Жаңа сабақтар

22 November, 2020 00:23

Ақтөбе обл.Хромтау қаласы

№3Хромтау орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Ерназарқызы Нәзипа.

Баяндама

Жаңартылған білім беру-заман талабы

Қазіргі заман талабы – ғылым мен техниканың деңгейін әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап етеді.Сондықтан да мектептегі оқу үдерісінің негізгі мақсаты – әртүрлі педагогикалық әдіс – тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып саналады. Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін техникаландыру сарапталып жаңашыл педагогтардың іс-тәжірбиелері зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақтылығы, білімділігі қажет. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің негізгі мақсаты- білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда.Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Осындай жаңа технологияларды қолдана отырып, сабақ беру мені қуанышқа бөлейді.Ал, енді жаңартылған бағдарлама бойынша білім беруге келсем, жаңартылған оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары мұғалімді шабыттандырып, одан сайын қанаттандыратыны анық. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзіреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.

Жаңартылған білім беру бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс–тәсілдері: белсенді оқу, бірлескен оқу, модельдеу, саралау, т.б. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы — оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым–қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Әрине, жаңашылдық болғаннан кейін заман талабына сай қиындықсыз болмайды. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім», – деп бекер айтылмаған. Бала оқыту жүйесінде мұғалімдерге үлкен міндет жүктелетіні айдай анық. Сол міндетті абыроймен атқару үшін күні-түні іздену, әлемдегі озық әдіс-тәсілдерді барынша мектеп өміріне ендіру – ұстаздар үшін парыз. Сонда ғана елбасымыз айтқандай озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құра аламыз деп ойлаймын. Әлемдік «Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, Ұлыбританиядағы білім сапасының сарапшысы М.Барбер «білім беру нәтижесін түбегейлі өзгертудің басты үш факторы бар, олар: педагогтік қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау, оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау және әрбір білім алушыға сапалы білім беруге қолайлы жағдай туғызу. Өйткені, кез-келген білім беру ұйымындағы білім сапасы онда жұмыс істейтін оқытушылар сапасынан жоғары болуы мүмкін емес» деген. Ол сонымен қатар, өзінің көптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып, «әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру ұйымдарын басқарудағы бәріне ортақ қасиет – ұйым жұмысындағы сапалы өзгерістерге қол жеткізудің бірден-бір факторы педагогтерді дамытуға қажетті жағдайлардың жасалуы» деп тұжырым жасаған. Елбасы Жолдауында елімізде білім беру саласын дамытудың жаңа міндеттерін нақты белгілеп берді. Осы міндетті іске асыру білім саласы қызметкерлері мен ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Мемлекет тарапынан білім деңгейін және ұстаздар беделін көтеру жолында көп игілікті істер атқарылуда. Білім сапасына қойылатын жаңа талаптар білім мазмұнын игеруде мұғалімнің оқушымен қатар тұруын қажет етеді. Оқушылар білімін критериалдық бағалау оқыту мен білім беруге деген әртүрлі тәсілдемелерді пайдалануға, оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингісін уақтылы жүргізуге, мұғалімге сабақты қажетті мазмұнмен толтыруға мүмкіндік береді, оқушылардың оқуға деген уәждерін арттырады, оқытудың заманауи әдістерін біріктіреді. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Оқушылардың білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады.Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.

Оқушылардың білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады Оқушылардың қазіргі заман талабына сай мектеп қабырғасында біліммен қаруларын шығуының бірден — бір жолы — күннен күнге ұлғайып отырған ақпарат көлемін игеруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру технологияларын енгізу болып табылады.Оқушылардың білім алу процесін жетілдіріп, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық тәсілдер балаларға ақпараттық технологиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп, кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты түрде оқуға кепілдік береді.Мұндай технологияларға Жобалар тәсілін, Модульдік оқытуды, бір мәселеге баса назар аударту арқылы оқыту, әркімді деңгейіне қарай жетілдіру және тұлғаға бағытталған оқыту элементтері, ойы программалары мен тест арқылы тексеру істерін жатқызуға болады. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі — оқытудың әдіс — тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру болып табылады. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді.Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.Білім — қоғамды әлеуметтік, мәдени — ғылыми прогресспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі — адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты — білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.Қай мемлекеттің де негізгі тірегі — асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. Осы мәселенің бәрін жинақтай келе жаңа заман мұғалімі — рефлекцияға қабілетті, өзін- өзі жүзеге асыруға талпынған әдіс- тәсілге бай , зерттеушілік қабілеті жоғары, дидактикалық -әдістемелік, ақпараттық және басқа да құзіреттіліктің жоғары деңгейімен сипатталған рухани адамгершілікті , азаматтық жауапты , белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы тиіс. Келешекте ұстаздық жолындағы әр мұғалімнің мақсаты — жаңа заман талабына сай тұлға қалыптастыруда.Жаңашыл ұстаз -заман талабы. Теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асыра алатын, жауапкершілігі жоғары , ізденімпаз жеке тұлға болуы тиіс. Ең жақсы мұғалім — шәкіртінің жанын түсінетін, оны өз перзентіндей сүйе алатын, оқушы үшін бойындағы барын беретін , барлық білімді жібермей, шәкіртін өздігінен білім алуға жетелейтін мұғалім.

Жаңартылған білім берудегі басымдылық –оқушының «қоғамның субьекті» ретіндегі өзіндік іс – әрекетін дамытуға бағытталады да, оның еліміздің әлуметтік – экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

Білім берудің инновациялық технологиясы – бірыңғай мақсатпен біріккен және оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологияларды қамтыған, оқыту, тәрбиелеу және басқару түрлерінің, әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен қатар дүниетанымын кеңейтіп, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы деп отырмыз. Бұл, әрине ұстазға да көп ізденісті талап етеді. Өйткені, «Шәкірт – біліммен толтыратын бос құмыра емес, ол жануға дайын тұрған шырақ, ал ұстаз шырақшы ғана…». Сондықтан, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа техналогияларын меңгермейінше, сауатты маман болу мүмкін емес. Осыған орай, әрбір ұстаз барлық жаңалықтар мен әдістерден хабардар болып, оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіріп, оларды тиімді қолдану жолдарын іздестіріп, өз кәсібін шығармашылықпен дамытып отыру қажеттілігі заман талабынан өз-өзінен туындап отыр.Білім беруді ұйымдастырудың дүние жүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Ондағы мақсат–оқушылардың танымдық қабілеттерін, яғни өзінше ойлау қабілетін арттыру,елестету мен есте сақтауын, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз ету. Жалпы білім беруде баланың білімін, білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын бірінші қойып отыр.Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі заманға сай жаңа технологиялардың , жаңа әдіс – тәсілдердің даму үдерісін арттыруға көп көмегі тиеді . Заман талабына сай ұрпақтың дамуына жан – жақты қолдау көрсетіп, шеберлік таныту біздің үлесіміз. Жаңартылған білім беру — заман талабына сай мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. 2012ж
  2. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016ж
  3. « Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж
  4. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения, 2012ж


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.