Жаңа сабақтар

Егизбаева Жаннета Аскеровна

Алматы обл,Балқаш ауданы,Балатопар ауылы.

НОМ «№2 Жамбыл атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен «мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Айгөлек» шағын орталық тәрбиешісі:Егизбаева Жаннета Аскеровна

Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі: ҚМҰҚ.

Тақырыбы: Заттар тобын теңестіру. Мақсаты:үлгі бойынша санау дағдыларын қалыптастыру; санның заттардың кеңістікте орналасуына тәуелсіздігін түсіну; кеңістікте бағдарлай алу. Міндеттері:

  • заттар шеңбердің немесе шаршының ішіне орналастырылған жағдайда екі топтағы заттарды теңестіруді үйрету;
  • заттарды үлгі бойынша санап шығуға үйрету;
  • әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың тең немесе тең еместігін анықтауды үйрету;
  • заттардың орналасуын өзіне қатысты тұрғыда анықтай білуге үйретуді;
  • балалардың зейінін дамыту;
  • өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: біледі:заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігін;

түсінеді: орналасқан екі топтағы заттарды теңестіруді; заттың орналасқан орнын анықтауды;

қолданады: топтағы заттардың тең немесе тең еместігін анықтауды.

Қажетті көрнекі құралдар: № 1 жұмыс дәптері, әр балаға қызыл, жасыл және көк түсті 3 жолақ.

Билингвальді компонент: тікбұрыш – прямоугольник, төрт – четыре, дөңгелек – круг.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог мынадай тапсырма береді:

–Балалар, үстелде геометриялық пішіндер жатыр. Кез келген пішінді алып, сол туралы білгендеріңді айтып көріңдер.

2. Негізгі кезең.

Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог балаларға таяқшалар салынған тәрелкені жақындатып, «Таяқшалардың түсі қандай? Әр түстен неше таяқша бар?» деп сұрайды. Ол балаларға әр түсті өз алдына бөліп алып, оларды әртүрлі пішіндер шығатындай етіп қойып шығуды тапсырады.

Тапсырма орындалғаннан кейін балалар таяқшаларды тағы бір рет санап шығады. Әр пішінге неше таяқшадан келгенін анықтайды. Педагог таяқшалар әртүрлі орналасқанымен олардың тең, үш-үштен екенін түсіндіреді. Олардың саны тең екенін қалай дәлелдейміз?» 1-тапсырма.

Педагог балаларға сұрақ қояды:

–Шеңбердің ішінде неше кесе бар?

–Шаршының ішінде неше кесе бар?

–Олар туралы не айтуға болады?

2-тапсырма.

Педагог балаларға төмендегі жолаққа жоғарыда қанша болса, сонша дөңгелек салуды ұсынады. Ол дөңгелектердің арақашықтығы алшақ болуы тиіс.

  • Балалар дөңгелектердің саны туралы не айтасыңдар? 3-тапсырма.

Педагог балаларға сол жақтағы қонжықты сары қарындашпен, оң жақтағысын қоңырмен бояуды тапсырады.

Балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

  • Сол жақтағы қонжықтың шарлары қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

–Оң жақтағы қонжықтың сол жағына үлкен шардың және оң жағына кішкентай шардың суретін салыңдар.

Сергіту сәті.

Бәріміз біргеміз.

Оңға бір қадам, Солға бір қадам, Шапалақ ұрамыз. Алға бір қадам,

Артқа бір қадам, Шапалақ ұрамыз.

4-тапсырма.

Педагог балаларға қонжықтардың суретін көрсетеді.

  • Балалар, суретші бес қонжықтың суретін салды. Бірақ басқа нәрсеге алаңдаймын деп төртеуінің суретін дұрыстап сала алмады. Кейбір бөлшектерін ұмыт қалдырды. Кәне, жоғарыда отырған қонжықты мұқият қарап шығайық. Содан соң жетпей тұрған тұстарын толықтырып, төмендегі қонжықтардың суретін аяқтайық. Барлығы бір-біріне ұқсайтын болуы керек.
  • Бірінші қонжықтың суретіне не қостыңдар?
  • Ал төртіншісіне ше?

3.Рефлексия.

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог балаларды ҰОҚ-де белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.