Молдашева Асел Ерланкызы
Батыс Казахстан облысы Орал каласы №5 ЖОББМ.
Логопед
Молдашева Асел Ерланкызы
Бекітемін:
Күні:
Сынып: 0 сынып
Тақырыбы: П дыбысы және әрпі (Республикам менің!)
Мақсаты: Жаңа дыбыстарды таныстыра отырып, оқып жазуға машықтандыру.
Көрнелік: сөйлем, мәтін, піл,парта, т.б. суреті.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Бір-біріңе жылы тілектер айтыңдар.
Сөздік тынысты дамыту:
Қол алға, тыныс алу қолды екі жаққа созу, тыныс шығару қол жайлап қосылады, тыныс шығарғанда в в в в дыбысын айту, соңында алақанды соғу.
Артикуляциялық жаттығулар:«Сағат»,«Тіс тазалау» ,«Кесе» ,«Саңырауқұлақ»
ІІ.Жаңа сабақ: П дыбысы және әрпі
Жұмбақ шешу.
| Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (пияз) |
Мұрыны насос, кран да,
Кім таңқалмас бұл аңға. (піл) |
Қорықпайды күшті аңнан,
Қорықады тышқаннан. (піл). |
| П дыбысы және әрпімен таныстыру. Барлық айтылған сөздер қандай дыбыстан басталып тұр? Дұрыс балалар П дыбысынан. П дыбысы дауыссыз дыбыс. Өйткені П дыбысы еріннің бір – біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан жасалатын шұғыл дауыссыз дыбыс. Ендеше ол көк текшемен белгіленеді. Дыбысты қайталап айтқызу. П п пы пы пы. П дыбысына қатысты мысал келтірту.Мысалы: Паровоз, поезд, пеш, пышақ, пингвин, перде, перне, пияз, піл, парашют…. |
||
1-тапсырма : карточка
1.Мынау не? (аттарын дұрыс атау)
2.Буынға бөліп оқу.
2-тапсырма.
Тақпақ оқу. П дыбысы кездесетін сөздерді табу.
| Пайдалы деп, пияз жеп,
Парласа жас көзімнен. (Піссінші біраз),-деп, Пысылдадым төзіммен. |
Ұшақпенен ұштық,
Парашюттен түстік. Паравозбен кеттік, Астанға жеттік. |
Қабырғада карта,
Класс толы парта. Керек енді оқу, Оқығанды тоқу. |
Піл-ау зілдей денеңді,
Шаршадың ғой ауырлап. Тынықсаңшы сен енді, Бір уақыт жер бауырлап. |
3-тапсырма: Берілген буындардан сөз ойлап құрастыру.
Пер – …де.
Пош -… та.
Пин – …гвин.
Пи – …яз. Па -…
рашют. По – …езд.
Па -… ровоз.
Пар …- та.
Көркем жазу. П әріпін жазу.
