Жаңа сабақтар

Турсынов Берикбай Сайлыбаевич

Түркістан облысы. Келес ауданы №40Ғани Мұратбаев орта мектебі. Өзін -өзі тану мұғалімі. Турсынов Берикбай Сайлыбаевич

Сынып: 3

Тақырып: «Білім өмір шырағы»

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер:сүйіспеншілік.

Сабақтың мақсаты: «Махаббат»,«білім» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Оқу- білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
  • Оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту;
  • Ізгілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Ресуртар:

(Құралдар, мәліметтер)

Мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқулық.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сәлемдесу
  3. 5 «Т» еске түсіру
  4. Құрал жабдықтарын тексеру

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» (музыка ойнап тұрады)

Ыңғайлы отырыңыздар … Тынышталып денелеріңізді бос ұстаңыздар. Көзімізді жұмамыз. Көз алдарыңда көк шалғынды дала. Жұмсақ самал есіп тұр. Аспанда күн нұрын ерекше төгіп, сенің маңдайыңнан өтіп жүрегіңе құйылды. Нұрға бөленген жүрегің жаңа ашылған гүлдей сүйіспеншілік қауызын ашады. Сүйіспеншілікке толы жүректен күннің нұры сенің аяғыңа түседі. Аяғыңнан күннің нұры қолыңа барды, тек жақсыны ғана ұстау үшін. Күннің нұры қолыңнан ауызыңа барды, жақсыны ғана айту үшін. Ауызыңнан күннің нұры құлағыңа барды, тек жақсы сөз есту үшін.Күннің нұры көзіңе барды, тек жақсыны көру үшін. Сенің бүкіл тұла бойыңа сүйіспеншілік нұрына бөленді. Сен осы сүйіспеншіліктеріңді досыңа, ата – анаңа, барлық мектептегі таныстарыңа жібер. Айналаң сүйіспеншілік нұрына бөленсін. Біздің сынып та нұрға бөленіп сүйіспеншілікке толды. Көзімізді жаймен ашайық. Рахмет. Балалар, міне біз жағымды көңіл – күйге ендік, енді 5Т ұстанымын еске сақтай отырып, сабағымызды жалғастырайық

5 «Т» ұстанымы 1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық

Үй тапсырмасын тексеру «Табанды бала» аңыз әңгімесін оқып,талдау.

  • Бала өз мақсатына қалай жетті?
  • Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?
  • Адамға білім не үшін қажет?
Сабақ барысын талқылау.
Дәйексөз:

«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

Халық мақалы

Мұғалім сыйы: « Білім мен байлық»

Білім мен байлықтың қайсысын таңдарын білмей жол айырығында жасөспірім бір ғұламаға келіп ақыл сұраған екен. Сонда ғұлама білімнің артықтығына әр түрлі дәлелмен дәлелдепті.

Білім – даналардан қалған мирас, білім сені бағады, ал байлықты сен бағасың. Білім досыңды көбейтеді, ал байлық дұшпаныңды арттырады. Білім іздеген сайын көбейе, молая береді, жұмсағанмен азаймайды, ал байлық жұмсасаң азаяды, кемиді, жойылады. Білімің көп болса, ел сені құрмет тұтады, ал байлығың мол болса қызғанады. Білімге есеп – қисап жүргізбейсің, ал байлығыңды күнде есептеп отыруың қажет. Білім қаншама көп болғанымен іріп- шірімейді, бүлінбейді, ал байлық бір жұрттық өледі, жоғалады.

Білім жан дүниеңді байытады, ал байлық қиялыңды, көзқарасыңды шектейді, тура жолдан тайдырады.

Білімді адам мәдениетті, әдепті, адамгершілікті болады, ал байлығы мол адам мақтанады, әркімге асташылық көрсетеді. Таразының қай басы ауыр тартқанын өздерің бағамдай жатарсыңдар

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Мақал –мәтелдерді көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жалғастырып жазу.

  1. Оқу – білім…

Білім – өмір…

  1. Оқу — … құдық қазғандай.
  2. Оқу түбі- …
Топпен ән айту: « Ақылшым — мұғалім»

Сөзі: Ә. Дүйсенбиев

Әні: И. Нүсіпбаев

Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім.

Баулитын өмірге

Ақылшым – мұғалім.

Тіліңді аламын,

Айтқанды ұғамын.

Мен сендей боламын,

Ақылшым – мұғалім.

Үй тапсырмасы.

Е. Ашықбаевтың «Кітаптың жыры» оқып келу .(23 бет)

Бағалау

Белсене қатысқан оқушыларға жұлдызшалар,жүрекшелер үйлестіру.

Қорытынды.Ұстаз-тек оқу, жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол шын беретін көмекші, қамқор, іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін сенімді дос бола алады.

Соңғы тыныштық сәті

Әсем әуенмен. Көзімізді жұмып денемізді тік, еркін ұстай отырып, ойша теңіз жағалауына саяхат жасайық. Біз теңіз жағалаудамыз, теңізден ескен самал жел бойымызға қуат беруде, барлығымыз бірге демдерімізді жалаң аяқ тұрмыз, қолымызды жоғары күн сәулесіне соза, теңіз лебінен күш, нәр, жылу ала барлығымыз бірге мына сөздерді брнеше рет қайталаймыз.

  • Мен мейірімдімін.
  • Мен бауырмалмын.
  • Менің қолымнан барлығы келеді.
  • Мен бақыттымын. Осы жақсы көңіл- күйді сақтай отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.