Сын есім

Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал ауылы

«Ғали Орманов атындағы орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі Сарай Саттагул

Пәні: қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Сын есім

Пәні: қазақ тілі
Ортақ тақырып Бөлім: Бөлімше: Сабақ тақырыбы:
Атақты тұлғалар 1.Тыңдалым және айтылым

2.Оқылым

3.Жазылым

4.Тілдік нормалардың қолданысы

2.3Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

Сын есім
Құрастырған «Ғали Орманов атындағы орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Сарай Саттагул
Сынып : 3 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Сын есімді басқа сөз таптарынан ажыратады. Сөйлемдердің мөлшерін сақтап, көлбеу үзбей жазады.

Көптеген оқушылар: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды, жауап береді. Сөйлемнен сын есімді өз бетінше табады. Сөйлемдердің бас әріптің биіктігімен мөлшерін сақтап, біркелкі жазады.

Кейбір оқушылар: мәтіннің мазмұны бойынша ашық сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді. Сын есімді қатыстырып, сөйлем құрайды. Сөйлемдерді бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтап, қатесіз жылдам қарқынмен жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу, түсіну. Қолдану.
Бағалау критерийлер – мәтінді түсініп оқиды.

-мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
– сөйлемдерді қатесіз, көркем жазады.
– сөйлемдерден сын есімді табады және сын есімді қатыстырып, сөйлем құрады.

Тілдік мақсат Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жамбыл Жабаев, Сүйінбай, сын есім

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Жамбыл Жабаев туралы не айта аласың?

-Жамбыл мен Сүйінбайдың арасында қандай байланыс бар деп ойлайсың?

-Аталған тұлғаларды қандай өнермен байланыстырасың? Не себепті?

-Жамбыл мен Сүйінбайды атақты тұлға ретінде қалай сипаттайсың?

-Сын есім дегеніміз? Сұрақтары қандай? Мысал келтір

Құндылықтарды дарыту Өнерге баулу, елін, жерін сүюге тәрбиелеу
Пәнаралық байланыстар Әдебиеттік оқу «Жәкем» Ж.Жабаев естелік әңгіме
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта, бейнежазба
Бастапқы білім Сын есім туралы білімдері бар. Ережесін біледі. Сөз таптарының ішінен сын есімдерді сұрақ қою арқылы таба алады.
Жоспар
Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

  • Көңіл күйлеріңіз қалай?
  • Керемет!

«Тілек жұлдызы» тренинг:

  • Сен әдемісің!
  • Сен сұлусың!
  • Сен мейірімдісің!
  • Сен ақылдысың!
  • Сен еңбекқорсың!
  • Сен нағыз доссың!

Бір-біріне беру.

Қызығушылықты ояту.

«Лото» әдісі арқылы жұппен жұмыс

1. Бойшаң, тәтті, ұзын, қызыл, мейірімді, көк сөздерге күлегеш қою

Парта Бойшаң Қызыл Жазды
Жүгірді Тәтті Ағаш Сегіз
Оқыды Көк Жүзді Ұшты
Секірді Мейірімді Ұзын Кілем

Берілген ұғымдар мен сөздердің қандай сөз табына қатысты екендігін анықтау.

Бүгінгі тақырып қандай болады?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықталады.

Сын есім туралы игерген білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы еске түсіру.

-Сын есім дегеніміз не?

-Сын есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

-Мысалдар келтіріп, ойыңды дәлелде.

Қалыптастырушы бағалау: Медаль

Ынталандырушы бағалау: «Басбармақ»

Тілек жұлдызы

Кесте

Сабақтың ортасы

27 мин

1-тапсырма Кинемотография әдісі

(Айтылым және тыңдалым) /топтық жұмыс/

Белсенді оқыту: «Көрсету және модельдеу» кезеңі

Саралау: «Тапсырма» тәсілі

Жамбыл Жабаев өмірбаяны туралы бейнежазба көрсету.

45-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

– Мен ол ағашты көрмегелі он шақты жылдай болыпты! Жаяу баралық. Қасиетті ағаш қой, – деді Жамбыл ата.

Ағашқа жақындағанда, шошып қалды. Біреу балтамен ағашты сарт-сұрт шауып жатыр.

– Ей, тоқта! Сен өзі дені сау адамбысың? Ағашқа неге балта шабасың?

– Жамбыл ата екенсіз ғой! Кешіріңіз! Мен бір бұтағын кесіп жатыр едім, – деді жігіт.

Жамбыл ата:

– Ал, жігітім, жөніңді айтшы. Бұл Сүйінбай атаңның еккен ағашы екенін білемісің? – деді.

– Білемін, Жәке. Біз ауылымыз болып бұл мәуелі ағашты қасиет тұтамыз. Қураған бұтағын кесіп тастаймыз. Күн ыстықта осы ағаштың көлеңкесінде демаламыз, – деді жігіт.

1-топ. Қолдауды аз көрсететін оқушылар

Бейнежазба мен мәтіннің байланысын анықта. Мәтіндегі атақты тұлғалар туралы не білесің?

Сұрақ-жауап

-Мәтінде кімдер туралы айтылған?

-Ол адамдар туралы не білесің?

-Жамбыл Жабаев туралы не айта аласың?

-Жамбыл мен Сүйінбайдың арасында қандай байланыс бар деп ойлайсың?

-Аталған тұлғаларды қандай өнермен байланыстырасың? Не себепті?

2-топ. Қолдауды орташа көрсететін оқушылар

Мәтіннен сын есімдерді тауып, жаз.

3-топ. Қолдауды барынша көрсететін оқушылар

«Сематикалық картаны» толтыру.

Сын есімдерді белгілі.

Қасиетті Күн Қара Доп Таза Елу келді
Сын есім

Дескриптор:

– мәтінді түсініп оқиды;

-мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды;

-Жамбыл Жабаев пен Сүйінбай туралы айтып береді;

-мәтіннен сын есімді тауып, жазады.

-сын есімдерді тауып белгілейді;

Қалыптастырушы бағалау: медаль

Ынталандырушы бағалау: күлегеш

2-тапсырма. «Жүгіру диктанты» әдісі

(Жазылым) /жеке жұмыс/

Белсенді оқыту «Түсіндіру, сипаттау» кезеңі

46-жаттығу. Мәтінді көркем жаз.

Сүйінбай Аронұлы – ақиық* айтыс ақыны. Жасынан жыраулығымен елге танылған. М. Әуезов оны айтыс өнерінің алтын діңгегі* деп атаған.

Дескриптор:

–сөйлемдерді қатесіз, көркем жазады;

-сын есімдерді табады, астын сызады.

Қалыптастырушы бағалау: көршіңді бағала «күлегеш» арқылы

Ынталандырушы бағалау: мадақтау

3-тапсырма. «Кім тапқыр?» әдісі /жұптық жұмыс/

Белсенді оқыту «Бекіту және қолданысқа енгізу» кезеңі

Саралау: «Қарқын» тәсілі

Пішіндерге сәйкес әріптерті қойып оқы. Осы сөзге сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра.

А Л Т У

Дескриптор:

-әріптерді қойып сөзді табады;

-сөйлем құрайды;

-жасырынған сөзді сын есіммен сипаттап айтады;

Қалыптастырушы бағалау: медаль

Ынталандырушы бағалау: мадақтау

https://www.youtube.com/watch?v=B1UrUxXDvyo

Оқулық, жұмыс дәптері

Пішіндер

Сабақтың соңы

8 мин

4-тапсырма. «Сөздер банкасы» әдісі /жеке жұмыс/

Белсенді оқыту «Қортынды шығару және есте сақтау» кезеңі

Саралау «Қорытынды» тәсілі

Қалыптастырушы бағалау: медаль

Ынталандырушы бағалау: мадақтау

Кері байланыс «Табыс сатысы»

Үлестірме
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

1-тапсырмамда саралауды «тапсырма» тәсілі арқылы жүргіздім.

1-топ. Қолдауды аз көрсететін оқушылар

Бейнежазба мен мәтіннің байланысын анықта. Мәтіндегі атақты тұлғалар айт.

2-топ. Қолдауды орташа көрсететін оқушылар

Мәтіннен сын есімдерді тауып, жаз.

3-топ. Қолдауды барынша көрсететін оқушылар «Сематикалық картаны» толтыру. Сын есімдерді белгіле.

3-тапсырмамда саралауды «қарқын» кезеңі арқылы жүргіздім. Тапсырманы жылдам орындаған оқушыға қосымша тапсырма сурет салуға бердім. Орындай алмай отырған оқушыларға қосымша уақыт бердім. Барлық оқушыларға қолдау көрсетіп, ынталандырып отырдым.

Қосымша тапсырма: «Алатау» суретін сал. Сипатта.

4-тапсырмамда саралаудың «қорытынды» кезеңі іске асты. Барлық оқушыға бірдей тапсырма берілді.

Барынша қолдау көрсететін оқушылар сөздер ішінен сын есімді табуда, басқа сөз табымен шатастырды. Орташа қолдау көрсететін оқушылар кейбір сөздерді табуда қателер жіберді.

Қолдауды аз көрсететін оқушылар барлық сөздерді дұрыс тапты.

Сабақ барысында бағалау арқылы саралау жүргізіп отырдым. (Жарайсың, тамаша, талпын)

Қалыптастырушы бағалау: (мұғалімнің бағалауы, бірін-бірі бағалау)

1- тапсырмада топтық жұмыстың қортындысы бойынша «медаль» әдісі,

ынталандырушы бағалау «күлегеш»

2- тапсырмада жеке жұмыстың қортындысы бойынша көршіңді бағала «күлегеш» арқылы

ынталандырушы бағалау «күлегеш»

Қалыптастырушы бағалау: (мұғалімнің бағалауы, бірін-бірі бағалау)

3-тапсырмада жұптық жұмыстың қортындысы бойынша «медаль» әдісі,

Ынталандырушы бағалау мадақтау

4-тапсырмада жеке жұмыстың қортындысы бойынша қортындысы бойынша «медаль» әдісі,

Ынталандырушы бағалау мадақтау

Оқушыларға партада отыру ережелері, денені түзу ұстау ережелері айтылды.
Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше