Жаңа сабақтар

Балабақшадағы ата-аналармен қарым-қатынастағы қайшылықтарды болдырмау жолдары

Тараз қаласы, №2 «Айсұлу» бөбекжай-бақша психологы

Кебеева Акмарал Апбасбековна

Білім жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан ондағы тәрбиешілерге мәдениетті, сауатты, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Балаларға жастайынан берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталады емес пе? Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызы бар. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында: бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады деген. Соны басшылыққа ала отырып, ата-ананың қарым қатынасын ынтымақтастықпен құру көзделіп отыр. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын қызметін құзіреттілігін арттыруға жағдай жасау.

  1. Ата-анамен қарым-қатынасты ынтымақтастық жолымен жасау.
  2. Қарама-қайшылықтарды болдырмау жолдарын талдау.
  3. Ата-ананың тәрбиешімен қарама-қайшылықты пікірлерін зерттеу.
  4. Ата-ананың балаға дұрыс тәрбие беруге бағыттау.

Қарама-қайшылық дегеніміз бір-біріне қарама-қарсы бағытталған белгілі бір

субъектінің мақсатын, қызығушылығын, позициясын, принцип ұстанымының сәйкес келмеуін қарама-қайшылық деп атайды. Нәтижесінде мынадай пікірге келеміз, қарама-қайшылық әрқашан жағымсыз құбылыс болып табылады.

Егер балабақшадағы тәрбиешімен ата-аналар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуде тәрбиеші өзінің педагогикалық құзырлығын көрсетсе, оның болжауына жүйелі ынтымақтастық жұмыс жүргізілсе, ата-анамен тәрбиеші арасындағы дұрыс қарым-қатынас орнайды.

Балабақшадағы тәрбие жұмысын ата-аналардан бастап жүргізген дұрыс. Өйткені бала тәрбиесіндегі ата-ананың ықпалы басты орында тұр. Баланы кішкентайынан әдептілікке үйрете бастау керек. Сыйлау сезімін, сыпайылық қасиеттерін ояту керек. Ең бастысы отбасындағы ата-ананың бір-біріне деген сыйластық қатынасы балаға әсер етпей қоймайды. Үй ішінде өзара сүйіспеншілік байқалып, бір-біріне қуат беретіндей сөздер айтылып, жылы қабақ көрсетіліп жатса, оның өзі түсіндіруді, не талдауды қажет етпейтін тәрбие көзі емес пе? Бүгінгі таңда сәбилерін балабақшаға беріп, сол жерден үйреніп келетін қылықтарын көрсе «тәрбиешілердің үйреткені ғой» деп қолды бір сілтей салатын, оның дұрыстығына, не ерсілігіне мән бермей, тәрбие ісін балабақшаға толығымен жүктеп, бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін ата-аналар кездесіп отырады. Осыдан келіп, балабақшамен ата-аналар арасында байланыстың нашарлығы туындайды. Тәрбиеші мен ата-ана бір-бірін түсінбей жатса, ортақ мәмлеге келе алмаса, түзде бір тәрбие, үйде бір тәрбиеде бала мінезі орнықсыз болып қалыптасады. Осындай жағдайда ата-ананы тәрбие ісіне тартып, бала тәрбиесінің жүгін жұмыла көтерісіп, бала мінез-құлқының оңды қалыптасуына бірлесе ықпал етуге шақырған жөн.

  • Бала өзін-өзі басқара алмай қалғанда сіз сабырлы қалпыңызды сақтаңыз.
  • Бұл оған қауіпсіз сезінуге көмектеседі және сіздің де өзіңізді бақылауға мүмкіндік береді.

  • Балаңызды тыныштандырудың жолын анықтауға тырысыңыз.

  • Баланың неліктен өзін игере алмай қалғандығын түсініңіз.

  • Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысыңыз.

  • Баланың тілін түсініп, онымен сырлас дос болуға тырысу және оның ой-қиялына көңіл бөліңіз.

  • Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез-құлқын, іс-әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасай біліңіз.

Осыларды біле отырып сіздер сыртқы жағдайды не болмаса қалыптасқан ережелерді өзгерту арқылы келеңсіз жағдайды азайтуға болады. Осындай мәселелердің тығырыққа тірелуін күтпей, тәрбиеші мен бала және ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты күшейтіп, өзара түсініктерін орнату керек. Сондықтан ата-анаға ақыл кеңес бере алатын этнопедагогикалық әдістеме бірлестігін қалыптастыру қажет. «Баланың басты ұстазы – ата-анасы» демекші, Абай тағылымын басшылыққа алып, бала тәрбиесін этнопедагогикалық негізде жүргізу үшін ата-анаға жан-жақты көмек көрсету шараларын қолға алу қажет. Соның бірі ата-аналар жиналысын нақты бір тәрбие тақырыбында жүргізу. «Ата-анаға кеңес» бұрышына келешек бала тәрбиесіне қажетті тәрбие әдістемелерін ұсынған дұрыс деп санаймыз. Болашақтың жарқын болуы сол болашаққа қалатын ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараудан басталады. Балабақша мен ата-ананың сабақтастығы ертеңге қалдыруға болмайтын, өз кезегінде жүргізілуі тиіс. Бала тәрбиесінде кеш қалуға – ол ықлмыс. Әрбір ата-ананы ойлануға шақыру. Сол ата-ананың өмір бойы қолы тимей тек ақшалай қаржыландырып отырған тұлғаның басты қажеттілігін қанаттандырмау түзелмейтін кемшілік екендігіне көз жеткізу. Қоғам болып жұмыла әрекеттесу, өз кезегінде жемісін берері сөзсіз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.