Жаңа сабақтар

Килибаева Марзия Абдрамановна

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, №5 «Сәуле» бөбекжайы тәрбиеші: Килибаева Марзия Абдрамановна

ТақырыбыБала тәрбиесіндегі ойынның ролі»

А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сапа тән: мазмұнның тәрбиелік – танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы; ойын іс-әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және шығармашылық сипаты; жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білуі ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану, балалардың қарым-қатынастарының игі тілектестігі және көңіл-күйлерінің шаттығы.

Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың жеке басының ерекшелігіне: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды, ойынды ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланады.

Ойын процесінде балалар білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсы бір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты іс-әрекеттер, өзара қарым-қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі туады. Жаңа білім қажеттігі балалардың сұрақтарынан көрінеді. Тәрбиеші сол сұрақтарға жауап қайтарады да, олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түреді, ойнаушылардың өзара түсінісуіне, келісуіне көмектеседі.

Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге белсенді: таным іс-әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады; соның барысында олар оқытушының басшылығымен жаңа білім меңгереді.

Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңізде, метро станциясы да, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.

Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі – оның өз әрекеттік сипаты.

Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстарын бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.

Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді, ойында қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлейді. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.

Ойын барысында сөйлеу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтық, қоршаған өмірдік қайсы бір фактілері мен құбылыстарына бірдей көз қарастық пайда болуына және дамуына көмектеседі.

Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:

*ойынның түпкі ниеті;

*сюжетті немесе мазмұны;

*ойын әрекеттері, рольдер;

*ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер

ұсынатын ойын ережесі.

Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.