Жаңа сабақтар

Кигай Сэлэнгэ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы

Береке орта мектебі «Балауса» шағын орталық

Тәрбиеші:Кигай Сэлэнгэ

Тақырыбы: «Сиқырлы табиғат әлеміне саяхат»

Білім көздері: Сөйлеуді дамыту, Қоршаған ортамен танысу

Билингвальді компонент: Күн – солнце, Табиғат – природа, Ай – луна

Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға баулу. Міндеті:Оларды табиғат ғажайыптары мен табиғат құпиялары туралы мағлұматтарымен таныстыру. Тәрбиелігі: Экологиялық тәрбие беру. Өз елінің, жерінің табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу. Дамытушылығы:Табиғаттың тіршілігіне және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғарғы адамгершлік сезімдері мен жауапкершілігін дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Біз әдепті баламыз,

Құрметті қонақтарға

Бас иіп сәлем береміз!

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі тақырыбымыз «Табиғат тамашасы». Табиғат-ана жер жүзіне жылуын, мейірімін сыйлап түр емес пе? Сондықтан, ешқашан жамандық жасама, жақсылық қана ойла. Барлығы саан жақсылық жасауға, дос болуға ұмтылады. Енді, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Егерде жұмбақтың шешуін тапсақ, табиғаттың сиқырын ашылады.

Таң атқанда қауызын ашады,

Кеш батқанда қауызын жабады.

(Гүл)

Табиғат сендерге ризашылық білдіріп, гүлін ашты. Балалар, сиқырлы табиғат гүліміз ашылды,

амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе, сиқырлы ханшайым! Ханшайым: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мені танисындарма. Мен табиғат аясындағы сиқырлы ханшайыммын. Сендер көптеген сиқырлы тапсырмаларды ала келдім.

«Табиғат мінезі» жаттығуы

Қәне,барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша, ашық күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет аяқ астынан жел соқты. Алдымызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.

Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.

Кенет, боран басталды – енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз. Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жаймен ұрамыз.

Бір кезде қатты жауын жауды – біз қаты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.

Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.

Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.

Сұрақ – жауап

Ханшайым: Табиғатқа нелер жатады?

Балалар: Су, ауа, күн, өсімдіктер, жануарлар, құстар, балықтар жатады.

Ханшайым: Табиғат нешеге бөлінеді?

Балалар: Табиғат екіге бөлінеді: тірі табиғат және өлі табиғат.

Тірі табиғатқа: Балықтар, құстар, жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер жатады.

Өлі табиғатқа: Су, ауа, күн, ай, тау, аспан жатады.

Ертегі: «Күн мен Ай» (кейіпкерлеу)

Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен – бірі асқан сұлумын деп бірімен – бірі үнемі ұрысысып, жиі – жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:

-Сенен мен сұлумын!- дейді. Ал Айсұлу.

-Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын!- деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланган Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырғвн Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу бірінен – бірі көрінбейді.

Балаларды орталыққа болу арқылы жұмыстарын жалғастыру. «Өнер» орталығы Айдың суретін бояу, «Қүрылыс» орталығы Күнді құрастыру, «Әдебиет» орталығы табиғат құбылыстарымен әңгіме құрастыру

Сергіту сәті: Қарлығаш

Билингвальді компонентті қайталау: Күн – солнце,Табиғат – природа,

Ай –луна

Балаларды орталыққа ауыстыру

Дидактикалық ойын: «Табиғаттан не үйрендім»

Айтып отырып суретті жабыстырып, табиғат бейнесін құрастыру.

Жылулықты – күннен,

Тазалықты – судан.

Өсуді – ағаштан,

Биіктікті – таудан.

Иә, балалар, біз табиғаттан көптеген заттарды үйренеді екенбіз.

Табиғат туралы тақпақ кім айтады ?

1-бала:

Табиғат егіз адаммен,

Ұқсастық табам содан мен.

Мәңгілік болсын егіздер,

Жер – ана, көл, теңіздер.

2-бала:

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Күресейік, бір – бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

3-бала: Көлдің көркі – құрақ

4-бала: Орман – ел дәулеті

5-бала: Таудың көркі – бұлақ

Дидактикалық ойын: «Қайда бардым, не көрдім»

Бардық дейік орманға

Не бар екен ол маңда

Көргендеріңді баянда.

Балалар: Ағаштар, гүлдер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жидектер, аңдар, құстар.

Жазда барып өзеннің

Жағасына бөгелдім

Кім айтады кәнеки

Мен ол жерде не көрдім.

Балалар: Су, тас, құм, шөп, гүл.

Тау басына өрмелеп,

Шаршап талай бөгелдім.

Жан – жағыма мен кенет,

Қарап едім, не көрдім.

Балалар: Тас, гүл, қарағай, шырша, өзен, аспан, бұлт, күн, құм, құстар.

Қоштасу шеңбері:

Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!

Таза ауа саған рахмет!

Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

Ағаш көлеңкеңе үшін рахмет!

Жер жомарттығың үшін рахмет!

Табиғат сұлулығың үшін рахмет!

Қонақтар, сабағымызға келгендеріңіз үшін және мұқият тыңдағандарыныз үшін рахмет!


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.