Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылы
«Асубұлақ орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Рахматулина Гульшат Советкановна
Қысқа мерзімді жоспар
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясы
| Мектеп: | «Асубұлақ орта мектебі» КММ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Мұғалімнің аты-жөні: | Рахматулина Гульшат Советкановна | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сынып: 6 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қатысқандар саны: 20 | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Абайды оқы, таңырқа!» | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ тақырыбы: | «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ негізделген оқу мақсаты | 6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушылар: Шығарманың идеясын анықтайды, әлеуметтік-қоғамдық мәселені табады:
Көптеген оқушылар: Өлеңдерді әлеуметтік-қоғамдық идеясы арқылы сипаттайды. Кейбір оқушылар: Өлеңдердің идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бағалау критерийі |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясын анықтап, ақын ойын сипаттайды. Мұғалімнің көмегімен шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені зерделейді
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ғибрәтлі- үлгілі; нәфрәтлі- жиренішті Диалог құру, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Бес асыл іс, бес дұшпан, жамандықтан жирену, жақсылыққа үйрену. Талқылауға арналған сұрақтар: Абай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде қандай өсиет айтады? Неден жиреніп, неден ғибрат алу керек? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: Абай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде …… өсиет айтады, өйткені ………… Неден жиреніп, неден ғибрат алу керек? Себебі, …… Сіз неліктен екенін айта аласыз ба? Неліктен Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» дейді? Жазылым бойынша ұсыныстар: Сіздің пікіріңізше, … не айтар едіңіз, менің ойымша, пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін, оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Құндылықтарға баулу | Мәңгілік Елдің «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығына баулу арқылы білім, ғылымға құмар болуға баулу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы, қазақ тілі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Алдыңғы оқу | Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінде әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру мақсатымен жұмыс жасаған, сол білімдерін «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясын оқуда қолданады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың басы
10 мин 2 мин 2 мин 6 мин |
Ұйымдастыру шаралары. Сәлемдесу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Сәлемдеме хат» әдісі. Оқушылар музыка әуенімен билеп тұрып, ««Ғылым таппай мақтанба» (шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін) өткен сабақ бойынша сұрақ жазылған сәлемдемені бір-біріне беріп тұрады. Әуен тоқтаған кезде сәлемдеменің бір бөлігін ашып, сұраққа жауап береді. Топтардың аты жазылған қима қағаздар арқылы топтасады. (құрылымдалған топ) Топтарға бөлу: 1-топ: «Ақындар» тобы 2-топ: «Ғалымдар» тобы 3-топ: «Ойшылдар» тобы 1-тапсырма /БС/. «Бір қадам артқа» стратегиясы арқылы оқушылардың осыған дейінгі біліміне шолу жасау. 1.Абайдың балалық шағы туралы не білесіздер? 2.Бала Абай кімдердің өлең-жырларын тыңдап өскен? 3.Құнанбай Абайды неліктен оқудан шығарып алған? 4.Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі не туралы? 5.Білім, ғылым туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтыңыз. ҚБ. «Ашық микрофон». Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын тудыру, ойлау қабілетін, сөздік қорын байыту Күтілетін нәтиже: Абай поэзиясы туралы ақпаратты толықтырады, жаңа тақырыппен байланыстырады. Мұғалім. Бейнематериал көрсетіледі. (Дереккөз арқылы саралауды қолдану) /Жұп.Т/ Ажәне С. Вжәне С жұптары құрылымдалған негізде бейнефильмді талқылайды. Оқушылар «Кинематофора» әдісі арқылы тақырыпты болжайды. Мұғалім сабақ мақсатын сыныпқа хабарлайды. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясы Оқу мақсаты: 6.1.2.1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру. |
Қазақ әдебиеті: 6-сынып оқулық (Б.Керімбекова, Ж.Мұқанова) Алматы «Мектеп» баспасы 2018ж
Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы видео, аудиодиск Бейнефильм |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың ортасы
20 мин 6 мин 2 мин 10 мин 2 мин |
2-тапсырма /Т/. «Сканерлеп оқу» стратегиясы. Өлеңді оқып, таныс емес сөздердің астын сызыңыз, олардың мағынасына түсінік беріңіз және сол сөздердің синонимдік қатарын табыңыз. Оқушылар өздеріне берілген өлең жолдарындағы таныс емес сөздерді кезекпен оқып, мағынасын түсіндіреді.
1-топ: «Ақындар» тобы Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ — Бес дұшпанын білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз. Жақсылық көрсең ғибратлі, Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл сыйсаңыз Жақсылық көрсең ғибратлі, Оны ойға жисаңыз. Нәфрәтлі – жиіркенішті, жаман, нашар. Ғибратлі – үлгілі, өнегелі, тәрбиелі. Идеясы: жамандықтан қашу, жақсылыққа ұмтылу 2-топ: «Ғалымдар» тобы Ғылымға көңіл берсеңіз. Білгендердің сөзіне Махаббатпен ерсеңіз. Ақыл сенбей, сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз. Ақсақал айтты, бай айтты, Кім болса мейлі, сол айтты – Ақылменен жеңсеңіз. Надандарға бой берме, Шын сөзбенен өлсеңіз. Аят, хадис емес қой, Күпір болдың демес қой, Қанша қарсы келсеңіз. Көп орында көріне айтпа, Біздің сөзге ересеңіз. Егер қисық көрінсе, Мейлің таста, мейлің күл. Егер түзу көрінсе, Ойлап, ойлап, құлаққа іл. Ақмақ көп, ақылды аз, Деме көптің сөзі бұл. Жақынның сөзі тәтті деп, Жақыным айтты дей көрме. Мизан – таразы – өлшем. Күпір – мұсылман емес, діннен шыққан, кәпір, басқа діннің адамы. Дүлдүл – кемеңгер, атақты. Идеясы: ақылға салып ойлану. 3-топ: «Ойшылдар» тобы Надандықпен кім айтса, Ондай түпсіз сөзге ерме, Сізге айтамын, қаупім – бұл. Өзің үшін үйренсең, Жамандықтан жиренсең, Ашыларсың жылма-жыл. Біреу үшін үйренсең, Біреу білмес, сен білсең, Білгеніңнің бәрі – тұл. Сөзіне қарай кісіні ал, Кісіге қарап, сөз алма. Шын сөз қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған білген құл, Ғұламаһи Дауани Солай депті ол шыншыл. Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл – гүл. Надандық – қараңғылық, білімсіздік. Ғұламаһи – ғалым, ғұлама — данышпан. Идеясы: жақсы қасиеттерді бойға сіңіру, жамандықтан аулақ болу. Қарқыны жылдам топтарға қосымша карточкалар беру. №1 карточка. Шығарманың идеясы арқылы өлеңде көтерілген Абай дәуіріндегі қоғамдық мәселені түсіндіріңдер. №2 карточка. Шығарманың идеясы арқылы өлеңде көтерілген Абай дәуіріндегі қоғамдық мәселені түсіндіріңдер. №3 карточка. Өлеңнің мазмұны бойынша «Үш қадам» кестесін толтырыңдар.
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» (топтық кері байланыс). 3-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар А. Қолдауды қажет ететін топ. «Бес жолды өлең» әдісі арқылы жауап бер.
В. Қолдауды орташа қажет ететін топ. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі көтерілген мәселені анықтайды. «Фишбоун» әдісі. Балықтың басы – Өлең идеясы. Үстіңгі сүйектері – өлеңде көтерілген мәселелер. Астыңғы сүйектері – ақын ұсынған шешу жолдары. Құйрығы – мәселенің шешімі. Дарынды оқушылар С. Қолдауды қажет етпейтін топ. «Әдебиет лотосы» арқылы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне сатылай кешенді талдау жаса.
ҚБ. «Мадақтау сэндвичі» тәсілі арқылы (топтың өзін-өзі бағалауы, мұғалімнің топқа кері байланысы) |
Слайд
Таратпа материал «Бес жолды өлең» әдісі «Фишбоун» әдісі «Әдебиет лотосы» |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10 мин 7 мин 2 мин 1 мин |
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясын негізге ала отырып, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені сипаттап, авторға хат жазыңдар. Дескриптор: -Хат құрылымын сақтайды; -Өлең идеясын көрсетеді; —Әлеуметтік-құрылымдық мәселені сипаттайтын 2 аргумент жазады; -60-70 сөзден құратын хат жазады ҚБ. «Мадақтау мұнарасы» Үйге тапсырма: А. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау. В. Өлеңдердегі көркем ауыстырылымдарды теріп жазу. С. Өлеңнің идеясын негізге ала отырып, аргументативті эссе жазу. Рефлексия. Кері байланыс. «5-1-1» 1.Бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді 5 сөйлеммен білдіріңіз. 2.Бес сөйлемді 5 сөзге қысқартыңыз. 3.Бес сөзден 1 сөз қалдырыңыз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясын негізге ала отырып, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені сипаттап, авторға хат жазыңдар. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясын негізге ала отырып, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені сипаттап, авторға хат жазунәтижесі бойынша саралау түрін қолданамын. Оқушыларға бірдей тапсырма ұсынғаныммен жауаптары мен нәтижесі әртүрлі болады. Нәтижесіне қарай оқушыларды саралаймын. Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде тапсырма бойынша саралау жүргіземін. Тапсырманы оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне қарай саралап беремін. |
Қауіпсіздік және еңбекті қоғай ережелерін орындау.
АКТ құзыреттілік. Сабақ барысында АКТ қолданамын. Сабақ барысында желім, қайшы, маркер қолданған жағдайда ұқыптылықтарына назар аударамын. Құндылықтардағы байланыс Мәңгілік Елдің «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығына баулу арқылы білім, ғылымға құмар болуға баулу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қорытынды бағамдау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмасы
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясын негізге ала отырып, көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені сипаттап, авторға хат жазыңдар.
Дескриптор: -хат құрылымын сақтайды; -өлең идеясын көрсетеді; -әлеуметтік-құрылымдық мәселені сипаттайтын 2 аргумент жазады; -60-70 сөзден құратын хат жазады ҚБ. «Мадақтау мұнарасы»
Үйге тапсырма: А. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау. В. Өлеңдердегі көркем ауыстырылымдарды теріп жазу. С. Өлеңнің идеясын негізге ала отырып, аргументативті эссе жазу.
Рефлексия. Кері байланыс. «5-1-1»
1.Бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді 5 сөйлеммен білдіріңіз.
2.Бес сөйлемді 5 сөзге қысқартыңыз.
3.Бес сөзден 1 сөз қалдырыңыз.