Жаңа сабақтар

Омарова Анар Хайбуллакызы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы. «Аялы алақан» бөбекжай-бақшасы Тәрбиеші:Омарова Анар Хайбуллакызы

Тақырыбы: Ағаштағы алмалар

Бөлімі: Мүсіндеу Мақсаты: Ермек сазды алақан арасына салып домалақтау арқылы мүсіндей білуге үйрету; тілдерін дамыту; саусақтын ұсақ бұлшық еттерінің қозңалысын жетілдіру; табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтармен көрнекіліктер: алма ағашының суреті, түрлі түсті ермексаз кесектері, қағаздан және матадан жасалған сүрткіштер, дастырхандар, үлестірмелі материалдар. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: алманың суреті бар кітапшаларды қарау, педагогтің жасаған дайын көрнекілігін балаларға көрсетіп, қолдарына ұстатып сипау арқылы сезіндіру. Сөздік жұмыс: дәмді алма Билингвалды компонент: алма- яблоко

Оқу қызметінің кезеңдері Педагогтің қызметі Балалардың қызметі
Педагог балаларға алма ағашының суретіне мұхият қарап шығуды ұсынады. Алма туралы тақпақты оқып береді.

Мен алмамын алмамын,

Таңдай қағар бар дәмім

Балалар суреттегі алма ағашын мұхият қарайды. Алма туралы тақпақты тыңдайды.
Тақпақта не туралы айтылған?

Алма қайда өседі?

Билингвалды компонент: алма яблоко

Алманың түсі қандай?

Алманың пішіні қандай?

Сөздік жұмыс: дәмді алма

Балалар үлестірмелі материялдағы алма ағашындағы алманың суреті салынбаған. Ал сендер алма ағашына өздерің жасаған алмаларды орналастыруларыңа болады. Педагог балаларға мүсіндеу орындау ретін еске түсіреді.

Сергіту сәті: Саусақ жаттығуы

Бір қолымда бес саусақ

Бір қолымда бес саусақ

Бәрін қоссақ он саусақ.

Педагог жұмысқа кірісуді ұсынады.

Алма туралы айтылған.

Бақта алма ағашында өседі.

Сары, жасыл, қызыл болады.

Дөңгелек

Дәмді алма

Балалар педагогтің айтқанын мұхият тыңдайды.

Саусақ жаттығуын жасайды.

Балалар алманы мүсіндейді. Жасаған алмаларды суреттегі алма ағашына орналастырады.

Жарайсыңдар балалар! Жасаған алмаларың дөңгелек әрі бірдей болып шықты.

Балаларды мадақтайды.

Балалар қуанғандарын білдіреді.

Күтілетін нәтижелер: Қызыл, сары, жасыл түсті ермек саздан алма жасайды.Алма жемістін түбіне жататынын түсінді.Ермек сазды алақан арасына салып айналдыра домалақтау әдісін қолданды.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.