Жаңа сабақтар

Козбакова Райгуль Айткалиевна

Атырау қаласы Томарлы селосы «Шағала» бөбекжай-бақшасы Тәрбиеші

Козбакова Райгуль Айткалиевна

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Апталық тақырып: «Жануарлар әлемі

ҰОҚ тақырыбы:«Жануарлар»

Мақсаты:

Білімділік:жануарлар туралы түсініктерін толықтыра отырып,балалардың іс-әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеуін қалыптастыру,жабайы және үй жануарларын туралы сөздік қорларын жетілдіру,мәнерлі,мағыналы,эмоционалды түрде жатқа айтуға үйрету.

Дамытушылық: балалардың әдеби тілде сөйлеуін дамыту,әртістік қабілеттерін қалыптастыру,ертегіні сахналау барысында есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:жануарларға деген сүйіспеншілікке және кейіпкерлерге жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:жабайы аң,жыртқыш аң

Көрнекіліктер:Бейнетаспа «Жануарлар» , үнтаспа,үлестірмелі материалдар,атрибуттар.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық қозғаушы -Сәлеметсіздер ме балалар.Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

-Қәне бәріміз жылулық шеңберіне жиналып бәріміз бір-бірімізбен амандасып алайық.

-Балалар көңіл күйлерің қалай?

-Тамаша рахмет,балалар!

Кәне бәріміз апталық өлеңімізді есімізге түсірейікші.

Ендеше біз бүгін жануарлар туралы білімімізді толықтыра түсетін боламыз.

-Балалар айтыңдаршы жануарлар нешеге бөлінеді?

-Қандай,қандай?

-Жабайы жануарлар қайда мекендейді?

-Үй жануарлар қайда мекендейді

-Армысың Алтын Күн

-Армысың Аспан Ата

-Армысың Жер-Ана

-Армысың достарым

Жылуыма жылу қос

-Здравствуй солнце золотое

-Здравствуй небо голубое

-Здравствуй Мать-земля

Здравствуйте мой друзья

Здравствуйте гости

Дарите нам много тепла

Гуд дей,гуд дей

Гуд дей ту ю

Гуд дей,гуд дей

Ю глад ту си ю

-Өте жақсы қолдарымен қимыл арқылы көрсетеді

Жақсы көрем қонжықты

Маған қымбат ол тіпті

Түсіп қалса құлағы

Тігемін алып ақ жіпті

Жануарлар екіге бөлінеді

Үй жануарлары,жабайы жануарлар.

-Жабайы жануарлар орманда мекендейді

-Үй жануарлар үйде,аулада,қорада мекендейді.

Іздену

Ұйымдастырушы

Сөздік-дидактикалық ойын:

«Қай аң?»

Ең айлакер аң…..

Ең қорқақ…

Балды жақсы көретін ….

Аң патшасы….

Мысыққа ұқсайтын аң….

Қораға шабатын аң…..

Бейнетаспа«Жануарлар»

-Жануарлар балалар табиғаттың көркі.Табиғаттың сәні.

Жабайы жануарлар орманда мекендейді.Өздігінен қоректенеді.Олар жыртқыш аңдар.

Аю,қасқыр,түлкі,қоян,арыстан,жолбарыс және т.б

Аюдың денесі ірі болып келеді.Аюлар ақ аю және қоңыр аю болып екіге бөлінеді.Аю икемсіз,аңқау және жыртқыш.Аю қорбаңдап жүреді.Аю қысы бойы ұйықтайды.

Қасқыр да жыртқыш аң.Ол көбінесе қораға шабады.Қасқыр қой,қозыларды көп жейді.

Түлкі қу.Өте сақ жануар.Оның терісі әдемі.Түлкі майысып жүреді.

Қоян қорқақ.Секіріп ытқып-ытқып жүреді.Қоян сәбізді жақсы көреді.

Жолбарыс мысыққа ұқсайтын аң.Жолбарыс өтек күшті жылдам жүгіреді.

Ал үй жануарлары көбінесе адамдардың көмегімен қоректенеді.

Адамдар үй иелері оларға су,шөп береді,жем береді.Далаға жайылып өріске шыққанда олар шөппен қоректенеді.

-Ал мысық тышқан аулап күн көреді.Және де ол сүтті өте жақсы көреді.

-Ал ит сүйектерді жейді және де үй иесінің берген тағамдарын да жейді.

-Үй жануарларына сиыр,түйе,жылқы,қой,ешкі,ит,мысық жатады.

Сөздік жұмыс : «жабайы аң»«жыртқыш аң»

Жабайы аң -өз тамағын,мекенін өзі табатын жануарларды айтамыз.Олар өз күндерін өздері көреді.

«Жыртқыш аң»-өздерінің азығын табу үшін өзінен кіші жануарларға тұтқиылдан шабуыл жасап,ұстап алып қоректенетін аңдар.

Қостілділік компонент

Аю-медведь-bear

Қасқыр-волк-wolf

Түлкі-лиса-fox

Қоян-заяц-

Сиыр-корова

Мысық-кошка

Ит-собака-dog

Сөздік дидактикалық ойын: «Сипаттап бер»

Шарты. Бала үстел үстінен кез-келген суретті алып сол жануардың атын,бойындағы белгілерін айтады.

Дыбыстық жаттығу: Ыр-ыр-ыр ырылдайды қасқыр Кі-кі-кі бұлаңдайды түлкі Ян-ян-ян жүгіріп жүр қоян Ю-ю-ю қорбаңдайды аю

Дидактикалық ойын

«Ойлан тап»

Шарты.Балалар жануарлардың қандай тағамды ұнататынын ойланып және оны сызық арқылы қосулары керек.

Балалар жануарлар айтысы мысал ертігіні сахналап айтып берейікші.

Автор

Кәрі еменнің түбіне

Бір-біріне үңіле

Айтысуға жиналды

Жан-жануар біріге

Түлкі айтты…

Қасқыр…. Рамазан

Әй түлкіжан мақтанба

Сиқырланып ақталма

Күшіңді сенің көрейін

Қасекең келе жатқанда

Автор

Қасқырбай сөйтіп аттанды

Өз деміне апталды

Қорқып тұрған қоянды

Тап беруге шақ қалды

Аю… Мұзафар

Балпаң-балпаң басамын

Алтын қырдан асамын

Аю деген ағаңмын

Аңшы көрсем қашамын

Ала сиырмын мүйізді

Қайырады күйісті

Балаларды қорқытпай

Сүтімді берем тиісті

Болмас ағы қарасы

Тыңдап тұрсақ бәрінің

Автор

Табиғаттың баласы

Әңгімесі жарасты

-Түлкі

-Қоян

-Аю

-Арыстан

-Жолбарыс

-Қасқыр

Бейнетаспаны мұқият тамашалайды

Балалар тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды.

Балалар мұхият тыңдайды.

Жабайы және жыртқыш аңдарға жататын жануарларды атайды.

Арыстан,жолбарыс,аю,т.б…

Балалар қайталайды.

Бұл -түлкі.Түлкі өте қу.Оның терісі өте әдемі.

Қайталап тілдерін жаттықтырады.

Жануарлардың сүйікті тағамдарын тауып,тағам атауларын атайды.

Рөлдерге бөліп сахналайды

Түлкі Құралай

Түлкімін….

Тұнып тұрған күлкімін

Бұлаң-бұлаң құйрығым

Текке өтпейді бір күнім

Бәрің маған жетпейсің

Алдымнан кесе өтпейсің

Менен басқа қуың жоқ

Күніңді көріп ептейсің

Қасқыр Рамазан

Қорқынышты атағым

Қалың қопа жатағым

Қой қораға түсетін

Бар ғой аздап шатағым

Аю… Мұзафар

Балпаң-балпаң басамын

Алтын қырдан асамын

Аю деген ағаңмын

Аңшы көрсем қашамын

Қоян…. Хабиба

Ұзын құлақ қоянмын

Ақшыл түске боялдым

Сытыр еткен бұтақтан

Елең етіп ояндым

Сиыр… Қарақат

Мысық… Нұрай

Мен мысықпын былай жүремін

Жолды түзу білемін

Қауіпті егер мен сезсем

Тырнауды да білемін

Рефлексивті

коррекциялаушы

Ән «Жануарлар»

«Әуп-әуп-әуп» деп ит үреді

«Мяу-мяу-мяу»деп мысық мяулайды

Ал үйректер «Бақ-бақ-бақ»

Ал сиырлар «Мө-мө-мө»

«Гав-гав-гав»-собака лает,

«Мяу-мяу-мяу» мяучит кошка

А корова «Му-му-му»

И утенок «Кря-кря-кря»

«Bow-bow-bow» -says the dog

«Miew-miew-miew» says the cat

«Moo-moo-moo-moo»-says the cow

«Quak-Quak-Quak»-says the duck

Балалар тәрбиешімен бірге орындайды

Күтілетін нәтиже:

Біледі: іс-әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеуді .

Игереді: жабайы және үй жануарларын туралы сөздік қорларды, әдеби тілде сөйлеуді

Меңгереді:жануарларға деген сүйіспеншілікті және кейіпкерлерге жанашырлық танытуды


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.