Жорабекова Улдархан Еркінбековна
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы. «Аялы алақан» бөбекжай–бақшасы Тәрбиеші: Жорабекова Улдархан Еркінбековна
Тақырыбы:”Нан қайдан шығады” ертегісі Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі .Драма.
Мақсаты:Нанның қадірлеуге,дәнді егуден бастап,нан болғанға
дейінгі еңбек түрлерімен таныстыру,сөздік қорларын
молайту, ,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Слайд, ертегі атрибуттары,нан өнімдері,
Билингвалды компонент:Егістік-поля, нан-хлеб, тышқан-мышь
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
| Мотивациялық
қозғаушы Іздестіру ұйымдастыру Рефлекциялық түзету |
Шаттық шеңбері:
Дән тамыры әріде Дәннен өсер бәріде Нан өмір -нәріміз Қастерлейміз бәріміз Қане енді балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстайықшы.Не сезіндіңдер? Достықты,жылулықты,мейірімділікті. Қане балалар орнымызға жайға- сайық. Балалар біздің Елбасымыз кім? Балалабақшамыздың аты қалай аталады ? Тобымыздың аты қалай аталады? Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Қане атайықшы. Қазір жылдың қай мезгілі? Слайд арқылы балаларға бидай дәнінен нанның қалай жасалатынын түсіндіру. Балалар сендер қандай ертегі біле- сіңдер,мен сендерге жұмбақ жасырамын.Сендер ертегінің атын табуларың керек. 1.Үйін жинап ертемен Мейіз тауып алыпты Мысығына келмеген Ол өкпелеп қалыпты 2.Атадан да қаштым Әжеден де қаштым Қояннан құтылдым, Қасқырдан да құтылдым 3.Тышқан келді дүкенге Күзет кірді бірді демде Қызығып кетті бөлкеге Қайдан келдің сөреге Бұл қай ертегі ? Жарайсыңдар балалар жақсы шештіңдер.Ендеше балалар мен сендерге “Нан қайдан шығады” ертегісін айтып беремін. Қуыршақ театр арқылы әңгімелеу. Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Ертегі не жайында айтылған екен? Балалар бізге бүгін қонақ апайлар келіпті қане оларға ертегіні рөлдерге еніп ойнап берейікші. Жарайсыңдар балалар.Ал енді білімімізді жетілдіру үшін орталық- тарға бөлінеміз. Үш орталыққа бөлінеміз. Балалар түсті фишкалар арқылы орталықтарға бөлінеді. 1.Әдебиет орталығы: Нанның дастарханға қалай келеті- нін әңгімелеу,тақпақтар айту. Мақсаты: Баланың тілін, ойлау қабілетімен байланыстырып сөйлеуін дамыту. 2.Өнер орталығы:Суретпен жұмыс. Нан өнімдерінің суретін бояу. Мақсаты: Саусақ моторикасын дамыту,түстерді ажырату 3Құм мен су орталығы.Әртүрлі пішіндерден нан өнімдерін жасау. Мақсаты: Сезім қабілеттерін дамыту. көлемдік өлшеу түсініктерін қалыптастыру. Балаларды сылдырмақ арқылы жинап алу.Балалардан қай орталыққа барып,қандай жұмыс жасағанын сұрау. Сергіту сәті: Жайқалады ақ бидай, Басын иген аққудай Трактор мен комбайн Жүргізуге мен дайын Тіл жаттығуы. Ін-ін-ін Жерге шықты егін. Ән-ән-ән Ұсақ,сары дән Ай-ай-ай Өсті алтын бидай Ан-ан-ан Міне ыстық нан Сонымен балалар нан біздің дастар- ханымызға қалай келеді екен? Жарайсыңдар балалар! “Ас -атасы нан,нан атасы-дән сол дәннен бастап нан болғанға дейін қаншама адамдар маңдай терін төгеді.Ендеше сол еңбекпен келген нанды қастарлеуіміз керек. Балаларды,мақтау, мадақтау. Балалар келген қонақтармен қоштасайық.Сау болыңыздар! |
Шаттық
шеңберін іс қимылмен жасай-ды. Н.Ә.Назарбаев “Аялы алақан” балабақшасы. “Балдырған”тобы Төрт мезгіл бар Қыс,көктем,жаз күз. Қыс мезгілі “Мақта қыз бен мысық” ертегісі “Бауырсақ”ертегісі “Нан қайдан шығады” ертегісі Ертегіні қызыға тыңдайды. Рөлдерге еніп ертегіні ойнап береді. Орталықтарға бөлініп жұмыс жасайды. Орталықтарда қандай жұмыс жасағандарын айтады. Іс қимылмен сергіту жаттығуын жасайды. Тіл жаттығуларын жасайды. Нан біздің дастарханға үлкен еңбекпен келеді. Сау болыңыздар! |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегі мазмұнын,нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп
күш жұмсалатынын.
Меңгереді:Нанды қастерлеу керектігін, көрнекі құралдарды пайдалана
отырып, тақырыпты меңгеру:
—
Зайтуна Есмаганбетова
