«Қараөзеннің сырқаты» Экоертегі
БҚО, Орал қаласы № 22 жалпы білім беретін орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Рахметуллина Алия Нурболатовна
Автор: Ерте, ерте, ертеде «Қараөзен» деп аталатын өзеннің жағасында «Ақпәтер» деген елді мекен болыпты. Сол елді мекеннің халқы өте тату, еңбекқор екен. Жазғы демалыста сол ауылда тұратын әжесіне қаладан Айша атты немересі қыдырып келіпті. Айша ақылды, алғыр, қыз болыпты. Ауыл балаларымен тез тіл табысып, өзіне көп достар жинапты. Түрлі ойындар ойнап,әр күнін қызықты өткізіпті.
Бір күні ойыннан келе жатқан Айша:
- Бізге көмектесші кішкентай қыз деген дауысты естиді.
Айша айналасына қарап, дауыстың қайдан шыққанын білмей таңдана қарайды. Бір кезде ол су жағасында жатқан ақ балықты көреді.
Айша: Ойақ балық, ақ балық саған не болды? Менің қандай көмегім керек?
Ақ балық: Кішкентай қыз біздің басымызға қиындық түсті.Ақпәтер ауылының адамдары еңбекқор, тату болғанымен, олардың үлкен кемшілігі бар. Олар біз тіршілік ететін өзен суына лас суды төгеді және қоқыс лақтырады. Соның салдарынан өзен суы ластанып, лайланып жатыр. Біздің тіршілік етуімізге қиындық келтіруде. Біз ауырып, жойылып барамыз. Бізге сенің көмегің қажет.
Айша:- Ой, ақ балық мен сенің мұндай жағдайда екендеріңді білмедім. Қандай аянышты қалдесіңдер. Қазір күт, мен сендерге міндетті түрде көмектесемін.
Автор: Айша әжесіне келіп…
Айша: Әже балықтарға сіздің көмегіңіз қажет. Олар қиналып жатыр екен. Ауыл тұрғындары лас суды арыққа төгеді екен, сонымен қатар қоқыстарды лақтырады, балықтар қиналып жатыр деп жылап жібереді.
Әжесі: Әжесі немересіне қарап тұрып қалады. Айшаны жұбатады.
Автор: Әжесіауыл тұрғындарымен сөйлесуді ұйғарады. Ауыл тұрғындарын радио арқылы хабарлап, жиналуын сұрайды.
Әжесі: Әй халқым! Су тіршілік нәрі. Ата-бабамыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деп өсиет айтқан. Бұл суды таза ұстау, қорғау деген сөз. Мөп –мөлдір судың талай далалардан таза өтіп, ауылға келіп былғанғаны дұрыс емес. Сондықтан экологияға, гигиенаға көп көңіл бөліп, атсалысу, бәріміздің міндетіміз деді. Автор: Ауыл тұрғындары осы өзеннің суымен бойларына өмір нәрін алатындарын түсініп, суды ластамайтын болды.
Айша әжесіне, өз іс әрекеттерін түсінген ауыл халқына рахметін айтып, өзен жағасына жүгіріп келіп:
Айша: Ақ балық, ақ балық қайдасың? Мен келдім. Көрінші маған, шықшы маған. Мен сіздердің өтініштеріңді орындадым. Ауыл тұрғындары өз іс-әрекеттерін түсініп, суды ластамауға уәде берді.
Ақ балық: Жарайсың кішкентай қыз көп-көп рахмет саған.Біз саған сендік.
Автор:Балықтар қуанып, Айшаға алғыстарын жаудырды. Бірте-бірте ауырған балықтар жазылып және олардың саны көбейе бастады.
Жазғы демалыс кезеңі аяқталып, Айша әжесіне, достарына рахметін айтып, қалаға үйіне қайтты.
