«Болашақтың балабақшасы»
БҚО, Орал қаласы, № 27 «Жігер» бөбекжайы МКҚК
тәрбиеші Арыстангалиева Света
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
«Болашақтың балабақшасы»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Мақсаты:
тәрбиелік: балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімін, көркемдік талғамын, іскерлік-дағдыларды меңгеруге тәрбиелеу.
білімділік: Ойластырылған сюжет бойынша және соған сәйкес трафарет таңдау; ойлаған пішінді, пропорция, түс, бөліктердің орналасуын дәл бере білу. Архитектура мен құрылысқа байланысты терминдер туралы балалардың білімін бекіту.
дамытушылық: фонтастикалық құрылысты ойлауда қиялды дамыту, қызығушлығын арттыру.
Әдіс- тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын, т.б
Керекті құралдар:үлкен қорап, үш қуыршақ, жеміс-жидек, көкөніс, гүлдердің шаблоны, араның бес бұрышты алдын-ала әзірленген ұясы, гуащь, түрлі-түсті карандаштар, фломастерлер, штамптар.
Алдын- ала жұмыс: сәулет өнері (архитектура) күнделікті адамдар өмірі үшін салынған ғимараттар: тұрғын үйлер, қоғамдық және тұрмысқа қажетті құрылыстар, мемориалдық ескерткіштер турлы әңгімелесу, бейнефильмдер қарау.
ҰОҚ –нің барысы: Тәрбиеші (үлкен ашық түсті қорап әкеледі)
-Қалай ойлайсыңдар балалар, бұл қорапта не бар? (балалар өз ойларын айтады)
Кәне, ашып көрейік (үш қуыршақты шығарады.) Бұл не? Оларды танисыңдар ма? (бұл қуыршақтар балаларға таныс, аттарын атайды.)
- Қуыршақ- «Бейнелеу шебері»
- Қуыршақ- «Ою-өрнек шебері»
3- Қуыршақ- «Құрылыс шебері»
-Балалар бейнелеу шебері немен айналысады? (ол сурет салады,бояйды және бізге қалай сурет салғаның түсіндіреді көрсетеді,)
-Ою-өрнек шебері не істейді?(ою-өрнек шебері халық шеберлерімен таныстырады, киім тігеді, оны ою-өрнекпен безендіреді)
-Ал құрылыс шебері ше, ол ше не істейді?
- Қалай ойлайсыңдар балалар,олар келісіп,бірігіп жұмыс жасай алады ма? (иә, бүкіл шеберлер бір-біріне көмектеседі) балалар білесіңдер ме, біздің шеберлерімізді үйретіп оқытатыңдай олардан асқан шебер бар екен. Ол кім? (бала жауап беруге тырысады.) Қазір біз анықтаймыз, қораптың ішінде тағы не бар екен?(бір бала қорапты ашып пияз, алма, күйіз үй, балық, араның ұясын алып шығады.) бұлардың барлығын табиғат жасаған, сонда асқан шеберіміз не екен? Иә, табиғаттан асқан шебер жоқ екен.
-Балалар, қазір сіздермен бір ойын ойнап жіберейік. Мен сендерге қызық түрлі архитектуралық ғимараттарды көрсетейін (иллюстрация көрсетемін) содан сон қораптан шыққан заттармен архиктура элементтермен салыстырамыз. Қалай ойлайсыңдар, мына суреттегі ғимарат неге ұқсайды? деп сұрап шығу
-Пияз неге ұқсайды? (собордың куполына)
-Киіз үй ше? (туған қаламыз Оралдағы Қадір Мырза Әлінің шығармашылық үйіне)суреттердің бәрін талдаймыз.
-Сонымен балалар, неге біз табиғатты бүкіл шебердің ұстазы дейміз.(Б алалар жауабы: табиғат адамдарға болашақ құрылысқа қандай пішін таңдау керектігін бағыттайды.Ұзақ жыл құламай, мықты,нық тұру үшін, үйді қалай безендіру керектігін біз табиғаттан аламыз.)
Балалар, «Көктем ханшайымы» келе жатыр. Ол бізге мерейтой мен көктемнің құрметіне мейірімді, жақсы істер дайындап қойыңдар деп өтініш айтыпты. Олай болса, мерекенің құрметіне болашақтың балабақшасының макетін сыйлыққа жасап берейік. Естеріңде болса, ол жобаны біз бастап кеткенбіз. Ал бүгін бастаған жұмысымызды жалғастырып, бөліктерді жинап, ғимарат құрастырамыз.
-Балалар, сендер өздерінді бір уақыт архитектор болып сезініп көріндерші, қиялмен, ойларынмен өз үйлерінді неден бастап салар едіндер?(үйдің жобасын құру керек,эскиз сызу керек)
- біздің салатын ғимаратымыз табиғаттағы ең мықты, ешкімге ұқсамайтын араның ұясына ұқсайтын болады. (араның ұясын көрсету.) Аралардың ұялары. балауыз құрылыстан- кәрезден тұрады. Араның кәрезі алты қырлы белгілі бір мөлшерден аспайтын мыңдаған қуыстардан тұрады екен. Бізде бүгін ғимаратымызды осындай кәріздерден құрастырамыз. Сонымен қатар, бұл ғимараттың ауласын көгалдандыру керек. Ол жұмысты қалған балалар орындайды.
-Қазір балалар, алдарында тұрған кәріздерді түрлі-түсті бояу, фломастер, акварелді бояуды пайдаланып ұяларынды өз қалауларымен безендіресіндер.
Фантазия сіздерге көмектеседі, іске сәт балалар!
Балалар өз бетімен жұмыстанады,аяқтаған жұмыстарын орналастырады, талдайды және қорытындылайды. Көктемге ұсынатын сыйлығымызды ұсына отырып бір-екі бала әңгімелеп береді.(бұл- біздің болашақтағы балабақшамыз.)
Ғимарат мықты, ұзақ жылдарға шыдайды. Біз оны «Достық» деп атадық. Онда тұратын әр ұлттың балалары: қазақ,орыс,әзірбайжан,корей,т.б тату-тәтті, дос болып ойнайтын болады. Біздің ғимаратымыз экологиялық таза, қалдықсыз. Энергияны күннен аламыз, мынау- күн батареялары, онымен үйді,суды жылытамыз, жарық аламыз. Тіпті жаңбырдың суын жинап, тазалап қайта пайдаланамыз.
Бұл біздің көктем ханшайымына арнаған сыйлығымыз, Ұландар тобы балалары осындай қайырымды іс жасадық.
