Отбасы
Жамбыл облысы Тараз қаласы №4 “Балдырған” бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Маханбеталиева Нуризат Торгайбаевна
Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу қызметі түрі: Апталық тақырып: Отбасы
Мақсаты, міндеттері
Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту,отбасы мүшелері туысқандарын атай білуге үйрет .
Дамытушылық: Балалардың зейінін,фонематикалық есту қабілетін, тыныс алуын,артикуляциясын және ұсақ қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелілік: балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу. Отбасын сыйлауға тәрбиелеу.
Технологиялық қамтамасыз ету: отбасы суреттері , дидактикалық ойындар.
Әдіс-тәсілдер: ойындар, жаттығулар, сұрақ-жауап
Оқу қызметі барысы
І.Кіріспе
-Балалар қане бәріміз көзімізді жұмайықшы.(сол кезде балалардың сыңғырлаған күлкісі естіледі)
-Балалар, жаңа біз ненің дауысын естідік ?
Дұрыс айтасыңдар балалар.Бұл бақытты балалардың күлкісі.Ал біздің қасымызда кімдер болған да бақытты боламыз.
ІІ. Негізгі бөлім
Балалар сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?
Ендеше тыңдаңдар
Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұртың
Айтады қане кім атын?
Ендеше бұларды бір сөзбен қа лай атаймыз ?
Бізге қонаққа Ерден атамыз келіпті. Ол кісі бізден көмек сұрай келіпті. Ол үшін алдымен тапсырмаларды орындайық.
Тыныс алу жаттығуы
«Шамды үрлеу», «Көпіршіктер»,
Дидактикалық ойын
«Отбасыңды неге теңейсің?»
Күн, гүл, бәйтерек суреттері бе
рілген. Отбасын осы суреттің қайсысына теңейсің?
Саусақ жаттығуы
Біз үйде нешеуміз?
Кел санайық екеуіміз
Бас бармағым-әкем
Балаң үйрек- анам
Ортан терек-ағам
Шылдыр шүмек-мен
Біз үйде нешеуміз?
Біз үйде бесеуміз.
Қорытындылау
Бүгін біз қандай сабақ өттік?
Отбасымызда кімдер бар?
Бізге қонаққа кім келді?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Отбасы мүшелерін
Игереді: Отбасы қарым-қатынасын, отбасының ең жақын адамдарын
Меңгереді: Отбасы мүшелерінің тату болуын
