс- тәсілдер: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап.

Көрнекілігі: ақ және боялған жүндер, ши, су сепкіш, тор мата, сабау таяқшалары, қазақтың ою- өрнектері, жайлау бейнеленген суреттер.

Алдын ала жұмыс: Бұрынғы өткен ата-баба, шебер әжелеріміздің ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту, бізге қалдырған асыл мұра туралы әңгімелесу, бейнероликтер қарау.

ҰОҚ барысы:

Балалар, бізге қонаққа «Көктем ханшайымы» келеді. Ол біздің қайырымды істерімізді көргісі келеді. Басқа топтардың балалары болашақтың балабақшасын жасап жатыр екен. Ендеше бізде болашақ балабақша өзіміздің үлесімізді қосайық. Балабақшада жылы, жайлы болуы үшін, біз киіз басып сыйға тартамыз.

Киіз басу барысы.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік:

-Жұмыс орнын реитке келтіру.

  • арнайы алжапқышты тағып алу.
  • жұмыс құралдарын түгелдеу.

Ал, кәне «көз қорқақ, қол батыр» дегендей, алдарымыздағы керек

құралдарды пайдалана отырып, жұмысымызды бастайық. Ең әуелі киіз басу үшін жүнді жақсылап сабау керек. Жүнді шаң-тозаңнан, шөп-шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабайды. Ол үшін бізге сабау- таяқша керек. Жүнді сабау-таяқпен ұрғылап, көпсіту керек. Жүнді әдемілеп, жұмсақ етіп сабау қажет (Қыздар сабайды)

Қалай ойлайсыңдар жүнді қайдан алады. Мына суретке назар аударыңдаршы. Жайлауда не жайылып жүр. (Жауаптары: қой, қошақан)

Иә, қой, қозыны қырқып жүнін жуып, одан киіз, сырмақ, текемет жасаған. Әже, апаларымыз киіз басуды мерекеге айналдырған. Ауылда адамдар бір үйге жиналып, сол үйге бірігіп киіз басқан. Ән айтып, дастарқан жайып бірге жұмыла жұмыстанған.

Сендер қошақан туралы әнді білесіңдер ме? Келіңдер, бізде ән салайық.

Ән «Қошақаным»

Қыздар жүнді сабалап, ән айтып отырады.

Жарайсыңдар, жүніміз біркелкі болып сабаланды. Енді осы шиге салып, тарту қажет. Бұл шабақтау деп аталады.

(Қыздар орындарынан тұрып, басқа үстелге барады. Тәрбиеші жұмыстың барысын әрі қарай түсіндіреді.)

Ал, енді енді киіз тегіс болу үшін, барлық жерін тегістеп бірдей қылып жүнді орналастыру қажет. (Жүннің тегіс салынуын қадағалау) Дұрыс, жарайсыңдар.

Енді киізіміз әдемі болу үшін, ою – өрнектермен безендірейік. Сендер қандай оюларды білесіңдер? (Жауаптары) Иә, дұрыс. Мына мольбертке назар аударыңдаршы. Киіз, текемет, сырмақ өрнектеуге арналған ою- өрнектер көрсетілген. ( Қошқармүйіз, түйетабан, ирек, су ирегі т.с.с)

Әр бір оюдың түпкірінде терең мағына жатыр.

Қошқармүйіз – қошқардың екі шекесіне иіріліп біткен қос мүйізіне ұқсайды.

Ол ою нені білдіреді екен? Кім біледі?

1 бала: «қошқар мүйіз» — ата бабаларымыздың отар — отар қойы болсын деген арман тілегін, молшылықты білдіреді.

Ал ирек оюы нені білдіреді, кім айтады!

2- бала: ирек оюы адамның өмір жолын, судың белгісін, шеңбер ою жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

Осыған қарап, киізімізді өрнектейік. Ортасына, бұрыштарына қошқармүйізден ою-өрнек салып жиектерін ирек жүргіземіз.

Балалар сендер осы оюлар туралы тақпақтар білесіңдер ме? Кім айтады?

3- бала:

Қазақта бір ою бар -«Қошқар мүйіз»
Орын алар тұрағы, көрпе — киіз.
Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде
Көз тартып құбылады оюымыз.

4- бала:

Ою-өрнек сәндігі

Көздің жауын алады.

Болмаса зат өрнексіз,

Ешбір мәнсіз қалады.

5 бала:

Ою — өрнек дегенде ою — өрнек
Көріп жүрміз күнде біз.
Алашада, кілемде, киізде ою — өрнек
Бүгінгі күн жоғалмай ұрпақтарға
Жалғасуда ою-өрнек.

Қыздар жүнді шидің бетіне тартып, бетін оюлайды.

Енді шөмішпен жүннің үстіне қайнаған суды себелеп құйып булаймыз. Құйылған су өз салмағымен жүнді басып, бірін -біріне қосып жабыстырады. Содан кейін киізіміз бірігу үшін орау керек. Шиге салынған жүнді білекпен аунатып, салмақ сала домалату қажет.

Ою-өрнек дегенде, ою-өрнек,

Қошқар мүйіз оюы болсын өрнек.

Кел, қыздар, бірге ән салайық,

Әдемі киіз болсын, жұрт көрмек. деп киіз басу әнін айтайық.

Қыздар:

Бас, бас, Киіз бас,

Бас, бас, Киіз бас,

Киіз басссаң,

(Қыздар шиді орап, арлы- берлі домалатады)

Шиден шығарғанда жүннің киіз болып біріккенін байқауға болады.

Міне, біздің киізімізде дайын болды.

Балалар, жарайсыңдар! Сендер жақсы еңбектендіңдер! Әрқашанда осылай жақсы істер жасауды ұмытпаңдар. Енді жұмысымызды Көктем ханшайымына көрсетейік.

Сыйлықты Көктем ханшайымына табыстау. «Көктем ханшайымы бұл біздің болашақ балабақшамызға арналған сыйымыз, қабыл алыңыз»

Жарайсыңдар, балалар, бүгін қайырымды іс жасадық. Сендер өздеріңнің ақылды, өнерлі бала екндеріңді көрсеттіңдер. Рахмет. Сау болыңдар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.