Дене мүшелері және оның қызметі

Жамбыл облысы Тараз қаласы №4 “Балдырған” бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Маханбеталиева Нуризат Торгайбаевна

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: Дене мүшелері және оның қызметі

Мақсаты

Білімділік: Адам дене мүшелерін,олардың атқаратын қызметтерін үйрету

Дамытушылық: Есте сақтауын,логикалық ойлауын,тыныс алуын, ұсақ қол және артикуляциялық моторикасын дамыту

Тәрбиелілік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Технологиялық қамтамасыз ету: адамның дене мүшелері бар суреттер, дидактикалық ойындар.

Әдіс-тәсілдер: ойындар, жаттығулар, сұрақ-жауап

Оқу қызметі барысы

І.Кіріспе

Шаттық шеңбері

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен тілейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

ІІ.Негізгі бөлім

Ғажайып сәт.

Топқа аю қонаққа келеді.

-Балалар менің қолымдағы қорапта не бар екенін білесіңдер ме?

-Жарайды,бірге тамашалайық.

Балалар біз денеміздегі мүшелердің аттарын білеміз бе?

Қорапта адамның дене мүшелерінің

суреттері бар екен.

-мынау не балалар ?

-тіл бізге не үшін қажет?

-Мынау не балалар?

-Қол бізге не үшін қажет?

Саусақ жаттығуы

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ

-Мынау не ?

-Бұлар не үшін керек?

-Балалар адамның дене мүшелерінің барлығының атқаратын қызметтері бар.Бір мүше болмаса адам қиналады. Сол үшін өзімізді қорғап жүруіміз керек.

Қорытындылау

-Бізге кім келді?

-Қолында не бар екен?

-Деніміз сау болу үшін тағы не істеу керек?

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Адамның дене мүшелерінің аттарын, атқаратын қызметтерін.

Меңгереді: Балалар дене мүшелерінің қай тұста орналасқанын.

Игереді: Өз ойларын жеткізіп айта алады

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше