«Әдемі гүлдер»

БҚО, Орал қаласы, №27 «Жігер» бөбекжайы МКҚК

тәрбиеші Л.Н. Ахметжанова

«Ұландар» ересектер тобы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Әдемі гүлдер»

Мақсаты:

Тәрбиелігі: айналадағы әсемдікті, әдемілікті бағалай білуге, көркемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету, ұқыптылыққа бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.

Білімділігі: сопақша пішінді қиып алу арқылы гүл күлтесін, жапырағын жасап, гүл бейнесін жапсыруға үйретіп, жапсырудың әдіс – тәсілдерін меңгерту. Қайшыны дұрыс ұстау мен қолдана білуді, түстерді, көлемді ажыратып, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

дамытушылық: ұсақ қол қимылдарын жетілдіру, гүлдердің түр–түстерін есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: бөлме гүлдері дидактикалық материалдар, үлестірмелі суреттер, түрлі-түсті 3х3 төртбұрышты қағаздар, желім, қағаз, қайшы, даяр сұлбалар.

Барысы:

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын соны шешуге тырысыңдар, шешсеңдер біздің бүгінгі сабағымыз сол туралы болмақ.

Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң сәні бұзылады. (Гүл)

Гүлдер дала гүлдері,бақша гүлдері,бөлме гүлдері болып бөлінеді. Дала гүлдері күтімді қажет етпейді.

Ал, бөлме гүлдері күтімді қажет етеді.оны күнделікті су құйып,топырағын қопсытып,шаңын сүртіп тұрмаса гүл өліп қалуы мүмкін. Гүлдерді жайдан жай өсірмейді.Адам оған қарап шаршағанын басады.Гүлге қарап отырып демаласың.Гүлдердің емдік қасиеттері де бар .олардан түрлі-түсті жақпа майлар, күнделікті сусабын, әтір жасауға болады. Гүлдердің адамға пайдасы мол. Ол ауаны тазартып тұрады.

Ендеше балалар тақтаға назарымызды аударайық. (Балалардың назарын молберттегі бөлме гүлдеріне аударту) Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.
Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.

Гүлдер туралы балалардың тақпактарын тыңдайықшы.

Тимур:

Гүл өсірем үйде,

Су құямын күнде.

Гүл күткенді біледі,

Бойын сылап күледі.

Күнде гүлін ашады,

Жұпарын маған шашады.

Малика:

Аппақ гүлдер, ақ гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер,

Ұнайсыңдар бар балаға,

Көрік беріп далаға.

Әмина:

Гүлдер,гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер,

Өсе берші нұрланып,

Өсе берші ырғалып.

— Қараңдаршы біздің табиғат бұрышындағы гүлдеріміз жайнап тұр. Бүгін бөлме гүлдерінің 2 түрімен: бегония, шегіргүл танысамыз.

Міне, мынау бегония гүлі. Бегония гүлі- жапырағы жасыл, ортасы мен жиектері қызыл түсті болып келеді. Бегония жылуды жақсы көреді. Жазда жиі, қыста сирек суару қажет.

Бегония бөлмеде,

Бақшада өседі.

Көркемдеуге көшені,

Қолайлы гүл деседі.

Ал мынау шегіргүл. Шегіргүл-жарықты жақсы көреді, жүрек пішіндес. Жапырағы жалпақ болады, ал ұсақ гүлдері топтасып өседі. Күннің көзіне қоюға болмайды. Жазда суды көп құйғанды ұнатады.

Шегіргүлді көрген жан

Көбелек деп қалады

Қайнатпа одан жасасаң

Ауруға ем болады.

Ойын: «Гүлдерді түстеріне қарай ажырат». Шарты: гүлдерді түсіне қарай екі жердегі себетке салу керек.

Сергіту сәті:

Гүл өсірем үйде(жоғары қол көтереді)

Су құямын гүлге(қолмен су құяды)

Гүл күткенді біледі(тербеледі)

Бойын сылап күледі( бойын қолымен сыйпайды)

Күнде гүлін ашады

Жұпарын маған шашады(қолын желпейді)

Балалар орнымызға отырып алайық. Балалар басқа топ болашақтың балабақшасын құрастырып жатыр екен, сол ғимараттың ауласын көгалдандыру үшін әдемі гүлдер жасап берейік. Ол үшін алдарыңызда тұрған даяр дөңгелек пішінді түрлі түсті ұсақ гүлдермен толтырамыз. 3х3 пішінді шаршыны қағаздан дөңгелек қию арқылы жиектерін иректеп қиып,ұсақ гүлдер жасаймыз.(көрсету Тәрбиеші балаларға гүлдерді қалай дұрыс жабыстыру тәсілін көрсетеді. Геометриялық пішін тіктөртбұрыштың бұрыштарын, сопақша пішінді қиып алу арқылы гүл күлтесін, жапырағын жасау керектігін түсіндіреді.)

Қиып алған гүлдерін мұқият сабақтарға желімдеу. Балалар жұмыстанады.

Жұмыс аяқталған соң балалар өз орындарын реттейді, жинайды.

Балалар, қане жабыстырып болсақ, барлық гүлдерімізді балабақша макетінің ауласына орналастырайық. ( макетке орналастыру)

Балалар біз не істедік? ( балабақша ауласын безендірдік) Жарайсыңдар, балалар, бүгін қайырымды іс жасадық. Сендер өздеріңнің ақылды, өнерлі бала екндеріңді көрсеттіңдер. Рахмет. Сау болыңдар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше