Оксидтер
БҚО, Казталов ауданы, Талдыапан орта жалпы білім беретін мектебі
Химия пәнінің мұғалімі Шайхиева Райхан Маликовна
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары |
Мектеп:
Талдыапан орта жалпы білім беретін мектебі |
||||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Райхан Маликовна | ||||||
| СЫНЫП: 8 | Қатысқандар саны: 15 | Қатыспағандар саны: 0 | |||||
| Тақырып | Оксидтер.
№ 6 зертханалық тәжірибе. «Оксидтердің қасиеттерін зерттеу» |
||||||
| Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 8.3.4.7 -оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру | ||||||
| Сабақ мақсаттары |
|
||||||
| Бағалау критерийлері | – Оксидтердің жіктелуін, қасиеттерін біледі, түсінеді, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады; | ||||||
| Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология:
– Оксидтер, оттегі, жану, ауа, бинарлы қосылыстар, моно, ди, три, тұз түзетін, тұз түзбейтін, негіздік оксидтер, қышқылдық оксидтер, екідайлы оксидтер Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: – Оксидтер дегеніміз не? – Негіздік оксидтер дегеніміз не? Химиялық қасиеттері? – Қышқылдық оксидтер дегеніміз не? Химиялық қасиеттері? – Екідайлы оксидтер дегеніміз не? Химиялық қасиеттері? |
||||||
| Құндылықтарды дарыту | Бірлесе жұмыс жасау, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, белсенді болу, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу. | ||||||
| Пәнаралық байланыстар | География, математика | ||||||
| Бастапқы білім | 7.3.1.7 металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу. | ||||||
| Сабақ барысы | |||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
| Сабақтың басы
5 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу, топқа бөлу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Жүректен-жүрекке» Оқушыларға жүрекшелер таратамын. Бір-біріне жүрек жарды тілектерін айтады. Жүрекшелердің түстері арқылы 3 топқа бөлемін ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. а)Белсенді әдіс: «Серпілген сауал» Әрбір топ оқушылары басқа топтарға допты бағыттап, бір-біріне сұрақ қою арқылы лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға шапшаңдық таныту арқылы жауап береді.
ҚБ: «Қолпаштау» («Тамаша», «Бәрекелді») |
Түрлі түсті жүрекшелер | |||||
| Сабақтың ортасы
30 мин Саралау тәсілі: «тапсырма» |
«Химиялық жұмбақ» қойып жауабы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын. Екі элементтен тұрамын Жаңа қосылыс түземін». (ОКСИД) Жаңа сабақ тақырыбы: Оксидтер. №6 зертханалық тәжірибе. «Оксидтердің қасиеттерін зерттеу» Белсенді әдіс: «Айналмалы бекет» әдісі Әр шағын топты бекетте орналастырып, топта сұрақты талқылап, ойларын постерге түсіреді. Өз постерін сағат тілінің бағытымен қозғалта отырып басқа топтармен алмастырады. Келесі топ толықтырып отырады. Ауысу әр 2 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді.
Тапсырма: Әр топ өзіне берілген тақырыппен танысып, постер қорғайды. 1-топ. Негіздік оксидтердің алынуы, химиялық қасиеттері 2-топ. Қышқылдық оксидтердің алынуы, химиялық қасиеттері 3-топ: Екідайлы оксидтердің алынуы, химиялық қасиеттері. ҚБ: топтар бағдаршам арқылы бірін-бірі бағалайды. Белсенді әдіс: «Кинометафора» әдісі арқылы Оксидтердің қолданылуы мен химиялық қасиетіне түсінік беремін. Оқушылар білімдерін талдату. Нәтижесін тақтаға шығып көрсетеді 2. Жұптық жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Сараланған тапсырмалар. Әр топтағы оқушылардың жұбына тапсырмалар беріледі. А-деңгейі: Оксидтерді табиғатына қарай жіктеңдер және атаңдар. Na2O, CO2, CaO, SiO2, ZnO, SO3, Al2O3, N2O5. Жауабы: Негіздік оксидтер:Na2O, CaO; Екідайлы оксидтер: ZnO, Al2O3 Қышқылдық оксидтер: CO2, SiO2, SO3, N2O5. Дескриптор: Білім алушы:
В-деңгейі Реакция теңдеулерін толықтырып теңестіріңдер. SO2 + NaOH = ? + ? MgO + HCl = ? + ? SO2 + MgO = ? MgO + H2O = ? SO2 + H2O = ? MgO + CO2 = ? Жауабы: SO2 + NaOH = Na2SO3 + H2O MgO + HCl = MgCl2 + H2O SO2 + MgO = MgSO3 MgO + H2O = Mg(OH)2 SO2 + H2O = H2SO3 MgO + CO2 = MgCO3 Дескриптор: Білім алушы:
С-деңгейі: Массасы 20,4 г алюминий оксидін ерітуге қажетті тығыздығы 1,332г/мл 30%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісінің көлемін табыңдар. Бер: m(Al2O3) = 20.4 г ρ(NaOH) = 1.332 г/мл w (NaOH) = 30% Т/к: V( NaOH)=? Шешуі: 1) Рекция теңдеуін жазамыз Al2O3 + 6NaOH = 2Na3AlO3 + 3H2O 20,4 г |
||||||
