Жабайы жануарлар
Жамбыл облысы Тараз қаласы №4 “Балдырған” бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Маханбеталиева Нуризат Торгайбаевна
Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу қызметі түрі: Туған өлкемнің табиғаты
Апта тақырыбы: Жабайы жануарлар
Мақсаты, міндеттері
Білімділік: Жабайы аңдар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір – бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: артикуляциялық, тыныс алуын, ұсақ қол моторикасын, фонематикалық естуін, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелілік: балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Технологиялық қамтамасыз ету: жабайы аңдар туралы суреттер, дидактикалық ойындар.
Әдіс-тәсілдер: ойындар, жаттығулар, сұрақ-жауап
Оқу қызметі барысы
І.Кіріспе
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? қыс
– Ал сендерге қыс ұнай ма?
– Қыс несімен ұнайды?
– Қыс әртүрлі болады, боран соғады, аяз болады.
– Осы қысқа біз қалай дайындаламыз?
– Балалар қысқа біз ғана емес жабайы жануарлар да дайындалады.
– Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
Балалар: аю, қасқыр, түлкі, тиін кірпі.
– Оларды неге жабайы жануарлар деп атайды?
Балалар: Өйткені олар орманда өмір сүреді, тамақтарын өздері тауып жейді, өздеріне тұратын үй іздейді.
– Балалар, ормандағы аңдар қысқа қалай дайындалды?
Балалар: Тиін өзіне тамақ дайындайды, жаңғақ, саңырауқұлақ жинайды.
– Аю жаз, күз айларында тамаққа тойып алып қыс бойы ұйқыға кетеді.
– Ал қоян үстіндегі сұр тонын аппақ тонға ауыстырады. Сөйтіп өзінің жауларынан қорғанады. Қыста жас ағаштардың сабағын жейді.
ІІ.Негізгі бөлім
Д/О: «Не артық»- суреттегі артық затты айту.
Дидактикалық ойын: «Жануарларды құрастыр»
Тыныс алу жаттығуы:
«Алақанды жылыту» , «Қаршаларды ұшыру”
Қорытындылау
Балалар, жарайсыңдар! Тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңдар! Енді сол аңдарды кезекпен атап шығайық. Балалар, оқу қызметіне жақсы өатыстыңдар! Сау болыңдар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жабайы жануарларды
Игереді: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігін
Меңгереді: Нұсқауларды дұрыс орындауды
