Акынова Гульназ Накеновна
Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы, Самарканд селосы я/с «Акку»
2-санатты тәрбиеші: Акынова Гульназ Накеновна
Тақырыбы:«Айналамыздағы заттар»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Жаратылыстану»
Мақсаты: Балалардың төңірегімізді қоршап тұрған заттар әлемі туралы түсінігін арттыру
Білімділік: білімдерін нығайту. Дамытушылық: қарапайым нұсқаулықтарды түсіну және орындау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі : қалыптасқан жағдайға қатысты қарапайым нұсқаулықтарды түсіну
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: текшелермен және кірпіштермен ойнау, тақпақ оқу, «Ғажайып қап» дидактикалық ойыны.
Құралдар мен материалдар: қап, текшелер мен кірпіштер (бала санына қара), сабыны көпіршіктер, әр балаға доп. Сөздік жұмыс: текше, кірпіш.
ҰОҚ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Педагог ойынның көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады:
Зәулім мектеп алаңы,
Көркем үйлі қаланы, Балалардың бақшасын
Құрылысшылар салады.
Құрылысшы үйді неден салады?
Кірпіштен, ағаштан т.б.
Иә, балалар, үй салу үшін құрылыс материалдары қажет. Олардың бәрі біздің айналамызда бар. Мысалы: кірпіш, ағаш, темір т.б.
2.Негізгі кезең
Балаларды заттармен жұмыс істеуге жұмылдырады.
Балалар бір қатарға қойылған үстелдердің қасына отырады. Үстел үістінде бір кірпіш, бір текше қойылады. Педагогтің сұрақтарына жауап беріп, өз беттерінше алғаш рет ой түюге тырысып көреді.
Үстелдерде не жатқанын нақтылайды. Текше мен кірпіштің түсі қандай? Олардың саны нешеу?
Құрылыс материалын алады. Текше және кірпіш деген түсініктерді нақтылайды. Сөздерді бір-бірлеп және хормен қайталайды.
Педагог балалардан белгілі бір затты алуды сұрайды.
Балалар тапсырманы орындап, заттарды орындарына қояды.
Содан соң оның не екенін нақтылайды. Оның жеңіл немесе ауыр екенін анықтайды. Ол неге ұқсайды?
Сондай-ақ оның неге ұқсайтынын, салмағының ауыр немесе жеңілдігін анықтауды сұрайды.
Бір-бір кірпіштен алады. Өз кірпіштерінің түстерін айтады.
Затты зерттеу үдерісі барысында білуге ерекше құштарлық танытады. Сергіту сәті: «Үй салу».
Биік тартып барады.
Бір қабаттан, бір қабат. (Қолдарымен кірпіш қалаған сияқты қимылдар жасайды).
Қолында ойнап қалағы (Қалақпен кірпішке цемент жаққан сияқты қимыл көрсетеді).
Құрылысшы ағай жүр қалап.
Үлестірме қағаздардағы суреттермен ойнауға шақырады.
Алдымен текшені көрсетеді, сонан кейін кірпішті көрсетеді.
Текше қандай? Онымен не істейміз?
Текше жеңіл. Онымен ойнаймыз.
Ал кірпіш ше?
Кірпіш ауыр. Онымен құрылысшылар үй салады.
3. Қорытынды кезең (Рефлексия) ҰОҚ-ны қорытады. Текшелерден мұнара, үй салу туралы ұсыныс жасайды.
Мен тәртіпті баламын, Айтқан тілді аламын.
Шкафтарды ашпаймын, Кітаптарды шашпаймын. Текшелерден үй жасап,
Қызық ойын бастаймын.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қоршап тұрған заттардың атауларын біледі;
Таниды: өздерін қоршап тұрған заттардың кейбір қасиеттерін айтып бере алады; Қолданады: ойын барысында білгенін пайдаланады.
—
Зайтуна Есмаганбетова
