Балабақша негізі – тәрбиеші

Карибжанова Жанар Жумакановна
Алматы қаласы, Алатау ауданы № 84 балабақша тәрбиешісі

Балабақша баланың қоршаған әлемге жасаған алғашқы қадамы. Ол өзі дүниеге келген отбасынан бөлек, мүлдем танымайтын адамдардың ортасына түседі. Кішкентай бала үшін бейімделу оңайға түспейтіні анық. Жас ерекшеліктеріне байланысты бұл процес әртүрлі уақытқа созылады. Психологтардың айтуынша толыққанда үйрену үшін 6 айға жуық уақыт керек.

Отбасы – бала үшін бүтін бір әлем. Ал оның ережесі мен тәртібі әртүрлі. Сондықтанда балабақшадағы балалардың мінезі де, болмысы да бөлек. Олардың ортақ тәртіпке бағынуы оңай емес. Тәрбиеленушілердің ішінде бірден үйреніп кететіндері де бар. Олар көбіне үлкен әулетте туылған сәбилер. Дүниеге келген сәттен бастап адам саны көп, қонақ үзілмейтін үйде өскен балалар жаңа ортаға тез бейімделеді. Олар өзгелерге жатырқау дегенді білмейді. Ойыншығын бөлісу, жанындағы балақаймен достасып кету мүлдем қиын емес.

Алайда,бұрын соңды мүлдем көрмеген, танымайтын адамдармен қарым-қатынас жасау кейбір балаға айтарлықтай қиын болуы мүмкін. Өйткені кейбір отбасылар шағын болады. Көбіне жас отбасылар өз алдына шаңырақ құрған соң, бөлек тұрады. Көз қуанышы болған перзенттері дүниеге келгеннен кейін, ата-анасы оған бар мейірімін төгеді. Ал үйде бар жақсыны алып үйренген баланың өзгелермен етене араласып кетуі, қолда барын беріп, бөлісіп үйренуі алғашында өте қиын. Бастапқыда баланың қарсылығы келген қонақтарға жатырқаудан басталады. Кейіннен өз ойыншықтарын бөлектеп, «менікі» деген ой қалыптастыра бастайды.

Бұндай балалар балабақшаға келгенде бірден бейімделіп кете алмайды. Оларға үйден жыраққа шығып , жарты күнін басқа жерде өткізу оңай емес. Осы кезде баланың психологиясында үлкен өзгерістер болады. Бастапқы уақытта бала тамақты аз ішіп, жылап, көңілсіз жүруі мүмкін.

Көбісі балабақша табалдырығын аттаған сәттен бастап айғайғай басып, есіктен аттамай жылай бастайды. Танымайтын ортада қанша адам болса да өздерін жалғыз сезінеді. Бұндай балалармен жұмыс жасау бастапқыда қиындық тудырады. Үлкен еңбек пен шыдамды талап етеді. Себебі, кейде ересек адамның өзі де жаңа ортаға бейімделе алмай қиналады.

«Белгілі бір ұлттың ертеңін көргің келсе, оның өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріне көз салу керек» деген сөз тегін айтылмаған.Өсіп келе жатқан ұрпақ біздің ертеңіміз. Кішкентайынан бастап патриотттық, ұлтсүйгіштік, мейірім мен адалдық сияқты қасиеттерді баланың брйына сіңіретін болсақ ол сөз жоқ елім деген тұлға болып өседі. Балабақша тәрбиенің бастауы. Ал оның незігі тәрбиешілерде. Өйткені олар болмаса, балалар бақшасы бағбансыз қалады.

Тәрбиешілер бала өміріндегі ең алғашқы ұстаз. Олардың баланың болмысына сіңірер еңбегі мол. Бала кезіндегі қалыптасқан әдеттер өсе келе өмірлік ұстанымға айналады. Сондықтанда балапандарымыздың дұрыс қалыптасуы үшін ата-анамен қатар тәрбиешінің де алар орны ерекше. Қызметін шынайы сүйетін мамандар ғана бұл жолда ұзақ уақыт еңбек ете алады. Алдына келген кез келген баланың көңілін тауып, әрбір күнін пайдалы етіп өткізуге тырысу оңай емес. Байқайсыздар ма, кейбір балабар балабақшаға асығады. Өйткені ол ортаға шуақ шашып жүрген сүйікті тәрбиешісі бар. Кейде ата-аналар өз баласының қалай өзгеріп кеткеніне таң қалады. Өте ақылды, ерекше алғыр әрі тиянақты болып есебге жақындаған бөбегінің нағыз мамандардың қолына түскеніне қатты қуанады.

Бала-бақша өмірін көрген бала, мектеп қабырғасында оңай бейімделеді. Тәртіпке бағыну, досыңа көмектесу, үлкенді сыйлау мұның барлығы кішкентай оқушы үшін қалыпты жағдайға айналған. Қолына қалам ұстатар алғашқы ұстазының алдына зейінді әрі үйренуге даяр жеткіншекті тәрбиеші қалыптастыратыны даусыз. Сондықтан барлық балабақша тәрбиешісі қызметінде еңбек етіп жүрген мамандарға алғыс білдіремін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше