Жаңа сабақтар

Бала бойындағы үрей, оның себептері

Тараз қаласы, №2 «Айсұлу» бөбекжай-бақша психологы

Кебеева Акмарал Апбасбековна

«Үрей» дегеніміз не? Біз, үлкендер көбіміз әлі күнге дейін, кішкентай бала кезімізде қараңғы дәлізге, бөлмеге кіруге қорқып, түрлі қорқынышты дыбыстар, түсініксіз қиқыл, есіктің шиқылын… т.с.с. естіп, елестетінбіз.

Әрине кішкентай бала қараңғыда бір қадам жасауға қорқады: алақаны терлеп, арқасында құмырсқалар өріп жүргендей, себебі бұрышта «өрмекші» немесе «мыстан кемпір» тығылып тұрғандай, сонымен қатар оның бала қиялында олар қимылдағандай көрінеді.Осы бала кездегі үрей сезімі, біздің миымыздың бір бөлігінде мәңгілікке сақталып қалады. Біз ол туралы балаларымыздың көзінше де айтып, сол кездегі үрейімізді бөлісеміз, бірақ баламыздың оны мұқият тыңдап үрейленіп отырғанын сезбейміз де.

Егер де «үрей» өте көп болса, бала психикасы бұзылады, оның интеллектуалдық және шығармашылық қабілетіне кесірін тигізеді, ал керісінше үрейдің тіптен болмауы да бала өмірі мен денсаулығы үшін өте қауіпті болады.

«Балалық үрей» барлық балаларда болады. Әсіресе өте эмоционалды, сезімтал балаларда бұл ерекше жарқын көрінеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың үрейлілігі көбейеді, белгілі бір кезеңге дейін болады. Балалық үрей бала есейе келе азайып, өз себептері мен жауаптарын тауып және психологиялық жағынан тұрақтана түседі. Бірақ үрейдің бір бөлігі адаммен бірге қала береді, бұл әрине өкінішті. Үлкендер өз үрейін меңгере біледі, ал балаларға өз үрейімен күресу қиынға түседі, әлбетте үлкендердің көмегі керек , бірінші кезекте ата-аналар баса көңіл бөлуі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балалардың үрейлілігі

Бала жас ерекшелігі Үрей түрлері
8-10 айлық Бөтен адамдардан қорқады.
1 жас Жалғыздықтан қорқады.
1 жас 6 ай Үйдегі шу, дәрігерлер мен ине салудан қорқу, анасының ұзақ уақыт тастап кетуінен қорқады.
2 жас Ата-аналарының жазалауынан қорқады, көліктерден, бірқатар жануарлардан, ине салудан, ауруханадан қорқады
3-4 жас Ертегі, мултьфильм кейіпкерлерінен қорқыныш, ине салу мен аурудан қорқыныш. Қаннан қорқыныш, биіктен, күтпеген дыбыстан, қараңғыдан, жабық кеңістіктен қорқады.
5-6 жас Өлімнен қорқыныш, түрлі ойлап табылған ғажайып кейіпкерлерден қорқыныш, қорқынышты түстер мен соғыс, өрттен қорқыныш.

Мұндай қорқыныштың пайба болу себептері мынадай:

  • Туыстарындағы қорқыныш еріксіз түрде беріледі;
  • Баламен әркез үрейлене қарым-қатынас жасау;
  • Қауіп түрлерінен ерекше сақтану;
  • Шектеулердің көп қойылуы;
  • Үлкендердің себепсіз көп сес көрсетуі;
  • Психологиялық жарақат алу – қорқыныш пен елегізу;
  • Отбасындағы шиеленіскен жағдай.

«Балалық үреймен» күресте бастысы — қорқынышты затты жақын таныстыру, еш алдауға болмайды. Егерде бала қорқыныш тудыратын затпен жақын танысса, ол қорқыныш тудырмайды. Балалар кенеттен шыққан дыбыстан қорқады, бірақ сол дыбыс неден шығып жатқанын көзімен көрсе одан қорқуын қояды. Ендеше баланы ешқашанда қорқытуға болмайды.

Қозғыш — невротикалық үрей – ұзақ және шешілмеген уайым мен өткір психикалық соққы, сонымен қатар өз-өзіне деген сенімсіздік , өзіндік бағаның төмендігі, психологиялық қорғау, үрейленудің шамадан көп болуы. Мұның барлығы невротикалық қозуға, баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауына әкеліп соғады. Олар барлық жаңа және белгісіз нәрседен қорқады, әркез эмоционалды қысымда жүреді. Балалар үрейлілігі түрліше көрінеді, кей-кезде ол қасындағы адамдарды естен тандырарлықтай әсер етеді. Балалар невротикалық үрейі осылайша тұрмыста көрініс табуы, өзіндік белгілермен көрінеді.

Жағдаяттық үрей — әдеттен тыс, өте қауіпті, мысалы иттің шабуылдауы кезінде туындап, сол үрей бойында қалып кеткен жағдайда. Адамдар арасында «жұқпалы» үрейде бір-біріне беріледі, сонымен қатар отбасы мүшелерінің үрейлі болжауы, өмірлік сәтсіздіктер мен дау-жанжал жағдайында туындайды.

Жеке себепті үрей – таныс емес жағдайда, жаңа таныстық, мінез-құлықтың секемшілдігі жағдайында туындайды.

Үрейдің бала бойында пайда болуының бір себебі яғни, ол басынан өткен бір оқиға. Мысалы, баланың лифтіге кіруге қорқуы, себебі бұрын бір жолы лифтіде қамалып қалып шарасыздықтан қорқыныш пен үрей бойында қалып қойған. Сонымен қатар үрей белгілі бір адамнан қорқу немесе қорқынышты кейіпкерлерден үрейленіп қалу. Тағы бір себебі – оны әдейілеп қорқыту.

Теледидар да қосымша үрей көзі болып табылады. Сондықтан бала қандай ақпаратты көріп, қалай қабылдағанын бақылап отыру. Әрине түрлі әдеби шығармаларды оқыған кезде де ондағы оқиға да балада қандай әсер ететінін ойланыңыз. Бала жасы кіші болған сайын, ол да ерекше әсіршіл болып келеді. Сондықтан балаға жаңа ертегі оқып берер алдында оның мазмұнымен өзіңіз танысып шыққаныңыз жөн.

К.Д.Ушинский «Үрей бұл-адам сезімдерінің ішіндегі ең қанаушы (езуші) түрі» деп айтқан.

Хемингуей «Үрей мен қорқақтық — адам бойындағы сенімділікті ең көп әлсіретеді »

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.