Сенгирбаева Асем Макеновна
Тәрбие сағаты
4 сынып
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп
Алматы облысы Кербұлақ ауданы
Бастауыш сынып мұғалімі: Сенгирбаева Асем Макеновна
| Сабақтың тақырыбы: Жылқыға қатысты ұлттық тағамдар
Оқу мақсаттары: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру. Бағалау критерийлері: Жылқыға қатысты ұлттық тағамдарды атап және сипаттап бере алады. Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар: Берілген тақырыпты ашып,әңгімелеп айтады, негізгі ойды ашады. Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. Пәнаралық байланыстар: Дүниетану, Жаратылыстану, Әдебиеттік оқу, Бейнелеу, Музыка Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал – мәтелдер, тағам түрлері, сөзжұмбақ,слайдтар |
||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы оқушылардың қызметі | |
| Сабақтың басы
10 минут |
Ауадан қуат алайық, Алақанға салайық. Жерден нәр алайық, Алақанға салайық. Күннен қуат алайық, Алақанға салайық.(Күн шуағын бір бірімізге сыйлайық.Алақандарын үрлеу.)
-Қалың қалай Нұрхат? -Жақсымын. Арайлым мен Америкаға кеткелі жүрмін. -Онда не бар? -Онда бәрі күшті дейді гой! -Ал,онда салыстырып көрейік! -Америка -Қазақстан -Вашингтон -Астана -Барак Обама -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -Голливуд -Ақтөбе -Кока кола,пепси,спрайт,фанта. -Қымыз,шұбат,айран,сүт. -Пицца,гамбургер,хотдог. -Ет,сорпа,қуырдақ,қазы қарта,жал жая -Кирешки,чипсы. -Бауырсақ,шелпек. -Йогурт. -Қаймақ,кілегей,қатық. -Сникерс,баунти. -Құрт,ірімшік,жент. -Мерседес,тайота. -Тұлпар,ат арбасымен. -Джинсы,кепка,красовки. -Шапан,қалпағымен, саптама етік. -Арайлым мен жеңілдім.Өзіміздің тағамдарда күшті екен ғой.Мен ешқайда кетпеймін. -Дұрыс айтасың Нұрхат. Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол!(Сұрақ жауап әдісі арқылы жаңа сабақты ашу.) |
|
| Сергіту сәті:
Ән: Дастархан. |
||
| Сабақтың ортасы
20 минут |
Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет – ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім түрлері. Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі – үш қонақ көрпесі, екі – үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні «Шық бермес Шығайбай» атандырған. Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай – жапсарын жетік білу ата – бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз, дәстүріміз. «Бұл қандай тағам?» Ата-аналар бірнеше ұлттық тағам түрлерін таныстыра отырып,дайындалу жолы бойынша оқушылырға мәліметтер береді. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол – жеңіл және сусындық тағам. /Айран./ 2. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе – бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе – бауыр, қарын/ Қуырдақ./ 3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш – төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. /Бауырсақ./ 4. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. /Құрт/ 5. Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік, мүйіз салып араластырады. /Жент/ 6. Жылқы етiнiң деликатесi. Онша семiз емес салқындатылған жылқы етiнен не салқындатылған немесе мұздатылған майдан әзiрлейдi. «Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар» 6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды 12Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды. Топтық жұмыс. Әр топ оқушыларына ұлттық тағамдардың суреттері беріледі. Суреттердің ішінен әр топ өздеріне тиісті ет,ұн,сүт тағамдарын жинау керек. Ет тағамдары Сүт тағамдары Ұннан дайынд. тағамдар.
1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ, қазы, қарта т.б.) Мақал – мәтелдер. Сиырдың сүті тілінде. Сөзжұмбақ |
|
| Сабақтың соңы
10 минут |
Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар. Нені білдіңдер? Нені білгілерің келеді? жазып, смайлик арқылы жапсырамыз.
Қорытындылау. Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ұлттық тағамдармен танысып, ырым – тыйымдарды да білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің ата – ананың айтқандарын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу. Мадақтау қағазымен белсенді оқушыларды марапаттау. |
|
—
Зайтуна Есмаганбетова

