Жаңа сабақтар

«Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту»

Павлодар қаласы № 48 санаторлық сәбилер бақшасы» МҚҚҚ
Тәрбиеші Кошумбекова Жанар Булатовна

Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні

Тәрбие – баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тербелейтін негізгі іс — әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым – қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез — құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған.

Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай – ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдерін, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.

Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болу керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой — өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, алдын – ала жұмыс жүргізу керек.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдырымен ұйымдастырылады.
  2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және тағы басқа.
  3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл – ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.

Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі – сабақтың әр кезіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын – ала дайындап алуға , балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы.

Ойын түрлері сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталай бермеу керек, ол үшін өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп, оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру қажет. Барлық сабақтарда дидактикалық ойындар қолданылады, оны сабақтың ортасында қолданған ыңғайлы. Мысалы, сауат ашу сабағындадидактикалық ойындар балаларды тәрбиешінің айтқанын дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда сақтап, сөз құрастыруға, олардың ой — өрісін дамытуға үйретеді.

Дидактикалық ойын сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар аз ойналады. Мысалы, бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане, «сен көк кубиктерді әкелші», «үстелге апарып қойшы» т.б. Бұл жерде баллар кеңістікке бағдарлауды үйренеді.

Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін — өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуге баланың ойынды саналы түсініп, оның шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Ойын мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы онда жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырылады. Жолдасының қатесін түзетуге көмектесуде, ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жатықтырылады.

Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ол ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі – монологтық және диологтық сөйлеуге арналған. Мысалы: «Телефон» ойнында диологтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі боуға үйрету болып табылады.

Антоним сөздермен таныстырғанда жануарларды зообаққа әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың денесіне қарап, «үлкен, кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен торға немесе кіші торға орналастырады. Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ой — өрісін кеңейту үшін өте пайдалы. Сондықтан антоним сөздерді осы сияқты дидактикалық ойындарды ұйымдастыру арқылы меңгертуге болады.

Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай аталады?» «Жалпы атауын бер», «Жеке – жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, тарелка, шанышқы «ыдыс аяқтар», алма, алмұрт, шие, өрік – жемістер, қияр, картоп, сәбіз, қызылша – көкөністер, көйлек,камзол, тақия, бешпент – киімдер, етік, туфли – аяқ киімдер т.б. немесе керісінше үй жиһаздарын — диван, төсек, үстел,орындық , теледидар, отбасы мүшелерін — әке, шеше, ата -әже, аға – іні, қарындас т.б. оқу құралдарын – кітап, дәптер қалам, өшіргіш, сумка т.б.

Баланың шығармашылығын дамытуға имитациялық ойындар «Біздің көңіл күйіміз?», «Қоянның көңіл — күйі» т.б. ым, мимиканы әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды, салып, көрсетуге үйрету. Ыммен, мимикамен көңіл – күйді салып, оны сәйкес сөздермен айту. Мысалы: Қоян қорқып тұр. Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағымен, қуану, ренжу, жылау, т.б. салуға, сол арқылы адамның көңіл – күйін түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді.

Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты көрсетіледі. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы баланың тілін дамытумен қатар ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуға болады.

Сабақтың қызықты, тартымды өту үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталуы үшін эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай, әдемі қораптарда, қалталарда тұру керек. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданып отырсақ қана мақсатқа жетіп отырамыз.

Ойын арқылы бала тілін дамыту

Ойын балалар үшін айналадағы танып білу тәсілі.

Ойынның негізгі ерекшелігі – Балалар үн – түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғаның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым – қатынас үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен, «Аурухана», «Ұшқұштар», «Отбасы», «Балалар бақшасы» және т.с.с. болып ойнайды.

Ойынның сюжетті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым – қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қозырады. Ойын процесінді балалардың өздері ойнаушылардың мінез – құлқы мен өзара қарым – қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойындыақылмен ұйымдастыра білу қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушы болуға тиіс.

Ойын көбінесе серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар ( кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті – рольді, драматизиялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сюжетті рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Сюжеті – рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылдық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжеті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.

Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжетті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті – рольді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.

Құрылыс ойыны – балалар әрекеттің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс — әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті – рольді ойынға ұқсас келеді, және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді.

Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейілінше тән оқыту формасы болып табылады. Ойын олең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі. Мысалы: «Сиқырлы қапақтың сырын ашайық» деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті — қаппақтың астында не бар екенін білу.

Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл – ой қызметін дамытуда, өзара қарым – қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарды да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында жиі қолданылады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, учаскіде өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.

Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Стол үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?» «Бұл кімге керек?» т.б.) пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қақпалар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз»т.б.), мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (кім не біледі, немен жүреді, немен жүзед, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.

Қимыл ойындары балалардың қозғалысын жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алуды жаттықтыруға, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке – пихикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым – қатынасын, баланың мінез – құлқын анықтайды. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізілнді. Олар сондай – ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнау алады. Қимылды ойындарды ұлттық ойындар желісінде ұйымдастыруға болады. Мысалы: «Соқыр теке», «Көкпар», «Асық», «Бәйге», «Тақия тастамақ» т.б. ойындар жатады. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі.

Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.

Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.

Бала танымын ойынмен дамыту

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл – Фараби өзінің «Бақыт жолында» атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана оны бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқталса, ұлы Абай өзінің 43- қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, оның өзі із – түссе жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі – оқу, білім деп тұжырымдайды.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да – ойын әрекеті болып саналады.

Қай ғылымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «Ойын баланаң жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл – ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойы өсіреді.

Орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» — десе, ғалым Е.А.Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды – деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп – тұмарының сабақтасып жатқандаға туралы тұжырым жасайды.

Ойын – таным процесін дамытудың негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші – ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыруы керек.

Сабақта ойын элементтерін қолдану немесе сабақты толықтай ойын түрінде өткізу тәрбиешіден аса біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Сондықтан олардың оқу мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілікпен және сақтықпен қарау талап етіледі.

Ойын мазмұнындағы сабақты жоспарлағанда көзделетін мақсат тәрбиелеушінің жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай құрылып, оларды шығармашылыққа қарай жетелей алуы керек.

Ұстаз ойынға тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін танымның, білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мақсатына жете алады.

Өйткені, ойын арқылы ғана дамыған бала ағаш мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, өзінің психологиясын жан – жақты жетілдіріп, мінез – құлқын, ерік – жігерін, қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, оқудың мазмұнына қызығушылықпен қарайды.

Бұдан шығаратын қорытынды мақсаты дұрыс таңдалып, сауатты түрде ұйымдастырылған ойын ғана бала танымының дамуына жағдай жасайды.

Сабақта ойынды дұрыс қолдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әрбір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын ала білу, ойын арқылы баланың танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.

Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы

Бала мен балалар ұжымының дамуында мектеп жасына дейінгі іс — әрекеттің негізгі түрі ойын – орасан зор роль атқарады. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәслі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұннан әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап – ақ маңайындағыларымен қарым – қатынас жасауға ұмтылады, соның арқасындажасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді. Балалар ойындарның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала ойында қалай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан ұқсас болады». Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізі ерекшелігі – ол балалардың қоршаған өмірді — адамдардың қимылын, іс — әрекеттерін, олардың бала қимылын туған жағдайдағы қарым – қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн – түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді.

Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез — келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары, сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойынан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі – ол балалардың қоршаған ортаны – адамдардың қимылын, іс — әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарам – қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар үн – түнсіз ойнамайды, жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті , сюжетті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Бала бақшасы» және т.с.с. болып ойналады.

Ойынның сюжетті, мазмұны- бұл оның жанды тұлғасын қарайты, ойын әрекеттерінің, балалардын өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылырдың мінез – құлқы мен өзара қарым — қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларға жақын болуға олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесі, өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым – қатынасын бағыттып отырады. Өзі де сол ролге қатыса алады. Ойынның көп уақытты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар (кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу роліндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті – рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сюжетті – рольді ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті – рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқы да болуы мүмкін. Сюжетті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әректтері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Педагог өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті – рольді ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.

Драматизациялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжетті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті – рольді ойынға ұқсас. Драматизация ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.

Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің біртүрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірде алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс — әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, теміржолдар, театрлар, цирктер, т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.

Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейілінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылымен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» — деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу.

Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес балалардың білімді игеру, ақыл – ой қызметін дамытуда, өзара қарым – қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу, іс — әрекеттердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында, математика, тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет, сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда, өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.

Әрбір топта дидактикалқ тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың керектілері болу керек. Стол үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?», «Бұл қай кезде болады?», «Бұл кімге керек?» т.б.), пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қалпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз»т.б.), мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтар балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын ойындар қызықты болады. Оларда табиғат құбылыстары, транспорттың алуан түрлері (кім не мінеді, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.