Жаңа сабақтар

Заирова Динара Султанмурадовна

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

Мұнайлы ауданы

«Өмірзақ» балабақшасы

\ Тәрбиеші: Заирова Динара Султанмурадовна

Ересек тобы: Ашық оқу қызметі

Сөилеуді дамыту

Оқу-іс әрекетіміздің тақырыбы:

«Тәуелсіз — ел жаңғырығы»

Мақсаты : Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру .Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету . Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .

Тәрбиеші: Қане балалар қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келіпті орнымыздан тұрып қонақтармен амандасайық

Балалар үш тілде амандасады

Тәрбйеші:

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз

Қазақстан Республикасының Гимнн орындалады.

Бәрі де сенің Отаның

Бойыңды биіктететін.

Рухына балап атаның

Өлгенше сүйіп өтетін.

Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не? Балалардың жауабы.

-Отан дегеніміз – адамың туып – өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені .

Отан туралы тақпақтар :

Алина : Отан деген — атамекен,

Отан деген – туған жер

Әбу Е. Отан – ана, Отан үлкен ,

Қазақстан – туған ел !

Қ.Айару. Отан ұран ,Отан – туым ,

Отан мәңгі гүлденеді

Ислам: Отан жерім , Отан – суым ,

Отан қуат, нәр береді

-Балалар , ал еліміздің туралы не білеміз.

Тәрбиеші:Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.

Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды .

Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді

Тәрбиеші:Қане балалар мен сендерге тапасырма беремін, сендер үш топка бөлініп маған туды,Елтаңбаны ,Бәитеректі бояп бересіңдер

Сергіту сәті:

Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға солға бұрылывп

Егеменді ел көрдім

Тәрбиеші :Балалар қараңдаршы бізге қонақ келді

Алдар көсе: Балалар сендер мені таныдыңдар ма? Мен кіммін ?

Балалар : Алдар көсе

Алдар көсе: Кім айтады ? Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар : Қазақстан Республикасында

Алдар көсе : Қай қалада тұрасыңдар ?

Балалар : Ақтау қаласында

Алдар көсе : Сендер Отан Туралы тақпақтар білесіңдер ме ?

Ариза: Өзіңдікі – Елің де,

Өзіңдікі – жеріңде,

Өзіңді өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төріңде .

Дания : Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз

Тәрбиеші :Олай болса балалар ұлттық ойын ойнайық .

Ұлттық ойын: Күш сынасу.

Тәрбиеші : Балалар , сендер Отан ,Қазақстан , туған жер туралы тақпақтарды өте көп біледі екенсіңдер ! Жарайсыңдар ! Ал мақал – мәтелдер білесіңдер ме, оны «Кім жылдам?» ойыны арқылы байқап көрейік . Мен мақалдардың басын айтам , сендер жалғастырып айтыңдар .

Отан –оттан да ыстық

Туған жердей жер болмас,

Тәрбйеші: қане балалар тәуелсіздік туралы тақпактар айтайық

Туған елдей ел болмас

Өз елің – алтын бесігің

Отан – елдің анасы ,

Ел – ердің анасы.

Тәрбиеші Жарайсыңдар

!Енді тақпаққа кезек берейік.

Тәрбиеші: қане балалар тәуелсіздік туралы тақпактар айтайық

1 Аиару.

Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

2 Рахман.
Он алтыншы желтоқсан —
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.

3 Батырхан.

Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәууелсіздік — ұлық той.

4 Раяна

Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.

5 Инжу.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн

6 Ернар.

Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!

7 Улмекен.

Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға, Әпкелеріміз.

8 Жанболат.

Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға

9 Мади.

Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!

Тәрбиеші : Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар . Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге, қорғауға міндеттісіңдер . Саналы , білімді азамат болу үшін не істеу керек ?

Балалар . Еңбек етуіміз керек .

-Біздің қазіргі еңбегіміз не ?

Балалар. Оқу!

Қорытынды:

Балалар 16-желтоксан қандай мереке?

Бізге бүгін кім келді?

Біз бүгінгі оқу қызметімізде не үйрендік

Балалардың жауабы:

Жарайсындар балалар

Тәрбиеші:сонымен бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды

Балалар қонақтар мен қоштасамыз

Қош сау болыңдар!


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.