Жаңа сабақтар

АНАРБЕКОВ БАТЫРХАН АНАРБЕКОВИЧ

АНАРБЕКОВ БАТЫРХАН АНАРБЕКОВИЧ

Қарағанды облысы,Теміртау жоғары

политехникалық колледжісінің дене шынықтыру

пәнінің мұғалімі

Еліміздің тірегі – білімді ұрпақ

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі және сыртқы саясатын дамытатын да бүгінгі жас ұрпақ. Жан-жақты біліммен, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыратын- білім беру жүйесі. Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, елін, туып-өскен жерін, тілін, тарихын, дінін, мәдениетін біліп, құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу білім беру мекемелерінің басты міндеті.

Сол себепті, Теміртау жоғары политехникалық колледж өмірі өте қызықты да, есте қаларлық кезең. Балалық қиял жетегінде жүрген балаларымыз ер жетіп, қыздарымыз бой түзеп, болашаққа нық қадам басар алдындағы ең алғашқы баспалдақ десем артық емес. Адам жанына жылу шашатын, оқушы жүрегіне нұр құятын білім ордасы болу — ұстаздың ерінбей еңбек етуін қажет етеді.

Адамды адам еткен еңбек пен тәрбие десек, сол тәрбиені ұрпағына үйретіп, дұрыс бағыт-бағдар беру ұстаздың парызы.

2020 жылдың 30 қыркүйегі күні Теміртау Жоғары политехникалық колледжінің ашық спорт алаңында «Денсаулық күніне» арналан іс-шара спорт түрлерінен, колледждің дене тәрбиесі кафедрасының мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Жарыстың негізгі мақсаты : Салауатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Білімді, өнерлі, намысшыл, парасатты, еңбекқор ұрпақ қалыптастыру. Ұраны: «Күнделікті дене белсенділігі – денсаулық пен ұзақ өмір сүруге бастар жол!».

Қазіргі заманғы індет-коронавирустық аурудың төмендеуіне байланысты, барлық сақтық талаптары сақталды. Бұл іс-шара аумағында колледж ішіндегі әртүрлі мамандық топтарынан жинақталған 92 оқушы өз еріктерімен қатысты. Көрсетілген іс-шараның ашылу салтанатын Теміртау қаласының Жоғары политехникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары А.Р.Қамарова сөз алып, жарыстың ашылуына дәнекер болды.

Жарысқа колледж студенттерінен құрылған командалар, спорттың 5 түрі бойынша жарысты.

Жарыстың қорытындысында, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген жеңімпаз топтар анықталды: ПОВТ-01-20; П-20; ЭМОП-20; АиУ-20; ТОРА-20; К-20; ЭМ-20-2; ТМ-20.

Соңында жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.