Күшті өлшеудің практикалық тәсілдері
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қарауылкелді орта мектебі
Қайруллина Ләйла Жолмұханқызы
физика пәнінің мұғалімі
9 «ә» класы
Сабақ тақырыбы: Күшті өлшеудің практикалық тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Күш түрлері, анықтамалары, формулалары, Ньютонның ІІ заңының қолдануларын оқып үйрену.
Тәрбиелік мақсаты: алған білімдерін тиянақтай отырып, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, бір – біріне көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: тақырып бойынша алған білімдерін қолданып, өз ойын айта білуге, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: проектор, динамометр, таразы, штатив, жүктер жиынтығы, серіппе, білеуше, арбаша.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысымын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Күш деген не?
- Күшті өлшейтін құралдың атауы қандай?
- Күштің пайда болуының себебі?
- Күштің өлшем бірлігі?
- Күш түрлері және формулалары қандай?
- Күштерді қосу формуласы
- Ньютон қай елдің физигі?
- Ньютон заңдарының формулалары
- Күштердің практикада қолданылуына мысалдар келтіріңдер
- Ауырлық күші, салмақ, тіректің реакция күші деген не, сынып жағдайында мысалдар келтіріңдер
І – кезең. Ой қозғау
Сабақтың мақсатын ашу.
- Күштің түрлері қандай?
үйкеліс күші
Ауырлық күші күш серпімділік күші
Күштердің әрқайсысына оқушылар сипаттама береді (анықтамасы, формуласы).
- Сатылай кешенді талдау технологиясы.
КҮШ
Анықтамасы: Күш – дененінің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатын физикалық шама.
Белгіленуі: F
Бірлігі: Н (Ньютон)
Өлшейтін құрал: Динамометр
Қасиеті: Үдеу туғызып, денелерді қозғалысқа келтіреді
Бағыты: Векторлық шама
Басқа шамамен байланысы: Ғүйк=μN, Fа=mg, Fсер=kx
Түрлері: Ауырлық күші, үйкеліс күші, серпіміділік күші.
ІІ – кезең. Ұғыну
Күштердің практикада қолданылуы: күнделікті тұрмыста, техникада, спорт ойындарында, аэродромда т.б.
ІІІ – кезең. Мағынаны тану (есептер шығару)
- Резеңке таспаның қатаңдығы 400 Н/м. Егер таспаға 5кН күш әсер өтетін болса, онда ол қандай шамаға созылады?
- Денеге әрекет ететін ауырлық күші 4кН. Ол дененің массасы қандай?
( g=9.8 м/с2)
- Массасы 40 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті – 0,3 ( g=9.8 м/с2)
- Дененің А нүктесіне түсірілген екі күштің тең әсерлі күші неге тең?
2Н 4Н
•
А
- 9 – жаттығу (1)
- 10 – жаттығу (2,3)
IV – кезең. Үйге тапсырма
§11, 12; 9 – жаттығу (2,3); 10 – жаттығу (4).
