Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы
«Ақбота» бөбектер бақшасының тәрбиешісі
Шарипбекова Жадыра Манатовна
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: «Сумен таныстыру»
Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.
Білімділік: Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру.
Дамытушылық: Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту.
Тәрбиелілік: Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Билингвалды компонент:Су-вода-water
Көрнекіліктер:су жайлы суреттер,қар,су,түрлі-түсті бояулар
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың
іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі
Тосын сый Сергіту сәті Қорытынды |
Балалар жайғасып отырып, көздерін жұмып, музыка ырғағымен табиғат сұлулығын көз алдарына елестете отырып, жан тыныштығын табады. Тыныштық сәті. Көзімізді жұмамыз. Еркін отырамыз. Мен орманға бардым. Орманның табиғаты өте тамаша,ауасы не деген таза. Таза ауасымен дем алдым. Айналамда сарқырап су ағып жатыр. Суға беті — қолымды жудым. -Жақсы ал енді балалар айтыңдаршы осы бізге ауа,су,кун керек па? — Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап, шешуін табыңдар! — Бізге қонаққа Тамшы келіпті. Ендеше барлығымыз тақтаға назар аударайық! -Су-тіршіліктің көзі сусыз ешбір тірі жан өмір сүре алмайды сумен біз тамақ пісіреміз,жануарлар , өсімдіктер пайдаланады.Аналарын сендерді жуындырады,киімдеріңді жуады.Суға қоқыс тастауға болмайды және біз суды үнемдей білуіміз керек. Орталықтармен жұмыс: 1.Сурет салу (дәстүрден тыс технологиясын пайдалану) 2.Тәжірбие жасау (судың қасиеттерімен таныстыру) «Су — түссіз» «Тұрақты пішіні Суды тәрелкеге құйып, судың пішінінің өзгеруін бақылау «Күн мен жаңбыр» ойыны Тамшы: — Балалар, сендерге көп — көп рахмет! Менсіз табиғатта тіршілік жоқ екеніне көзім жетті. Сау болыңдар! — Бүгін біз не жайлы әңгімелестік? — Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу іс — әрекетке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп — көп рахмет! Мадақтау. Ал балалар, енді бізге келген қонақтармен қоштасайық. |
Балалар мұқият тыңдап отырады
-Ия -Су Балалар екі топта жұмыс жасайды Балалардың жауаптары |