Ауа – райы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы № 26 мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Уахит Дариа Касымовна
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
| Сабақ: 5 | Мектеп: 26 мектеп-гимназиясы | |||||||||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Уахит Д.К. | |||||||||||
| Сынып: 7 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
| Сабақтың тақырыбы | Ауа – райы | |||||||||||
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | ӘТН4.1 Грамматикалық норма | |||||||||||
| Сабақтың мақсаттары | Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану. | |||||||||||
| Бағалау критерийлері | Жазылым бойынша:
|
|||||||||||
| Тілдік мақсаттар | Менің ойымша…
Менің пікірімше… Қорытындылай келгенде… Ақпараттарға көз жүгіртсек… |
|||||||||||
| Осыған дейін меңгерілген білім | Ауа райы және климаттық өзгерістер | |||||||||||
| Жоспар | ||||||||||||
| Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Қызығушылықты ояту: Оқушылардың назарына «Климаттық өзгерістер» бейнеролигі ұсынылады. Бейнеролик негізінде оқушылар қазіргі таңда әлемде болып жатқан табиғат өзгерістеріне көзқарастарын білдіріп, пікірлерін талқыға салады. Сабақтың тақырыбы айтылады және сабақтың мақсаты, сабақтың құрылымы таныстырылады. |
Таныстырылым
Видеоролик |
||||||||||
| Сабақтың ортасы
5 минут |
XXII ғасырдың басында ауа температурасы 77°C-қа жетеді
Америкалық ғалымдар Катар, Бахрейн, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігі территориясының ХХІІ ғасырға арналған климаттық моделін жасады. Ресми болжамға орай, аталған елдерде жазғы температура 35°C-тан төмен түспейді. Ал ауа ылғалдығы 100%-ға дейін көтеріледі. Мұндай атмосферада дені сау адамның ағзасы да біркелкі жұмыс істей алмайды. Ғылыми зерттеу мақаласы Nature Climate Change журналында жарияланды. «Расында Парсы шығанағындағы барлық елдер ыстық температурадан зардап шекпейтін болады. Абу-Даби, Дубай және Доха сынды дамыған қалалардың басшылары көшелерді оқшаулап, орташа температураны қалыптастыру үшін желдеткіштермен орнатады. Ал жағдайы көтермейтін елдерде адамдардың түнде жұмыс істеп, күндіз демалатын күн тәртібіне ауысудан өзге амалы қалмайды», – дейді Чикагодағы Лойола университетінің профессоры Джереми Пал. Ғалымдардың айтуынша, Парсы шығанағындағы ел тұрғындары болашақта күндіз көшеде серуендеуді қояды. Себебі атмосфераның ылғалдығы мен жоғары температура ыстыққа төзімді оңтүстік адамдарының денсаулығына да айтарлықтай кері әсер етеді. |
Таныстырылым | ||||||||||
| 5 минут | Оқылымнан кейінгі тапсырма.
1-тапсырма Берілген мәтіннен шақтардың түрлеріне төмендегі жұрнақтарды жалғай отыра, сөйлем құрастыру. Жұрнақтар: есімше, көсемше туралы түсінік беріледі 1) -ған,-ген,-қан,-кен; 2) -ар,-ер,-р; 3) -мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек; 4) -атын,-етін,-йтын,-йтін. 2-тапсырма Оқушылар арнайы терминдер, сөз оралымдары, мәтін үзінділерін басшылыққа алып, «Табиғатты аялайық!» тақырыбында эссе жазады.
|
Таныстырылым | ||||||||||
| Кері байланыс
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия. Оқушы әрекеті:
«Менің сөзім» әдісі. Бір оқушы тұрып сабақта не болғанын қорытындылап айтады. Айтып болған соң басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушыжалғастырып, сабақ бойынша рефлексия жасайды. Сөйтіп барлық оқушы сөйлеп болғанша жалғасады. |
Стикерлер | ||||||||||
| Қосымша ақпарат | ||||||||||||
| Дифференциация
Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||||||||
| Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||
| Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
||||||||||||
