Жаңа сабақтар

Игембай Галия Бейшенбайқызы

Алматы обл, Балқаш ауданы,Балатопар ауылы.

НОМ «№2 Жамбыл атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен «мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Айгөлек» шағын орталық тәрбиешісі:Игембай Галия Бейшенбайқызы

Білім беру саласы: Әлеумет Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Мені қоршаған орта.

Мақсаты: балаларды қалалар мен ауылдардың атаулары және заттық әлеммен таныстыру, олармен әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білу біліктерін жетілдіру. Міндеттері:

  • қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту. Телефон, компьютер, теледидардың қолданысы туралы үйрету және оларды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелерімен таныстыру. — қоршаған ортадағы заттарды қолдана білудің қарапайым дағдыларын дамыту; — қоршаған ортамен жағымды, ұқыпты, тәртіпті қатынас жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қала мен ауыл көрінісі, телефон, теледидар, компьютер, түрлері бейнеленген суреттер немесе слайд, ойыншықтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Күтілетін нәтижелер: жасайды: қалалар мен өздеріне таныс ауылдардың атайды, олардың көрікті жерлері, ауыл

мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы біледі түсінеді: айналасындағы заттарды ажыратады, атай біледі. Телефон, компьютер,

теледидардың қолданысын және оларды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелерін түсінеді. қолданады: өзі туған елді мекенін, туған елін атай алады, киіз үйі оның құрылысы ішіндегі заттарды атайды және ажыратады. Заттардың қолданысын, құрылысын, материалы арасындағы байланысын біледі. Телефон, компьютер, теледидарды қарапайым қолданыста қолдана алады (телефон соғу, теледидарды, компьютерді қосу, сөндіру).

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Сөздік жұмыс: қала, ауыл, телефон, компьютер, теледидар.

Билингвалды компонент: қала – город, ауыл – село, телефон – телефон, компьютер – компьютер, теледидар – телевизор.

ҰОҚ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберді ұйымдастыру. Кәне, кәне, тұрайық, Киіз үйді құрайық.

Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа тағайық. Шеңбер болып айналып, Арқандарды тартайық.

2. Негізгі бөлім

Педагог балаларға өздерінің тұратын қаласы немесе ауылы туралы сұрақтар қояды.

− Балалар, Қазақстан Республикасында көптеген қалалар мен ауылдар бар. Ол қалалар мен ауылдарда сендер сияқты бақытты балалар тұрады екен. Әр адам өзінің тұратын қаласын мақтан етеді. Мен де өзім тұратын қаланы (ауылымды) мақтан етемін. Сол себепті біз бүгін сендермен өзіміздің тұратын қаламыз (ауылымыз) туралы әңгімелесеміз.

− Өздеріңе туған (ауылдарың) қалаларың несімен ұнайды? (Мен тұратын қала маған әдемілігімен ұнайды. Онда көп қабатты үйлер мен музей, кітапхана, мектеп, балабақшалар т.б. бар).

− Дұрыс айтасыңдар. Ал енді еліміздегі бас қалалар Алматы, Астана туралы бейнефильм көргілерің келе ме? ( Бейнефильм көрсету).

  • Енді, балалар, ауыл туралы бейнефильм көрейік. (Бейнефильм көргеннен соң сұрақтар қоя отырып, қала мен ауылдың айырмашылығы мен ұқсастықтарын тапқызу).

«Өзің тұратын қала (ауыл) туралы не білесің?» ойыны.

− Сендер тұратын қала (ауыл) қалай аталады?

− Өзің тұратын көше қалай аталады?

«Жалғасын тап!» ойыны.

«Мен үлкен болып өскенде….» сөйлемін жалғастырады.

  • Балалар, адамдар бір-бірімен не арқылы байланысады? Хабарды, жаңалықты қалай алуға болады?

Педагог осы сұрақты қою арқылы телефон, компьютер, теледидар және олардың қолданысы, маңызы туралы түсінік береді.

  • Балалар, мына суретке қараңдаршы ең алғашқы телефон, міне, мынандай болған (суретін көрсету). Уақыт өте келе телефонның түр-түрі пайда болды. Телефон өзгергенімен оның пайдаланылуы өзгерген жоқ. Телефонды адамдар байланыс құралы ретінде пайдаланады. Телефонды дұрыс, орнымен қолдану керек. Біз оны ойнау үшін немесе біреуді қорқыту үшін пайдаланбауымыз керек. Телефонды қажет кезде ғана пайдалануымыз керек. Мысалы, телефонды жақын адамыңмен хабарласу үшін, дәрігерді, жедел жәрдемді, өрт шыққан жағдайда өрт сөндірушілерді шақыру үшін пайдаланады екенбіз. Ең алғаш телефон соққанда, телефон соғып тұрған адам не істеу керек? (Амандасу керек). Сөйлесіп болғаннан кейін ше? (Қоштасу керек). Телефонның көптеген түрі бар екен. Соның бірі – ұялы телефон. Біз телефонмен сөйлесе аламыз ба? Кәне, сөйлесіп көрейікші. (Екі баланы телефон арқылы бір-бірімен сөйлестіру).

Енді, балалар, теледидар туралы әңгімелесейік. Алғашқы шыққан теледидарлар тек қара мен ақ түсте ғана көрсететін. Бүгінгі күні теледидардың да бірнеше түрі бар. Теледидардың пайдасы өте көп. Көптеген жаңалықтарды, киноларды, ертегілерді, концерттерді теледидардан көреміз. Сонымен бірге теледидардың зияны да бар. Теледидар көргенде теледидардан алшақ отырып, қарауымыз қажет. Жақын отырып теледидар қарауға болмайды. Көзімізге зиян келеді. Сондай-ақ кино, ертегілерді компьютерден де көре алады екенбіз (компьютердің суретін немесе өзін көрсетіп оны қалай қолданатындығын оның пайдасы мен зиянын түсіндіру).

Сергіту сәтін өткізу.

Сағаттың тіліндей иіліп солға бір Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір.

Оң аяқ, сол аяқ – жаттығу оңай-ақ. Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық, Алақанды ұрайық.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.Дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіру.

Балалармен қала, ауыл, телефон, компьютер, теледидар сөздері арқылы сөздік жұмыс жүргізу.

Екі тілдеқала – город, ауыл – село, телефон – телефон, компьютер – компьютер, теледидар – телевизор сөздерін қайталату.

3. Рефлексия.

  • Сендерге қала, ауыл несімен ұнайды?
  • Бізге телефон, компьютер, теледидар және т.б керек пе?
  • Не үшін керек?

Балалардан оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін айтқыза отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілету.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.