Жаңа сабақтар

Изекеева Зухра

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

56 «Жұлдыз» бөбекжай

Тәрбиеші: Изекеева Зухра Ибрагимовна

Білім беру саласы: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Табиғат құбылыстарын тамашалау».

Мақсаты: Әр жыл мезгіліне тең табиғат құбылыстарының ерекшеліктерімен таныстыру. Табиғат құбылысының сырын білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Табиғат құбылыстары жайында білімдерін кеңейту.

Әдіс- тәсілі: әңгімелеу, сұрақ- жауап;

Көрнекілік: табиғат құбылысын бейнелейтін суреттер, жыл мезгілінің суреті, Уақыт періштесінің киімі, Күннің бейнесі, жаңбыр, найзағай, боранның даусы жазылған аудиожазбалар.

Сабақтың барысы:

  • Сәлем сөздің анасы, адамгершіліктің, әдептіліктің, баспалдағы.

Ал балалар алдымен бір- бірімізбен сәлемдесіп, жақсы лебізімізді білдірейікші. «Қайырлы күн!» «Әрқашан күн сөнбесін!» «Деніміз сау болсын» «Тату болайық» «Бәріміз дос болайық»

Шаттық шеңбері:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын

Біз әдепті баламыз. Балалар, мен сендермен «Тамаша» ойынын ойнағым келіп тұр. Ойын шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтқанда, жақсы, тамаша деп, жұдырықтарыңды түйіп, бас бармақтарыңды көтеріп, бір бірлеріңе көрсетесіңдер. Келістік пе?

  • Біздің бөбекжаймыз қалай деп аталады? — «Жұлдыз» бөбекжайы.
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем мезгілі.
  • Дұрыс айтасыздар балалар. Олай болса біз бүгін осы жыл мезгілдеріне саяхат жасаймыз. Ол үшін бізге кім көмектесер екен?
  • Уақыт періштесі келеді. — Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Уақыт атты періштемін.
  • Сіздер табиғат құбылыстарын тамашалауға саяхат жасағыларың келеме?

Менің сиқырлы таяқшам бар, оның көмегімен барлық жыл мезгілдеріне саяхат жасауға болады.

  • Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? — Күз, қыс, көктем, жаз. — Балалар мен сендерге табиғат құбылыстары жайлы жұмбақ жасырамын, жауабын тауып көріңдер. 1.Төгіліп жерге ақ моншақ, Ғайып болды сол шақта -ақ. (Бұршақ ) 2. Арыстан ақырды, Орман жаңғырды. (Найзағай) 3.Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (Күн ) 4. Қанаты жоқ желеді, Аузы жоқ ұлиды. (Жел ) — Жыл мезгілдері бір бірінен қалай ерекшеленеді? — Жыл мезгілінде ауа- райы әр түрлі болады. — Сендер менімен бірге саяхатқа барғыларың келе ме? — Ия Әр жыл мезгілінде қандай құбылыстар болатынын байқап көрейік. Бізге менің мына сыйқырлы таяқшаларым көмектеседі.
  • Қыс қанша ашуланса да, мықты болса да, оның ашуын жұмсартатын қай мезгіл?

— Көктем мезгілі. Онда дайындаламаыз! Бір, екі, үш. Бізді көктемге алып ұш. (Көктем мезгілінің суреті көрінеді).Балалар көктем мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады? Қар еріп, күн жылына бастайды, көктемнің алғашқы күлдері өсіп шығады, ағаштарды бүр жарады.

  • Көктем туралы кім қандай тақпақ біледі?

Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда

Құлпыртып өмірді

Гүл ектік бақтарға.

  • Балалар қараңдаршы, бізге Күн қонаққа келді. (Күн кіреді) Ал сендер өздеріңді күнбағыстың дәнімін деп есептеңдер. Балалар жүрелей отырады.

Күн сәулесі жерді жылытып, дәннен кішкентай көшет өсіп шықты. Жылы жаңбыр жауып, суға қанды көшет, Күнге қарай ұмтылды, бойы өсіп, гүлге айналды.

Осы кезде балалар отырады, ақырын орындарынан көтеріле бастайды, қолдарын жоғары Күнге қарай созып, жәй айналады.

( Күнбағысты бейнелейді)

Көктемгі жаңбырдың даусы аудиожазбадан естіледі. Бір кезде күн күркірегені естіледі, найзағай шатырлайды. — Балалар ненің даусын естіп тұрмыз? — Күн күркіріеп, найзағай шатыр — шұтыр етті.

  • Балалар, жаз мезгіліне де саяхаттайтын уақыт келіп қалған сияқты.
  • Бір, екі, үш. Бізді жазға алып ұш. Жаз мезгілінің суреті көрсетіледі.— Жазда қандай табиғат құбылыстары болады ? — Жазда күн ысыйды, жел көп болмайды. Суға шомыламыз, балық аулаймыз т.б — Жаз туралы кім қандай тақпақ айтады?

Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып

Жаз келді, күн шықты.

Сергіту жаттығуы

Бір, екі, үш. Бізді күзге алып ұш!

Күз бейнесі бейнеленген сурет көрсетіледі.— Балалар суретке қарап ауа райын сипаттап берейікші.

Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады? — Күн салқындайды, ағаштардың жапырағы сарғайып жерге түседі, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жеміс пен көкөністер піседі. Күз туралы кім қандай тақпақ біледі?

Күз айы басталды,

Құстар қайта бастады,

Жапырақтар сарғайып,

Жерге түсе бастады. — Тағы қандай құбылыстар болады? — Аспанды сұр бұлт жабады,

Күн бұлттың артына жасырынады.

Аспанды сұр бұлт жапқан соң не болады? -Күн салқындап, балалар жылы киінген. Күн бұлттанған соң жаңбыр жауады.

Міне, сендер айтқандай ақ, жаңбыр тамшылай бастады.

Жаңбыр қалай тамшылайтынын көрсетіңдерші.

Жаңбыр күшейіп келеді.

Жаңбырдың даусы жазылған аудиожазба тыңдалады. Саусақ гимнастикасын орындайды. Балалар саусақтарымен партаны ақырын тырсылдата бастайды. Жаңбыр күшейген сайын олар да саусақтарын жылдамдата түседі. — Ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

-Жаңбырдың даусын естіп тұрмыз. — Жаңбыр қай мезгілде жауады? — Күзде, көктемде, жазда. — Жазғы жаңбыр мен күзгі жаңбырдың айырмашылығы неде? — Жазғы жаңбыр жылы, ал күзгі жаңбыр суық болады. — Күзде тағы қандай құбылыстарды байқадыңдар? — Жел соғады. Жай соққан желдің даусын аудиожазбадан тыңдайды.

( Желдің даусы күшейеді.) — Балалар, желдің даусы күшейіп келе жатыр.

Бұл қай мезгілдің келе жатқанын білдіреді? — Күн суытып, жел күшейіп, қыс мезгілі жақындап келеді. Уақыт періштесі сиқырлы таяғын көтеріп: Олай болса, балалар қыс мезгілін қарсы алуға аттанайық. Қыс көрінісінің суреті көрінеді. — Балалар қыс мезгілінде қандай құбылыстар болады? — Қар жауады, қатты боран соғады, аяз болады, мұз қатады. Қыста аяз үрлеген кезде не болады? — Ақ түтек боран болады? Ал, тұманның не екенін білесіңдер ме? Тұман кезінде ештеңе көрінбейді. — Қыс туралы кім қандай тақпақ біледі?

Жапалақтап ала қар,

Жауады күнде қайталап,

Қырға шықты балалар

Шаналарын арқалап. Тәжірбие: жасанды қар жасау.

Біз суықтан қорықпаймыз.

  • Олай болса балалар, келген қонақтарға өз әр жыл мезгілі туралы жасаған өз жұмыстарымызды көрсетейікші.

Уақыт періштесі балалармен қоштасады. Қорытынды: Балалар бізге қонаққа кім келді? Біз қайда саяхат жасадық? Барлық жыл мезгілдерінің табиғат құбылыстары бір- біріне ұқсай ма?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.