Жаңа сабақтар

Кушкеева Қымбат Оразалиевна

Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты

Педагог-психолог Кушкеева кымбат Оразалиевна

Петропавл қаласы

Баяндама

Оқушылардың дарындылығын психодиагностика арқылы анықтау және дамыту

Қазіргі кезде тәуелсіз мемлекетіміздің алдыңда жас ұрпаққа берілетін білім мазмұның жаңарту және оны игеру мәселесі ерекше орын алып отыр. ХХІ ғасыр-білім ғасыры, бәсеке ғасыры, еліміздің дүниежүзілік өркениетке ұмтылған өрлеу ғасыры. Нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуіне байланысты оқу-тәрбие жұмысына өзгерістер енгізілуде. Ұлтымыздың алтын кені болатын дарынды балаларды тәрбиелеудің негізгі орталығы – мектеп, лицей, гимназия.

Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттермен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын оқу мен тәрбие. Қабілетті, дарынды балаларды айқындау, оларды топтастырып, белгілі сала бойынша тереңдетіп оқыту, әсіресе ұлттық дәстүріміз бен мәдениетіміздің бойына сіңіре тәрбиелеу және дамыту қажет.

Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай қабілеті, белгілі бір іске деген бейімділігі жас кезеннен-ақ белгілі болады.

Халқымыздың ұлы ұстазы Абай өзінің қара сөздерінде «Бала өмірге келгендегі қабілеттерін ары қарай дамытып, шыңдау қажет. Ол назардан тыс қалса, бара-бара жойылып, жоқ болады»,-деп атап көрсеткен.

Бейімділік қабілет дегеніміз – тұлғаның белгілі бір іс — әркетпен айналысуға бет бұрып, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі.

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ұйымдастырудағы басты міндеті – балалардың қабілеттері мен таланттарын жан – жақты аша түсу үшін дарындылық ерекшеліктерін (түрі, деңгейі т.б.) анықтау мен айқындау болып табылады.

Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы, сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет.

Дарынды баланың ерекше белгісі:

  • Ешкімге ұқсамайтын өзгешелігі;
  • Танымдық қызығушылық қабілетінің жоғарлауы;
  • Есте сақтау, зейін, елестету ой-өрісінің жоғары болуы;
  • Ойлау қабілетінің дәлдігі;
  • Шешімдер қабылдаудағы ерекшелігі.

Дарынды балаларда кездесетін қиындықтар:

  • Өзі қатарлас балалардың шешуі қиын ойларды игере алмауынан жалығу;
  • Өзінен интеллектісі төмен балаларға шыдамдылық танытпауынан;
  • Өз дәрежесінен артық философиялық ой толғау;
  • Дене қызметі, инттеллектуалдық және әлеуметтік дамудың сәйкес келмеуі;
  • Өз уақытынан ерте ішкі қажеттілікке ұмтылудан;
  • Жетістігінен қабылданбаудан, өзін-өзі төмен бағалаудан;
  • Барлық жағынан биікке ұмтылушылық;
  • Оқу жоспарының бала қабілетіне сәйкес келмеуінен;
  • Дарынды балаларға қарап үлкендердің көп талап қоюы және оның айналасындағы басқа балаларға кері әсерін тигізуі.

Дарындылықтың қиындық туғызатын жасырын түрі:

  • Саванта- «Оқымысты-ақымақ».
  • Фанат – бір жағынан жұмыспен шұғылданады (компьютерлік, спорттық).
  • Жалқау – Барлық кез-келген ақпаратты білгенімен ештеңе көрсете алмайды;
  • Тұйықтық – өзін-өзі төмен бағалайтындықтан, өзінің бойындағы қабілет пен дарындылығын ашып көрсете алмайды;
  • Ұстамсыз – отбасында және өзін қоршаған ортада кикілжінге тез келетін балалар;
  • Қиялы – қарапайым, салмақты, кикілжіңнен өз бойын аулақ ұстайтын балалар.

Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына баса назар аудару керек. Жеке тұлғаны заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.

Осыны ойлаңыз!

  1. Жұмысқа уақыт табыңыз, бұл – табыс кепілі.
  2. Ойлануға уақыт табыңыз, бұл – қуат көзі.
  3. Ойынға уақыт табыңыз, бұл – жастықшақтың сыры
  4. Оқуға уақыт табыңыз, бұл – білім негізі.
  5. Достыққа уақыт табыңыз, бұл – бақыт кепілі.
  6. Арманға уақыт табыңыз, бұл – жұлдызға жол ашады.
  7. Махаббатқа уақыт табыңыз, бұл — өмірдің шын қуанышы.
  8. Шаттыққа уақыт табыңыз, бұл –жан әуені.

ТРЕНИНГ-ЖАТТЫҒУ

«Тек қана бірге» жаттығуы

Мақсаты : Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру.

Жұпқа бөлініңіздер де, бір-біріңізбен арқаларыңызбен

тұрыңыздар ! Сіз жәйлап арқаларыңызды жазбастан

еденге отыра аласыз ба? Ал енді дәл осылай тұра аласыз ба?

Ал енді бір-біріңізбен басқалармен ауысыңыз.

Талқылау : Сізге кіммен бірге отырып тұру оңай болады.

Осы жаттығудағы ең қиыны не болды?

Тест-тренинг

«Кірпі» жаттығуы

  • Мақсаты : Түрлі қарым-қатынас ситуацияларында байланыс орнату мүмкіндігін кеңейту.
  • Нұсқау : Топтың бір мүшесі кірпіні бейнелейді. Ол орындыққа отырады да, «Оралып» алады. Мысалы : Басын тізесіне тығып, көздерін жұмады, өзін құшақтап алады, осылайша топпен сөйлескісі келмейтін бейнені келтіреді. Әрі ол психологиялық тұрғыдан «Өзіммен-өзі» тереңге кетеді.
  • Қалған мүшелер кезекпен оралған кірпіні ашуға тырысады. Түрлі әдістер қолданылады яғни, құлаққа сыбырлаудан бастап, түрлі әрекеттерге дейін.
  • Нәтижелерді талқылау: Егер сіз өзіңізге белгілі барлық, бірақ кірпі солай жазылмаған күйінде қалса, сіз қарым-қатынаста өзге адамның күйін нәзік сезе қоймайсыз. Егер де «Кірпі» жазылып, сізбен сөйлескісі келсе, онда қарым-қатынаста өте талантты адамсыз. Сізде эмпатия бар / яғни, өзгені интуитивті сезіну / және өзгелерге деген ұқыпты жылы қатынас бар.

«Дыбыстық жаттығу» тренингі

Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.

Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, жүргізуші жаттығу ережесін түсіндіреді: өзімізді барқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызды терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.

  • А
  • Е
  • И
  • О
  • У
  • Я
  • М
  • Х
  • ХА
  • А – барлық ағзаға жайлы әсер береді;
  • Е – қалқанша безге әсер етеді;
  • И – миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
  • О – жүрекке, өкпеге әсер етеді;
  • У – асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
  • Я – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
  • М – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
  • Х – ағзаның тазаруына көмектеседі;
  • ХА – көңіл-күйді көтеруге көмектеседі;

Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты

Педагог-психолог Кушкеева кымбат Оразалиевна

Петропавл қаласы


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.