Күз сыйы

Смайлова С.А.

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу қызметі түрі: Жомарт күз

Апталық тақырып: Күз сыйы

Мақсаты, міндеттері

Білімділік: Күз туралы білімдерін бекіту. Балаларды жылдың мезгілімен,табиғаттағы күзгі ерекшеліктерімен таныстыру

Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, ойлауын, моторикасын дамыту

Тәрбиелілік: балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күзгі саябақтың сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу.

Технологиялық қамтамасыз ету: күз суреттер, дидактикалық ойындар.

Әдіс-тәсілдер: ойындар, жаттығулар, сұрақ-жауап

Оқу қызметі барысы

І.Кіріспе

-Сәлеметсіңдер ме, балалар !

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

ІІ. Негізгі бөлім

«Сиқырлы жапырақ» ойыны

-Балалар менің қолымда не бар екен?

-Ол қайдан түсті?

-Түсі,пішіні қандай екен?

Тыныс алу жаттығуы

«Жапыраққа үрлейік»

-Күз мезгілінде бау-бақшада нелер пісе

ді?

Дидактикалық ойын: «Жеміс пе,көкөніс пе?»

Мақсаты:екі себетке жемісті бір бөлек,көкөністі бөлек ажыратып салу.

Саусақ жаттығуы

Сәбізді алып тазалаймыз

Үккіштен үгіп майдалаймыз

Қант сеуіп дәмдейміз

Қаймақ салып сәндейміз

Міне дайын нәр тағам

Дәруменге байыған

Дидактикалық ойын: «Не артық»

Мақсаты: жемістердің арасындағы артық затты табу

Қорытындылау

Балалар бүгін біз не туралы өттік?

Кузде дала қандай түске боянады?

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Күз мезгілі туралы

Игереді: жемістер мен көкөністерді ажыратуды

Меңгереді: күзгі табиғат құбылысы жайлы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше