Жаңа сабақтар

Турдалиева Гульжамал Турлибековна

Түркістан облысы, Арыс қаласы №11 Арыс бөбекжай балабақшасы

Тәрбиеші: Турдалиева Гульжамал Турлибековна

Білім саласы; Коммуникация, Шығармашылық.

Бөлімі: Көркем әдебиет,сурет.

Тақырыбы: Абай –ұлы ақын.

Мақсаты; Балалар ұлы ақынның өнегелі өмірі мен танысып ,өлеңдерін мәнерлеп айта алады.Әртүрлі әдіс-тәсіл мен жыл мезгілдерін бейнелеп сала алады.

Көрнекілігі; Абай суреті ,слайд, буклеттер, Абай туралы кітаптар,

Ұйымдастыру кезеңі;

Шаттық шеңбері;

Кел достарым келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер.

Шақырамын сендерді,

Жолдастарым кел бері,

Толтырайық шаттыққа,

Дөңгеленген шеңберді.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін есімізге түсіріп суреттер арқылы айтып өтейік.

Балаларға қыс мезгіліне байланысты карточкалар таратып береді.

Балалар берілген карточкалар бойынша қыс мезгілінің ерекшеліктері мен құбылыстарын атап суретті тақтаға жапсырады..

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып ,аяғын көп шалдырған,

Өлі деуге болама ойлаңдаршы.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.-деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесіменде, жалынды жырымен де бізбен бірге

Бүгінгі біздің оқу қызметіміз ұлы Абай атамызға арналады.

Абай Құнанбай ұлы кім?

Абай Құнанбай ұлы туралы слайд көрсету.

Абай атамыз Семейдің Шыңғыстау деген жерінде 1845 жылы дүниеге келген .Әкесінің аты Құнанбай ,анасы Ұлжан.Абайдың шын аты Ибрагим,оны әжесі Зере еркелетіп Абай деп атап кеткен.Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып ,хат таныған ,ол үздік оқушы болған.15 жасынан бастап әкесіне ,би атанған.

Абай атамыз тек өлең жыр жазып қоймай сонымен бірге орыс тілінен қазақшаға аударып аударма мен айналысқан.

Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер ,білім алуға шақырды.Адал еңбек етуге ,халқына пайда келтіруге үндеді.

Көрініс; Абай мен Әбіш.

Тәрбиеші; Абайдың Әбдірахман деген баласы Петербургте оқып,жазғы демалыста үйіне келеді.Абай баласының алғырлағын сынап білейін деп былай дейді;

Абай; Қалқам Әбіш,осы әлемдегі ақ зат асыл ма ,қара зат асыл ма?

Әбіш; Ақ зат асыл ғой.

Абай;Неге қара зат асыл емес пе?

Әбіш;(күліп) Әке, қараны қалай асыл дейсіз?

Абай; Балам ,біріншіден ,адам баласы барлық нәрсені көзбен көреді емес пе .Көздің ағы көрмейді ,ортасындағы қарашығы көреді. Қараның асылына осы дәлел .

Екіншіден балам,қағаз ақ ,одан адам оқып адам білім ала алмайды ,үстіндегі қара сиядан өнер білім алады.

Үшіншіден жас кезле адамның сақалы ,шашы қара болады.Жас күнде адам ақылды ,білімді,күшті болады.Қартайғанда шаш сақал ағарады,күш қайрат азайады .

Балам сондықтанда мен қараны асыл ма деп ойладым.

Әбіш;Әке оның бәрін қайдан білдіңіз?

Абай; Ақылмен білдім,балам.

Әбіш;Олай болса ,ақыл мида болмай ма,ал ми ақ зат емес ?

Екіншіден ,ақыл –нұр ,жарық зат .Олда аққа ұқсамай ма.

Абай; Бәрекелді балам ,ақылыңнан айналдым.(баласының маңдайынан иіскеп сүйеді,)

Абай Әбштің тауып айтқан сөзіне риза болады.

Балалар сендер Абай атамыздың өлеңдерін білесіңдер ме?

Ақмөр; Айнара;

Әсемпаз болма әрнеге, Құлақтан кіріп бойды алар,

Өнерпаз болсаң, арқалан Жақсы ән мен тәтті күй.

Сен де бір кірпіш дүниеге , Көңілге түрлі ой салар,

Кетігін тап та,бар қалан. Әнді сүйсең, менше сүй.

Саят;

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Нұржан;

Түйе боздап, қой қоздап-қорада шу,

Көбелекпен, құспенен сайда да ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Жарайсыңдар балалар ,Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айтып бердіңдер.Абай атамыз өлеңдерінде өнерге ,білімге шақырады.

Сергіту сәті;

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз

Былай қанат қағамыз.

Балалар ойын ойнағыларың келе ме?

Құрылымдалған ойын; Жыл мезгілдері.

Мына үстелдің үстінде жыл мезгілдеріне байланысты суреттер бар.Ұнаған мезгіл суреттерін алғызу барысында балаларды төрт топқа бөлінеді.

Бірінші топ; мақтаға оралған таяқшамен қыс мезгілінің суретін салады.

Екінші топ;қағазды умаждап ,бояуға батырып ұрып жағу әдісі арқылы көктем бейнесін суреттейді.

Үшінші топ; дайын үлгі суреттерді қиып әр қайсыын өз орнына жабыстыру барысында жаз мезгілін бейнелейді.

Төртінші топ; дайын үлгі суреттерді қиып күз мезгілін бейнелейді.

Балалар жұмыстарын жасап болған соң әр топ өздерінің жұмыстары жайлы әңгімелеп береді.

Балалар бүгінгі оқу қызметіміз кім туралы болды?

Абай Құнанбай ұлы кім?

Абай Құнанбайұлы ақын,күйші,ұстаз,аудармашы,сазгер.

Абай атамыз өз заманында оза туған дара тұлға.Артына өшпейтұғын із қалдырған .

Ал енді оқу қызметімізді Абай атамыздың Көзімнің қарасы әнімен аяқтаймыз.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.