Ас мәзірі

Ақтөбе қаласы № 23 орта мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Изтлеуова Айгуль Аккалиевна

Күні: 29.01.2021 ж Оқытушының аты-жөні: Изтлеуова Айгуль Аккалиевна
СЫНЫП: 4 «В» Қатысушылар саны: 17 Қатыспағандар:0
Сабақтың тақырыбы Ас мәзірі
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) О. 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар құрастыру және оған жауап беру.

О.4.3.1.1 мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

А.4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті(4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу.

Тілдік мақсаттар Даяшы, аспаз, күріш, қарақұмық, асбұршақ, ас мәзірі.
Ойлау деңгейі Білу, түсіну
Құндылықтарды дарыту Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Оқушылар ас мәзірін құрастыра отырып, тапсырмаларды сәйкестендіру арқылы жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс Дүниетану, музыка
АКТ қолдану дағдылары Бейнеролик, слайд
Алдыңғы оқу/
Бастапқы білім
Кондитерлік зауытта
Жоспар
Жоспар-ланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басы 2мин 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылaрдың caбaққa дaйындығын текcеру. Көтерiңкi көңiл күй oрнaту үшiн «Көңіл күйім» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Балалар қолдарын ұстайды

“Қайырлы күн, досым!

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн біз үшін

Сәттілікке толсын!

Үй тaпcырмcын текcеру. “Менің жақсы көретін тортым”

Суреттер арқылы сөйлейді.

“Болжау стратегиясы”

Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Қандай тағам түрлерін білесіңдер?

(Ұ) Сөздік жұмыс: даяшы, аспаз, күріш, қарақұмық, асбұршақ

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру:

4. Сөйлемдер құрастыру

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

“Жаңа сөз үйрен” айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбын ашу. Сабақтың мақсатын айту

Топтық жұмыс:

1-топ. Ас мәзірін құрастыру.

Дескриптор:

-Ас мәзірін құра алады.

-Ас мәзіріндегі реттілік сақтай білді.

-Нақты , жақсы жоспар мәзірі құрылған.

2-топ. “ Синквейн” әдісі

Дескриптор:

-Синквейннің құрылысын біледі.

– Тірек сөздің мәнін түсінеді

3-топ. Ролдік ойын арқылы диалог құрастыру.

Дескриптор:

-Жаңа сөздерді менгерді.

– Тақырып бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Сергіту сәті. “Үш тұғыр “

Қазақша Орысша Ағылшынша
тағам еда food
ет мясо meet
сүт молоко milk
сусын напиток drink
на хлеб bread
шырын сок juice
Кітап, дәптер

Суреттер

Смайлик

тер, стикерлер

Соңы Сабақты қорытындылау. ТЕСТ

1. Мейрамханада, асханаларда тамақты кім пісіреді?

А) Даяшы

Ә) Аспаз

Б) Дизайнер

2. «Гречка» сөзін аудар:

А) Қарақұмық

Ә) Күріш

Б) Ботқа

3. Алда болатын іс-әрекет?

А) тіктім

Ә) Аламын

Б) оқыдым

4. Өзі ақ түсті маржандай

А) күріш

Ә) қар

Б) ірімшік

Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.

Кері байланыс

Оқушыларды бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше