Жаңа сабақтар

Ансабекова Лунара Канатбековна

Алматы обл,Балқаш ауданы,Балатопар ауылы.

НОМ «№2 Жамбыл атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен «мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Айгөлек» шағын орталық тәрбиешісі:Ансабекова Лунара Канатбековна

Білім беру салалары: таным, әлеумет. Бөлімі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Әртүрлі заттар тобын салыстыру. Мақсаты: әртүрлі заттаркөлемі, саны бойынша салыстыру білігін қалыптастыру. Міндеттері:түрлі заттар тобын қатар қою, үстіне қою арқылы көлемі, саны бойынша салыстыру білігін қалыптастыру (үлкен – кішкентай, біреу – көп) ; заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыруға үйрету; заттарды қатар қойып салыстыру кезінде «сонша, неше…», теңбе-тең», «үлкен», «кіші» терминдерін пайдалануға баулу; есту сезімін дамыту; жапсырмамен, қарындашпен жұмыс іс-қимылын дамыту; сөйлеу дағдысын дамыту; мұқияттылыққа, дербестікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: «сонша, неше…», «теңбе-тең», «үлкен», «кіші» терминдерін пайдалануға баулу; түсінеді: түрлі зат топтарын теңдей ету тәсілдерін; қолданады: түрлі зат топтарын салыстыру үшін саны, көлемі бойынша қасына қою, өлшеп көру тәсілдерін пайдаланады (үлкен – кішкентай); қарындашпен және жапсырмалармен жұмыс жасау – сызық сызуды. Құрал-жабдықтар мен материалдар: ойыншық – қоян, 4 үлкен көк және 5 кішкентай қызыл текшелер, үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жай қарындаш, кәмпит жапсырмалары, екі сызығы бар жолақ, қатырғыдан жасалған – 4 үлкен және 5 кішкентай киіз үйлер. Сөздік жұмыс: үлкен, кішкентай. Билингвальды компонент: үлкен– большой, кішкентай – маленький. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Күтпеген сәт. Педагог: –Балалар, бізге қонаққа қоян келді. Қоянмен амандасайық. Ол бізге тапсырма бермек. Тапсырманы орындауға келісесіңдер ме? Онда тыңдаңдар. 2. Негізгі кезең. Ойын: «Не үлкен?» Демонстрациялық материал: Текшелермен жұмыс. Үстелде – 4 үлкен көк текше және 5 кішкентай қызыл текше. Олар араласып жатыр. Қолына бір үлкен және бір кішкентай текшені алып, сұрайды: – Бұл не? – Қандай түсті текше? – Қай текше үлкен? – Қай текше кіші? (Осыны айта отырып текшелерді бірінің үстіне бірін қояды.) – Үлкен және кішкентай текшелердің бірдей емес екенін қалай білеміз? – Дұрыс, кішкентай текшені үлкен текшенің үстіне қояды. Бір баланы шақырып, барлық текшелерді нешеу екенін көру үшін бір қатарға тізіп қоюды тапсырады. Екінші баланы шақырып,кішкентай текшелерді үлкен текшелердің үстіне тізіп қоюды тапсырады. – Текшелерді қай қолмен алу керек? – Қай жақтан қалай қарай орналастыру керек? Балалардың жауабын тыңдап, нақтылайды: Дұрыс, оң қолмен солдан оңға қарай орналастыру керек. – Үлкен текшелер жетті ме? – Қай текшелер көп: кішкентай ма, әлде үлкендер ме? – Қайсысы аз? Жауапты қорытындылайды. Бір кішкентай текшені алып қояды да, сұрайды: – Енді текшелер теңбе? – Неге текшелертеңдеп ойлайсыңдар? Балалардың көздерін жұмуды өтініп, тағы бір кішкентай текшені алып қояды. Балалар көздерін ашып, қандай текшелердің көп (аз) болғанын атайды. Ойын: «Үлкен және кішкентай киіз үйлер». Үлестірмелі материалмен жұмыс: үлкен және кішкентай киіз үйлер, екі қабаттыжолақ. Үлестірмелі материалдар бар табаққа балалардың назарын аударады. – Жоғарғы жолаққа үлкен киіз үйлерді қойып шығыңдар. Төменгі жолаққа жоғарғы жолақта қанша киіз үй болса, сонша кішкентай киіз үйді сол жақтан оңға қарай орналастырыңдар. – Үлкен және кішкентай киіз үйлер саны тең бе? – Үлкен киіз үйлер қайда жатыр? – Кішкентай киіз үйлер ше? – Ендеше тексереміз – үлкен киіз үйлердің үстіне кішкентай киіз үйлерді қойып шығыңдар, қайсысы көп? Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмыс:үлкен, кішкентай. Билингвальды компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький. Сергіту сәті. «Қоян». Ыршып, ыршып секіріп, Қоян келді кеңкиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған. Жылытпақ боп тырысты Жүгірді де қуысты. Бір жоғары, бір төмен Жүр аяқтың ұшымен. Секіреміз, отырамыз, Аяқтарды жылытамыз. «Қояндар қонақта» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма. Педагог балалардың назарын қояндар бейнеленген суретке аударады. – Қояндар не жегенді жақсы көреді? – Қайсысы көбірек: қояндар ма, сәбіз бе? – Қояндардың бәріне сәбіз жете ме? Бұны тексеріп көрейік, әр қояннан сәбізге қарай жол салайық, сөйтіп оларды қонақ етейік. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. «Дұрыс қой» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі 2-тапсырма. Жапсырмамен жұмыс. Педагог: –Балалар, ал сендер нені жақсы көресіңдер? Кәмпит жапсырмаларды көрсетеді. Балаларға бір кәмпитті кішкентай тәрелкеге, ал көп кәмпитті үлкен тәрелкеге жапсыруды тапсырады. – Кіші тәрелкеге неше кәмпит жапсырдыңдар? – Үлкен тәрелкеге ше? Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын тексереді, жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Қоян балаларды байқампаздығы үшін мақтайды. Олармен бірге топта қалуға рұқсат


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.