Абдуллаева Назира Кенжехуажакызы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы. «Аялы алақан» бөбекжай–бақшасы Тәрбиеші:Абдуллаева Назира Кенжехуажакызы
Тақырыбы: “Қош келдің ,жаңа жыл.”

Жүргізуші:

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Тақпақ айтып ,би билеп

Жаңа жылды бастайық

Құрметті қонақтар ,әріптестер көптен күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті.

Жаңа жыл баршамыздың отбасыларыңызға бақыт,береке,ынтымақ алып келсін.

Жаңа жыл мерекесіне арналған “Қош келдің Жаңа жыл”атты ертеңгілігімізді

бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші :

Балалар қараңдаршы ,мында бір қорап тұр ашып көрейік ,ішінде не бар екен.

Қораптан Сайқымазақ шығады.

Сайқымазақ:

Армысыздар балалар!Қандай әсем шырша,қандай ,неткен әдемі ойыншықтар .

Мен сендермен мерекені қарсы алуға келдім,көңіл күйлерің жақсыма?

Жүргізуші:

Қош келдің Сайқымазақ біздің балалар өте өнерлі, кел төрлет.

Балалар біздің мерекеге Жаңа жылды шақырайық.

Балалар: Жаңа жыл,Жаңа жыл.

Жаңа жыл:

Сәлеметсіңдерме балалар мен келе жатқан жаңа жылмын .Мен әкелген

жаңа жыл сендерге үлкен табыс,денсаулық ала келсін.

Жүргізуші:

Қош келдің Жаңа жыл,біз сені күттік ,сағындық ,бізбен бірге балардың өнерін

тамашала.

Ескі жыл:

Бір жыл бойы,сендермен жүрдім,ойнадым,енді міне қоштасатын кез келді.

Жүргізуші:

Балалар Ескі жыл жыл,Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр,олай болса

сау болыңыз біз сізге ризамыз.

Балалар:

Сау болыңыз ,Ескі жыл.

Балалар ,Аяз ата мен Ақша неге кешігіп жатыр екен,алыстан жете алмай жатырма

екен,барлығымыз,бірге шақырайықшы.

Балалар:Аяз ата,Ақшақар.

Аяз ата:

Амансыңдарма балалар?

Жаңа жылдарың құтты болсын

Денсаулықтарың мықты болсын

Аспандарың ашық,жұлдыздарың жарық болсын.

Ақшақар:

Амансыңдарма балалар.Өздеріңді сағынып келдік,жаңа жылдарың құтты болсын.

“Шыршаға бардық” әні.Хор.

“Маша мен аю”мультфильмен көрініс.

Жүргізуші:

Ендігі кезекті балалардың тақпақтарына береміз.

Альфия:

Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Асылхан:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Айару:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата әже,әке шеше

Құтты болсын,жаңа жыл

Жания :

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Нұрасыл:

Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Жаңа жылда жұп жазбай

Бірге қарсы алайық

Өлеңде әзір әнде әзір

Ойында әзір,бәрі әзір

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл ,жаңа жыл.

Алмас:

Ақ құрауға малынған

Сақалы да мұртыда

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртыма

Нұрасыл:

Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Хасанәли:

Қыс келді алақай

Ойнаймыз балақай

Айберген;

жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап.

Оразали:

Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Билейміз ән саламыз

Нүрали:

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылда,жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Нұрислам:

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқартау қарлы шың

Жаңа жыл “әні орындайтын Нарзулла Жәния.

Бізге қонаққа орманнан гномдар келіпті қарсы алайық “Гомдар”биі”тамашалаңыздар.

Биші қыздарымыздың орындауында “Шырша”биі

Сайқымазақ:

Балалар мен сендермен ойын ойнағым кеп тұр.”Орындық”ойыны

Жүргізуші:

Ендігі кезекті әнге береміз:

“Шырша жыры “әні ,қабыл алыңыздар.Орындайтын :Сейітхан Альфия.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар ,балалар.”Қош келдің жаңа жыл”мерекелік ертеңгілік аяқталып

қалды.Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.Жаңа жыл құтты болсын,

отбастарыңызға тек қуаныш пен бақыт әкелсін.

—
Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше