Жыл құстары

Сагымбекова Ф.М.

Бөлім: Әлеумет
ҰОҚ : Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Жыл құстары»
ҰОҚ мақсаты: Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Құстарға қамқорлық жасауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастырды. Құстарға қамқорлық жасауға дағдыландыру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, миға шабуыл, диалог, сұрақ-жауап
Жоспарлау
ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-шаралар Ресурстар
ҰОҚ басталуы Психологиялық сәт

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап

Оқып білім аламыз.

ҰОҚ негізгі бөлімі Миға шабуыл

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі.

Ұзақ тектес құс

Шіркей жеп.

Ауыл маңынан

Ұзап кетпес құс.

Тоқылдап мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Орманды емдейді

Зиянкесті жазалап.

Қолы жоқ, ұя салады. Ол не?

Балалар, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. Бүгінгі сабақта құстар туралы әңгімелесеміз. Енді өздерін білетін құстарды атаңдаршы.

Суретпен жұмыс жүргізу.

-Бұл суретте құстардың қайсысы сендерге таныс?

-Құстар нешеге бөлінеді?

-Жылы жаққа ұшып кететін құстар қалай аталады?

-Жыл құстарын кім атап айтады?

-Олар неліктен ұшып кетеді?

-Ал қыстап қалатын құстар қалай аталады?

– Біз құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

–Дұрыс балалар, құстар біздің досымыз, олар табиғатты қорғайды. Табиғатқа көрік береді.

Құстарды қорғау керек.

Билингвальды сыңары:

жыл құстары –перелетные птицы.

Тиым сөздер жаттау.

Құстың ұясын бұзба

Құсқа тас лақтырма

Құстың жұмыртқасын жарма.

Жаңылтпаш жаттау

Үйір,үйір үйректі

Үйірге кім үйретті

Үйір-үйір үйректі

Үйірге өзім үйреттім

Мнемокесте бойынша тақпақ жаттау

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын:

«Не артық?»

Шарты: артық суретті қоршап сызу

Дидактикалық ойын:

«Көлеңкесін тап»

Қарлығаш

Қара торғай.

Тоқылдақ.

Құстар.

Бала үнін естідім

Бейне таспа арқылы

ҰОҚ қорытынды бөлімі Ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?

Қай тапсырмадан қиналдыңдар?

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше